«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
90
Ключевые слова:
изучение новых слов, изучение языков, обучение, воспитание
поколения поколений, обучение детей.
Мектепалды даярлық балаларының сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де,
бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен
мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің
басты ісі. Бүгінгі оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек
дегенде, ең бастысы сабақ формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа
әдіс
тәсілдерін жетілдіру.
Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте».
Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге,салт – дәстүрін сақтауға
мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік
тілді үйренуге ынтасы зор. «2050 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік
тілде сөйлеуге міндетті.
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай
білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепалды даярлық балаларын тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін
дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-
қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектепалды даярлық кезеңіндегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл
дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен
таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге,
өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта
отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып
отыруы тиіс. Сұлтанмахмүт Торайғыров
Достарыңызбен бөлісу: