1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет14/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   176
Байланысты:
2-2018

 


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
15 
ӘОЖ 001. 
 
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ – ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ «ҚҰЛАГЕРІ» 
 
Аманбаева А.С, Батырбекова І.Н., Сейсембай Г.А. 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай қ. 
mira_2831@mail.ru 
 
Ілияс Жансүгіров ақындығының арнасы кең ашылуына ықпал жасаған екінші бір күш 
– Абай поэзиясының дәстүрі. Сөйтіп, Ілияс Жансүгіров ақындық өнерін осы үлкен екі 
арнадан бастайды. Халық өмірін реалистікпен бейнелеген дарынды қалам иесінің әр 
жанрдағы туындыларының ішінде ерекше жарқырап тұрған оның поэзиясы ұлттық 
әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. 
Кілттік сөздер: 
жаңа әдебиет,
 
халық өмірі, идеялық шығармашылық, гуманистік-
адамгершілік идея. 
Другой силой, которая способствовала широкому открытию поэзии поэта Ильяса 
Жансугурова, была традиция поэзии Абая. Таким образом, Ильяс Жансугуров начинает свое 
поэтическое искусство этими двумя великими каналами. Его поэзия является одним из 
классических богатств национальной литературы, что особенно поражает среди всех 
жанров талантливого человека, изображающего жизнь людей. 
Ключевые слова: 
новая литература,
 
народная жизнь, идеологическое творчество, 
гуманистически – нравственная идея. 
Қазақ жаңа әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иелерінің бәріне 
тән ортақ асыл қасиет – көп қырлылық, поэтикалық шеберлік. Бұл ерекшелікті ақын, 
драматург, прозаик Ілияс Жансүгіров шығармашылығынан да көруге болады. Халық өмірін 
реалистікпен бейнелеген дарынды қалам иесінің әр жанрдағы туындыларының ішінде 
ерекше жарқырап тұрған оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының 
қатарына жатады. Қазақ публистистикасының қалыптасуына зор үлес қосқан, Қазақстан 
Жазушылар Одағын басқарып белсене қатысуы да қаламгердің азаматтық келбетін көрсетеді. 
Ақынның терең идеялық шығармаларының танымдық-тәрбиелік мәні зор, олар қалың 
оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат 
беріп, гуманистік-адамгершілік идеяларды толғайды. Ілиясты ақындық өнер жолында алғаш 
қанаттандырған құдіретті күш – халық әдебиетінің бай дәстүрі. Ол өмірінің соңғы күндеріне 
дейін халық поэзиясының мөлдірінен мол сусындап, творчествалық жолмен қажетіне жарата 
білген ақындардың бірі. 
Ілияс Жансүгіров ақындығының арнасы кең ашылуына ықпал жасаған екінші бір күш 
– Абай поэзиясының дәстүрі. Сөйтіп, Ілияс Жансүгіров ақындық өнерін осы үлкен екі 
арнадан бастайды. 
Ілияс Жансүгіров – лирик ақын. Туған табиғатқа, арқырай аққан Ақсуға, сайраған 
бұлбұлға, аспандағы құсқа әнін қосқан әншіге, халық тіршілігі, арнасына сыймай, сыртқа 
бұлқына лықсыған әлеуметтік оқиғаларға арналған жырлары ақынның шеберлігіне дәлел 
бола алды. Әйтсе де оның бойындағы ақындық қуаттың бұрқырап көрінуі 1916 жылы Абай 
поэзиясын оқып, дәстүрінен үлгі алғаннан кейін, ұлы ақынға еліктеуі, сол кезде туған өлең 
өрнектерінде екпін – ырғақ ,ұйқастарын былай қойғанда, өзін қоршаған өмір мінін "Абайша 
көріп", "Абайша сынауға" талпынысынан аңғарылады. 
Ұлттар достығын өлеңге арқау етуде Жансүгіров та көш соңында қалмаған. Достық 
пен ынтымақ – бейбітшілік елшісі, берекенің бастауы. Сондай тақырыпқа арналған 
"Жанартау", "Саясат қошқарлары", "Гималай" өлеңдері – халықаралық тақырыпты тербеген 
саяси, әлеуметтік астары терең жырлар. "Гималай" толғауы (1929) көркемдік қуаты көтерген 
идеялық жүгі жағынан Ілиястың ғана емес, күллі қазақ поэзиясының кезеңдік зор табысы, 
халықаралық тақырыпқа жазған шығармаларының шыңы. Ол көтерген тақырыбы жөнінен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет