1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет96/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   176
Байланысты:
2-2018

 ойындар: 
Төрт құбылыс
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» 
десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын 
түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады. 
Көңілді шеңбер
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде 
балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды 
қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп 
сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. 
Орныңды тап
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап 
алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді 
(белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай 
орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған 
балалар ойыннан шығарылады. 
Ойыншықты сипатта
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). 
Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты 
жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін 
есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала 
ойынды әрі қарай жалғастырады. 
Сөзді есіңде сақта
Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. 
Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша 
қалған сөздерді түгел айтып шығу керек. 
көктем – жаңбыр
жаз – күн шықты
аспан – бұлт
жер – шөп
Сонымен қатар 
ойын 
барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас 
жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды 
таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. 
Тәрбиеші балалармен ойынды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет