1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет15/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
16 
саяси лирикаға жатқанымен, онда Ілияс секілді тау перзенті, ұлы дарын иесі ғана сала алатын 
табиғат суреті мен лирикалық сезімдер тоғысып кеткен. Өлеңнің атынан кейін жақшада 
"Жаһангер жайлаған Шығыс" деген түсінік берілген. Гималай, әне, сол жаһангер, яғни 
империалистердің отары болып, аяғы астында тапталған бүкіл шығыстың жиынтық, 
символдық бейнесі ретінде алынған. Алдымен ерекше көзге түсетіні - өлеңнің құрылымдық 
жаңалығы мен асқан ақындық қуатпен көркем өрілгені.Әсіресе, осылардың ішінде 
"Гималайы" - диалог түрінде жазылған, үлкен ақындық күштің қуатынан туған дүние. 
Гималай – көктің кіндігі, 
Гималай – жердің түндігі. 
Мұз туырлық , қар үзік, 
Түрілмеген бір күні. 
Ол құлаған құландай
Күшіген , қорқау, құмайдай 
Жемтігіне жабысқан.
Ақынның "көктің кіндігіне", біресе " жердің түндігіне" балап, атын қолма – қол 
заттандырып, тауға көл – көсір мағына бергенінен метафораны көре аламыз. Ал,тәуелсіздік, 
бостандық ауасын аңсап,"күшіген, қорқау, құмайдай" деген теңеуден өзіне енді тап берген, 
алып күштің қозғалуынан образ жасап бейнелеп, Азия елдерінің отаршылдық езгісінен азат 
болатынына меңзеген [2, 221 б.]. 
Ілияс Жансүгіровтың ендігі мына шумақ өлеңінде де: 
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз, 
Ақ қоян, бозша байтал , ақша нар қыз. 
Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға, 
Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз. 
Мұндағы саңлақ ақынның шабыты тау өзеніндей тасыған тұста ауыстырулардағы 
алшақтық түгіл қарама – қарсылықтар да сымға тартқан күмістей сылдырап, керемет келісім 
табатын секілді: сұлу қыз алтын түлкіге не кер маралға балана ма, ақ қоянға не ақша нарға 
балана ма, әсіресе, тіпті, бозша байталға балана ма, бәрібір, біздің көз алдымызда жан 
тебірентер сұлу суреттер ғана тұтаса жайылып, Қыз Жібектің аңызға айналған көшіндей 
тізбектеліп өте береді. Бұл да- өлеңдегі ұлғайған метафораның әсері, құбылтудың күші. 
Ілияс Жансүгіровтың " Күйші " поэмасындағы: 
Ұшырып жер бетінен жазыққа айдап
Бұрқылдап бірде әлсіреп, бірде қайнап, 
Құмайдай түлкі қуған құлдыраңдап, 
Қырандай түлкі алатын көзі жайға 
Бурадай кейде аузын қарш – қарш шайнап, 
Ойнақтап, оқ жыландай андығайлап. 
Тұлпардай жер тарпыған пысқырынып, 
Жорғадай майда дауыс, кейде маймақ, — деген жолдардағы 
«құмайдай», «қырандай», «бурадай», «оқ жыландай», «тұлпардай», «жорғадай» деген 
сөздер теңеу үлгісінде пайдаланылып, поэманың көркемдік шеберлігін көркем, айшық, 
орамды тілмен жеткізе білген [2, 223 б.]. 
Үй іші сап-сары ала, жапқан зері, 
Ақкүміс, ауыр тұрман қын зергері. – деген жолдардағы, 
және: 
Көздері көрген көптің еткенде жалт
Қан басты жерді – көкті қып-қызыл нарт, - деген «Күйші» поэмасынан алынған 
жолдарда «сап-сары», «қып-қызыл» сөздерінде эпитет өте жақсы қолданылған. Ақын 
жанының нәзік сезімталдығы, жанарының қырағылығы, құлағының дыбыс талдағыштығы, - 
соның бәрін айнытпай түсіріп, бейнелеп берген суреткерлігі таңдандырады. 
Ілиястың туған жері туралы айтыла қалса, алдымен "Ағынды менің Ақсуым" еске сап 
ете қалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет