1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет97/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Abstract: 
The article deals with the problem of integrated learning, which allows to combine the goals of literature 
and history. For two integrated subjects will be analyzed ways of presenting the specific features of the training materials 
used in the classroom. Methods and techniques of the integrated lesson in literature and history are explained by the 
example of the disciplines "Kazakh literature" and "Russian literature".
Key Words:
method, approach, integrated lesson, literature lesson, program, interdisciplinary communication
Әдебиет және тарих пәндеріне байланысты мате-
риалдар тоғысып келгенде және екі пән бойынша де-
ректер мен мәліметтерді біріктіріп беру мүмкін болған 
жағдайда дуэт сабағы өткізіледі. Мәселен, «Бұқар 
жырау толғауларындағы Абылай» тақырыбындағы 
әдебиет сабағында бір мезетте екі пән бойынша 
білім тереңдетіліп беріледі. «Соңғы кездерде туыстас 
пәндерді бір арнада біріктіре оқыту тәжірибеге жиі 
еніп келеді. Сондай-ақ интегративтік оқытудың бір 
тәсілі – дуэт сабақтар, трио, гармония сабақтары да кең 
етек алуда. Әдебиет пәні тақырып ерекшелігіне байла-
нысты кейде тіл, тарих, музыка, бейнелеу өнері, гео-
графия пәндерімен дуэт, трио сабағы ретінде өткізіліп 
келе жатыр»[1, 10 б.].
Мазмұндық байланыстарды әдебиет сабағында ор-
нату мұғалімге оқушылардың білімін философиялық 
және әлеуметтік тұрғыда жалпылай қорытуға септігін 
тигізеді. Басқаша айтқанда, әдеби білімді қоғамдық-
тарихи, философиялық және көркем-әсемдік білімнің 
жалпы жүйесіне қосу, оны тереңдетуге мүмкіндік ту-
ады. Әдістемелік пәнаралық байланыстардың басқа 
түрі – қалыптасатын дағды мен ептілік, оқушылардың 
танымдық іскерлігінің жалпы тәсілдері негізіндегі 
ойлау операциялары бойынша белгіленетін бай-
ланыстар, яғни, операциялық байланыстар. Олар 
коммуникативтік іскерлік, шығармашылық, танымдық 
қабілеттіліктерді мақсатты дамыту арқылы және 
оқушылардың жұмыс формалары мен тәсілдеріне
түрлі жалпы талаптарды қою арқылы жүзеге асыры-
лады. 
Заманауи ғылыми-әдістемелік зерттеулерде тарихи-
әдеби деректердің, тарихи және әдеби білімнің 
өзара байланысының(А.В.Дановский, С.А.Леонов,
А.Ф.Лукаш, И.А.Подругина және т.б.) негізгі
бағыттары белгіленген. Белгіленген пәнаралық 
байланыстың мазмұнды негіздерінің болуы – қалыпты 
нәрсе. Оқытылатын пәннің ерекшелігі неғұрлым 
толығырақ пайдаланылса, бұл жағдайда пәнаралық 
байланыстарды қолдану көбірек дидактикалық 
әсер береді. Мәселен, Махамбет өлеңдерін оқытуда 


122
оқушылардың туған жерге деген патриоттық сезімін 
ояту мақсатында ақын поэзиясын көтеріліс тарихы-
мен тұтастықта қарастырған жөн. «Тарихи, әдеби білім 
негізінде жастардың отансүйгіштік рухани құндылық 
бағдарлары мен көзқарасы қалыптасады. Әдебиет пәні 
оқушыны тарих ғылымын жан-жақты зерделеп, жақсы 
түсініп білуге бағыттайды»[2, 31 б.]
Кіріктірілген оқыту – тақырып бойынша нақты 
деректерді, теориялық ережелерді терең түсіндіру 
үшін өнердің кейбір түрлерін, жапсарлас ғылымдарды 
тартатын құбылыс. Кіріктірілген сабақтарда әр түрлі 
ғылымдар және өнер туралы мағлұматтар бір-бірін тек 
толықтырып қана қоймай, оқушылардың пәнді оқуына 
қажет, ұғынуға керек маңызды кешен қалыптастырады. 
Кіріктірілген оқыту әдеби бағыттары әр түрлі 
жазушылардың шығармашылығын саралауға оңтайлы. 
«XVII ғасырдағы Франция әдебиетіндегі және өнердің 
басқа түрлеріндегі классицизм» тақырыбындағы орыс 
әдебиеті сабағында шығармашылық бағыттардың
тарихи тамырлары көрсетіліп, XVII ғасырдың 
көрнекті мемлекеттік қайраткерлері және өнер 
қайраткерлері туралы түсінік беріледі. Кіріктірілген 
сабақ шығарманы талдау сабағының жүйесіне кіре 
алады. Мысалы, А.С.Грибоедовтың «Ақылдың аза-
бы» шығармасын оқыту жолдарын, әдіс-тәсілдерін 
таңдауда әдебиетшілер мен тарихшылардың біріккен 
қимылы қажет. «М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі 
қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыздарын 
қалай қорғайды?» тақырыбындағы 11 сынып әдебиет 
сабағында «М.Әуезовтің «Бала Мұхтар» кітапшасы 
бойынша 
«Қорғансыздың 
күні», 
«Көксерек» 
әңгімелерінің жазылу тарихы туралы деректер 
жина», «Оқыған азамат» әңгімесіндегі кейіпкерлердің 
прототиптерін анықта(Жұмағұл – Смағұл Әмзеұлы, 
Ақтай – Ахмет Әуезов, Мейірхан – Мұхтар Әуезов)» 
деген тапсырмалар беру арқылы әдебиет пен тарихтын 
арасын біріктіру мүмкіндігі бар. Мұндай сабақтарды 
әдеби тақырыпты қорытындылау мақсатында өткізген 
тиімді. 
Көркем шығарманы тарихи-функциональды 
тұрғыда талдау жеміс береді. Өйткені шығарманы 
түсіндіруде оның әр дәуірдің оқырмандық санасында 
өмір сүруі назарға алынады. Бұл шығарманың пайда 
болу кезеңінде мәнсіз саналған, қазіргі уақытта мәнді 
болып табылатын жақтарына тоқталуға мүмкіндік 
береді. Мәселен, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-
эпопеясында тарихи-нақты тартыс маңызды емес, әке 
мен бала арасындағы тартыстың, қарама-қарсылықтың 
философиялық мәні маңызды болуы мүмкін.
Мектепте шығарма трактовкасын іздеуде неме-
се таңдауда психологиялық аспект ескеріледі, яғни 
оқушылардың қызығушылығын туғызу, мәтінмен 
жұмыста белсенді талдауға араластыруға деген 
қажеттілік. Сондықтан мұғалім үшін оқушылардың 
пікірін білу, олардың қабылдауын ескеру мәнді сана-
лады. Ереже бойынша, мұғалім оқушылардың наза-
рын өз беттерімен оқыған мәтіндегі түсінуге қиындық 
келтірген тұстарға аудартады. Мұғалім таңдаған кон-
цепция талдаудың фундаменті болып табылады, ол 
оқушылардың шығарманың түрлі идеялық-көркемдік 
жақтарына қатысты байқаған нәрселерін байланысты-
рады және біріктіреді.
Кейде, педагогикалық практикада кіріктірілген 
сабақтың «панорамалық сабақ» деген шартты атауы 
қолданылады. Себебі кіріктірілген сабақ кейіпкер не-
месе уақыт бейнесін әр түрлі ғылым немесе көркем 
шығармашылық позициядан түсіндіруді білдіреді. 
Кіріктірілген сабақта дәстүрлі кезеңдерге нақты
бөліну жоқ. Сабақтың жалпы дидактикалық үлгісінде 
– үй жұмысын тексеру, жаңа білімді хабарлау, ма-
териалды бекіту және қорытындылау тән. Осы оқу 
кезеңінің барлығы оқытылатын пәннің ішінде толық 
немесе жартылай вариативті үйлеседі. 
«XVIII-XIX 
ғасырлардағы 
жазушылардың, 
суретшілердің және тарихшылардың көзқарасындағы
Екатерина II бейнесі» атты сабақта әдеби шығармалар 
мен көптеген тарихи еңбектер негізінде орыс 
патшайымының образы сараланады. Кіріктірілген
сабақ Екатерина II тұлғасының және іскерлігінің, әр 
түрлі құпияларының ашылуын, патшайымның әр 
түрлі мемлекеттік және жеке өміріндегі оқиғалар ту-
ралы тарихи, әдеби материалдардың көп қатпарлы 
құрылымын, ішкі кезектесуін қолдану қажеттілігін
туғызады. Кіріктірілген сабақты өткізу ерекше тех-
нологияны талап етеді. Бұл ерекшелік оқушының 
кіріктірілген 
сабақтағы 
білімді 
шыңдаудағы
шығармашылық 
іскерлігін 
іске 
асыруымен, 
оқушының тұлғасындағы дарындылық пен жеке-
ше шығармашылық қабілеттілігінің танылуымен 
байланысты. Берілген сабақ түрі шығармашылық 
іскерліктің әр түрлі формаларының – ғылыми және 
көркем-эстетикалық мінезді, тұлғаның жанданған 
және шығармашылық елесінің дамуына, әсерлі 
әлемнің баюына себепші болатын ойлау, сөйлеу,
коммуникативтік іскерлікті талап етеді. Кіріктірілген 
сабақ барысындағы оқушының іскерлігі олардың 
тұлғасының рухани қалыптасумен, ішкі әлемінің бай-
ытылуымен байланысты.
Кіріктірілген сабақтарда тұлғаның шығармашылық 
даралығын дамытатын іскерлік-танымдық тәсіл 
алдыңғы қатарда болады. Кейде ол субъектіден
дәуірдің мәдени өміріне «сүңгуін» талап етеді, мұны 
қалай іске асырудың мысалы, «Көне гректік те-
атр» сабағындағыдай болмақ. Мұндай «сүңгудің» 
нәтижесіне – ол дәуір туралы және оның рухани 
компоненттері жайлы ақпаратты игеру ғана емес, 
сол дәуірде жазылған көркем шығармаларды толық 
танудағы және сөйлеу іскерлігін дамытудағы, оны 
байытудағы маңызды мәселенің бірі – сол дәуірдегі 
сөйлеу стилін игеру де жатады.
Кіріктірілген сабақтардағы іскерліктің екінші 
түрі дәуір контекстіне тура сүңгуді талап етпейді; 
оның көмегімен ол сырттай сараланады, яғни 
бүгінгі белсенді оқырманның және көрерменнің, 
зерттеуші-тарихшының, өнертанушының, экскурсия 
жетекшісінің, әдебиет сыншысының, биографтың, 
библиографтың, актердың, театртанушының көзімен 
зерделенеді.
Кіріктірілген сабақты құруда басқа да тәсіл бар, 
оны шартты түрде центрикалық дейміз. Бұл тәсілде 
деректер әр түрлі ғылыми тәртіпке және көркемдік 
шығармашылық, талқылау затының айналасына топ-
тасады. Мұндай топтың мақсаты – осы деректерді 
өзара салыстыру, ортақтықты және дәуірге тәндігін, 


123
өзгешелігін,жалпылығын 
анықтау, 
мемлекеттік 
қайраткерге немесе басқа тарихи тұлғаға, көркем 
шығармаға, талқыланған затқа, объектіні саралауға 
өзгеше тұрғыдан қарау, тек білімнің осы саласына 
тән өнердің тәсілдерін, оның көркем іске асуының 
тәсілдерін қарастыру.
Кіріктірілген әдебиет сабағын құрудағы 
центрикалық тәсілде орта ретінде тарих және 
әдебиеттану тұрғысынан оқушылар тобымен немесе 
оқытушымен түсіндірілетін шығармашылық мәтінді 
алуға болады. Сол сәтте «Өнертанушы» (өнертанушы 
рөлін атқаратын оқытушы немесе оқушы) әр түрлі 
өнер шығармаларындағы берілген сюжеттің іске 
асуының мүмкіндігін саралайды. Осылайша біз жан-
жақты түсініктеме аламыз.
Н.А.Некрасовтың «Ресейде кімге өмір сүру жеңіл» 
поэмасы оқырмандар тарапынан мәнерлеп оқылып 
жатқанда, мәтінін түсіндіруде тарихшы мезгілге
оқиғаларға, есімдерге, 1861 жылғы шаруалық 
реформаның реалиясына, әр түрлі қауымдық 
бағыттардың өкілдерінің оған қарым-қатысына ерекше 
көңіл бөледі. Әдебиеттанушы бұл жағдайда авторлық 
ұстанымды білдіретін шығармашылық тәсілдерді 
түсіндіріп, шығармашылық аспектіде Некрасов 
туындысындағы ертегілік бастама, саяхат, бақытты 
адамды іздестіру тәрізді фольклорлық әдістердің 
қолданылу ерекшеліктеріне назар аударады.
Кіріктірілген сабақтың(«панорама-сабақ») барлық 
белсенді қатысушыларының қызметіне материал-
ды дайындау, әр түрлі жанрда және түрлі монологтік 
пікір мен диалогтерді дайындау кіреді. Бәрінен бұрын 
кіріктірілген сабақтағы оқушылардың іскерлігін дұрыс 
ұйымдастыру үшін шынайы диалогтік қарым-қатынас 
орнату керек. Ғылымда диалогтің екі түрі ерекшелен
еді:эротақырыптық(әңгіме, сократтық диалог, емти-
хан) және дискуссияны, диспутты, таласты білдіретін 
эвристикалық. Ақпараттық және интерпритациялық 
диалогтер белгіленетін тағы бір классификация-
ны білу маңызды. Алғашқысы өзара білім жарысы-
на қатысушылардың білім деңгейінде ала-құлалық 
болған жағдайда пайда болады. Олардың білім 
деңгейлері бірдей болған кезде диалогтің екінші түрі 
іске асады. Диалогтік тілдесудің қатысушыларының 
пікірі әңгімелесушілердің пікірлерінен құралады, олар 
өзгелерге ықпал етеді. Демек, сабаққа дайындық ба-
рысында оқытушы диалогке қатысушылардың ортақ
қимылын әдеби материал және тақырып бойынша 
ұйымдастыру керек.
Кіріктірілген сабақтар оқушылардың сөйлеу мәнерін 
ғылыми негізде дамытуға мүмкіндік береді. Көркем 
мәтін және ғылыми сипаттағы материалдар негізінде 
оқушылардың 
стилистикалық(лингвистикалық, 
әдебиеттанымдық, 
өнертанушылық) 
ептіліктері 
жетіледі. Қазақ тілінің көркем бейнелеу құралдарымен 
және олардың әдеби шығармашылықтағы көркем 
ойлы функциясымен де әр түрлі ғылымда сөйлеу 
шеберліктері жетіледі. Бұл бағыттарға пән мұғалімі
оқушыларды сабаққа дайындау кезінде сүйеніп, сол 
негізде әдебиеттің өзге пәндермен, соның ішінде та-
рих пәнімен пәнаралық байланысын іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет