1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет170/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   176
Байланысты:
2-2018
жүз елу миллион – Яндекс Переводчик – словарь и онлайн перевод на английский, русский, немецкий, французский, украинский и други, кітап көрмесінің жинағы 15, MakhashGaukharAbdugapparkyzy, Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»-emirsaba.org, open-file, Таблица соответствия Классификатора специальностей высшего и послевузовского образования РК , АКТ қысқартылған 23-24 , ЭМ 14 апта тапсырмасы
«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
162 
Cуpeт 1 – Тұpaқты тoктa мaгнeтpондық жiктeу жүйeciнiң cүлбeci. 
1 – тoзaңдaту кaмepacы, 2 – төceнiштi ұcтaғыш, 3 – төceнiш, 4 – aнод, 5 – ныcaнa, 6– 
aнoдтың тeфлондық ұcтaғышы, 7 – мaгнит, 8 – гaз жiбepiлeтiн түтiкшe, 9 – тұpaқты тoқ көзi, 
10 – copу түтiкшeci. 
Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру экономикалық тұрғыдан өзекті 
мәселе болып табылады. Әсіресе көміртек легірленген аморфты кремнийден жасалған күн 
элементтерін энергетика саласында пайдалану жақсы жолға қойылған. Тәжірибеден 
алынып, зерттелетін а-Sі:С:H қабықшасы күн элементінің бір қабаты болып табылады
сондықтан осы қабықшаны зерттеудің маңызы зор. а-Sі:С:H қабықшасы тұрақты тоқтың 
күлгін разрядында кремний және көміртектен жасалған нысананы аргон және сутегі 
қоспасымен магнетрондық әдіс арқылы соқылай отырып алынатын атомдарды араластырып 
қыздырылған төсенішке орналастырылады. Тәжірибе ВУП-5 әмбебап камерасында 
орналасқан үш электродты магнетрондық жүйеде жасалынды.
Кремний, шыны, кварц төсеніштерінің температурасы 1000С-3000С аралығында
өзгертілді. Температура хромель-алюмель термопарасы арқылы өлшенді. Орналастыру 
процесіне қажетті қуат тұрақты токтың коректендіру көзінен берілді. Оның кернеуі 400-600 
В тогы 20- 30 мА шамасына тең. Осының нәтижесінде күлгін разрядта алынған радикалдар 
(С, H, С-H, С-H2, С-H3,), (Si2-H2,Si-H,Si-H2,,Si-H3,) плазмада қосылып қыздырылған 
төсенішке орналастырылады. Қабықшалардың беттік құрылымы атомдық - күштік 
электрондық микроскопия арқылы зерттелді. Жоғары температурада орналастырылған a-
Si:C:H қабықшаларының беті тегіс, ал төменгі температурада алынған қабықшаларда тік 
өскен діңгекті кеуек құрылым байқалады ( 1-сурет) а-Sі:С:H қабықшалардың негізгі 
құрылымдық және оптикалық қасиеттері рамандық спектрлік әдіспен зерттелді. a-Si:C:H 
қабықшасының комбинациялық шашырау спектрі 2-суретте көрсетілген. Бұл суреттегі 1100 
см-1 шыңы (Si-C ) кремний мен көміртек байланысын сипаттаса , 1400 см-1 и 1600 см-1 
сәйкес шыңдар (С-С) көміртек пен көміртек байланысын көрсетеді, 2100 см-1 әлсіз шың
(Si-H) кремний мен сутек байланысын, 3000 см-1 маңындағы жалпақ шың С-Н көміртек пен 
сутек байланысын анықтайды. Соңғы екі шың a-Si:C:H қабықшасының аморфты екендігіне 
дәлел. 
1-сурет 2 -сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет