1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет17/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
18 
Бұдан кейін саптыаяқтың тұрмыста қолданылуы, өмірдегі кажеттігін образды сурет 
арқылы көзге елестетіп, соңында ақын қарапайым ғана ыдысты – қазақ бағзыдан тұтынып 
келе жатқан саптыаяқты — бірнеше метафора арқылы жәдігерге, символға айналдырады: 
Құс ұясын түзеді. 
Тайымды ағам күзеді. 
....Ел ешкісін қырқыпты 
Егіндерін жыртыпты. [3,126 б.] 
Осындағы жүрек шымырлататын сезім қандай ізгі десеңізші. Су диірмен, қақпан, 
домбыра, экскаватор, элеватор, трактор туралы өлеңдері аталған бұйымдардың тапқыр 
бейнеленуімен қызық.
І. Жансүгіров шығармашылығының жаңалығы – тың образдарды, ұлттық тілдің 
көркемдік қазынасын молайтатын, ұлттық бояуға табиғи, терең қанықтырылған, қапысыз 
суарылған образдылықты дүниеге әкелуінде, қазақ тілінің қазынасын еркін, табиғи 
пайдаланып, осы тілдің көркемдік көкжиегін кеңейтуінде, сөз жасау, образ жасау 
мүмкіндіктерін күштеусіз еркін, табиғи толықтыруында, молықтыруында [4, 33 б.]. 
Қорытындылайтын болсақ, Ілиястың кейінгі мол арналы, терең ағысты 
поэзиясындағы туырылып жатқан көркемдік кестелер, таудан түскен селдей жөңкілген 
ырғақтар, бедері тозып, бояуы кетпеген, алтын-күмістей сылдыраған сөз айшықтары, інжу-
маржан, лағыл-гауһарша жарқыраған теңеуі, метафора, эпитет байлығы, асыққа құйылған 
қорғасындай дәлдік, шапқан аттың, соққан желдің екпініндей жігерлі жыр, терме, толғаулар 
ғасырлар бойы халық таланттарының небір өрен жүйріктері жасаған асыл байлықтар 
қазынасынан, фольклордың мұхиттай мол да құнарлы қазынасынан келген болатын. Оның 
қаламынан туған классикалық поэзия үлгілері - әдебиет көшін белгілі бір белеске көтеріп 
тастаған кезеңді шығармалары, қазақ поэзиясының төрінен ойып тұрып орын алады. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы "Санат", 1997. 
2.
Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана," Күлтегін "баспасы, 2002 -528 бет. 
3.
Қазақ әдебиеті. II бөлім: Оқулық –Астана: Фолиант, 2007. -284 бет. 
4.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 7 том Алматы. ҚАзақпарат., 2004 -426 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет