1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет114/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   176
Байланысты:
2-2018

ӘОЖ 001. 
 
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ АЛАТЫН 
ОРНЫ 
 
Нышанбек А.Н., Талипова С.С. 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ.,
n.aidana00@mail.ru 
Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым – 
қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр үлгісінде 
дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады.
М.Әуезов 
 
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға 
айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткержазушы, ақын әрі 
драматург Бейімбет Майлин – өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар 
берген бірегей дарын. Замандастары: «Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата 
отырып, жазудан бас алмайтын еді», - деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын 
жаста – қырықтың төртіне жетер жетпесте дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына 
қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін 


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
107 
ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», 
«Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі», «Кемпірдің 
ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық 
тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып 
табылады.
Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл адамдарының мінез-құлқын 
қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған ауқымда, терең білгірлікпен және шыншылдықпен 
жан-жақты суреттеді. Кедейінің болсын, байы мен орташасының болсын дәл, шынайы, 
типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді. Бейімбет 
жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмаларындағы сияқты, оқырманға езу тартқызып, 
сүйіндіріп отыратын ұтымды да шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен даралана, әсерлі де 
қызықты бола түседі. 
Бейімбет өмірде де, шығармаларында да лепірме қызыл сөзден тіпті аулақ болған адам. 
Ол туралы сөз айтқанда да көпіртіп сөйлеу келіспейтін сияқты. Әйтсе де осы жазушының 
туындыларын оқығанда, ол туралы ойлағанда көбіне-ақ сүйсініп қайран қаламын да тіліме асқақ 
теңеулер орала береді. Бейімбеттен қалған қазына — ұлан-байтақ тұтас бір өмір десек артық 
болар ма екен. Жазушы қалдырған дүниенің аумағы қандай ірі суреткерге де жеңіл жүк емес. 
Онда қазақ өмірінің тұтас бір ең қызықты дәуірі жатыр. Ол дәуір Қазан революциясынан бастап 
отызыншы жылдарды орталағанға шейінгі ел өмірі. Сол тарихи жаңару дәуіріндегі 
патриархалдық-рулық философиядағы қазақ шаруасының саяси, рухани өсуі, оның таптық, 
ұлттық психологиясындағы терең өзгерістер. Жазушы Бейімбетті — зерттеуші ғалымға теңеуге 
болар еді. Оның лабораториясы — бүкіл халық, зерттегені ел өмірі, адам характері, 
психологиясы. Майлин жасаған тамаша характерлерді санап шығудың өзі оңай емес. Оның 
шығармаларында сан алуан естен кетпес бейнелер жүр. Сол кезде заман туғызған біраз 
характерлер қазір біздің арамызда жоқ, заман өзгере келе адам да өзгереді. Сондықтан да 
соларды, кәдімгі арамызда жүргендей жанды қалпында сақтап қалған жазушыға көптен көп 
рақмет айтқың келеді. Жазушы болмаса сонау жылдардағы қазақ шындығы туғызған талай 
қайталанбас қызық-қызық бейнелеp біздің әдебиетімізге келмес еді. 
Майлиннің бізге үлкен өнеге болатын көркемдік қасиеті — қарапайымдылығы. Онда 
өзі бастаған жас әдебиетке тән әшекейге, бірден бетке ұратын арзан әсерге құмарлық жоқ. 
Оқиға таңдауда да, сөз өнерінде де ол әсіре қызыл атаулыға жат. Кісіні тайғанақ мұзға 
тағасыз түскен аттай сырғытып әкететін сөзде дыбыс қуалау, үстеме теңеу, эпитеттер, 
арзанқол афоризмдер Бейімбет тілінде кездеспейді. Ол өз ойын ұғындыру үшін, яки 
кейіпкерінің бейнесін, қимыл әрекетін беру үшін орағытып теңеу іздеп, тап баса алмай жанай 
сипап жүрмейді, қарапайым ұтқыр сөзбен қолға ұстатқандай образдар жасайды. Майлин 
шығармасының қарапайымдылығы кейбір жазушыларда болатын қарадүрсін, oй мен суретке 
шорқақтық емес, сөз парқын білген, көркемдік табиғатын түсінген кексе шеберлік. 
Бір ескеріп ойға алғым келгені бізде қалыптасқан үстірт ұғымдар бар. Кейде төмен 
қол өлеңдер мен прозаны оқығанда «бұл баяғы отызыншы жылдардың дәрежесінде екен» 
дейміз. Сонымен жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы яки одан арғы әдебиет дәрежесінің 
төмендігіне қол қоятын сияқтымыз. Ал енді мына қайшылықты қараңыз. Сонау Абайды 
айтпай-ақ қояйын. Ал, отызыншы жылдарда жазылған Ілиястың «Күйші» поэмасын алып 
қараңызшы. Формасының сом тұтастығы жағынан, от екпінді жырға қиыннан келіп қиысқан 
психологиялық нәзіктігі, тереңдігі жағынан осыған тең түсетін қазақ өлеңімен жазылған 
шығармалардың қаншасын атай аласыз? Әрине, әдебиет әрқашан дами бермек. Бірақ 
әдебиеттің даму жолы тақтайдай жазық, ылғи өрге тартылған тіке сызық емес. Өмір сияқты 
оның да ылдиы мен өрі бар, бұлтарыс бұралаңы бар, шытырман күрделі жол. Мұнда 
бүгінгінің бәрі кешегіден міндетті түрде артық бола бермейді. Тереңірек ойлап қарасаң бұл 
әдебиеттің ілгерілеу тенденциясына қайшы келмейді, қайта тамаша туындылардың өлмес, 
өміршіл қабілетін айқындай түседі. 
Жазушының шеберлігі оқып, үйренуден ғана емес, бүкіл талантының табиғатында 
жатыр ма деген ойға келесің. Абзалы солай болса керек. Бейімбет ғажап юморист. Оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет