1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   176
Байланысты:
2-2018

ӘОЖ 82.015:39 
 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒАНЫҢ КЕЙІПКЕРГЕ ҚАТЫСЫ 
 
Арсалан А. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
arsalan.aidana@maіl.ru
 
 
Мақалада шығармашылық тұлға және оның кейіпкерге қатысы мәселесі Асқар 
Алтай прозасы арқылы қарастырылады. 
Кілттік сөздер:
 Шығармашылық тұлға, проза, жазушы, кейіпкер. 
В данной статье рассматривается особенности отображения творческий личности 
писателя Аскара Алтая и изображения героев его прозы. 
Ключевые слова:
 Творческая личность, проза, писатель, герой. 
 
Шығармашылық тұлға мәселесі әдебиет теориясы мен шығармашылық психологиясы 
пәндерінің және одан әлдеқайда ауқымды пәнаралық зерттеу аясының ортақ нысаны болып 
табылады. Суреткерге тән психология, жазушы лабораториясы сияқты қызғылықты 
мәселелердің маңыздылығы олардың көркем әдебиетке өзек болуынан байқалады. 
Осылайша, әдеби көркем өнер де өз тарапынан шығармашылық тұлғаның тылсым-құпия 


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
19 
қырларын ашуға үлес қосып, оны адамтану, дүниетану дәрежесінде зерделеуге ден қояды. 
Ал әдебиеттанушылық тұрғыда бұл мәселе туынды мәтінінде шығармашылық тұлға көркем 
бейнесінің сомдалу ерекшелігін барлауға бағытталады. Осы ретте өзінің күрделі де бай 
мазмұнымен айрықша келетін өнер иесінің нанымды көркем мүсінін сөзбен сомдау 
қаламгерден мол шығармашылық тәжірибе, көркем шеберлікті қажет етеді.
Шығармашылық тұлға мен автордың ара қатысы, тұтас әдеби тұлғаның көрініс табуы 
қоғамдық-әлеуметтік қатынастар мен жазушы болмысының, оның дүниеге көзқарасымен, 
көркемдік шеберлігімен ұштасып жатады. 
Шығармашылық тұлға туралы туындыларға талдау жасағанда әдетте негізге 
алынатын тұлғаның таланты өз ата-анасынан немесе нағашы жұртынан гендік тұрғыдан 
келген дүние екендігіне, сондайақ онан әрі өскен ортасы, тәрбиесінің ықпалына баса назар 
аударылып жатады. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі кезеңдегі қазақ проза жанрының 
салмақты өкілі Асқар Алтайдың ата-тегінде тектіліктің бар екендігін мойындауымыз қажет. 
Марқакөл өңірінде бес мыңнан, жеті мыңға дейін алалы жылқы біткен Шонжырбай 
бай – Асқар Алтайдың арғы атасы. Одан – Жылқышы, Жылқышыдан – Алпысбай, 
Алпысбайдан – Құмар – Құмардан – Асқар. Алпысбай атақты Шәкәрімнің ұлы Зиятпен дос 
болған. Шығыс Түркістан Республикасы басшыларының бірі Сәліспен Семейде бірге оқыған. 
Арғы бетте генерал Мажунин дүнген көтерілісіне басшылық еткенде, оған қазақтар да 
қатысқан. Алпысбай ел басына күн туғанда әкесі Жылқышыдан қалған бес жүзден астам 
қыл-құйрықтан көтеріліске қатысқан қазақ жігіттеріне қосарлап ат та мінгізген. 
Алпысбайдың ұлы Құмар Мәскеу төңірегіндегі атақты Диверсиялық барлау 
мектебінің Шығыс барлау бөлімде (1936-1942) оқыған. Сонда жүріп Кейес өкіметінің қатал 
барлаушылық тәжірибесінен өткен. Қытай, моңғол, тибет, ұйғыр, орыс тілдерінде еркін 
сөйлеп, еркін жазған. 1942 жылы генерал Дәлелхан Сүгірбаевтың кеңесшісі ретінде Зайсан 
шекарасы арқылы Шығыс Түркістанға өткен. Ол тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын 
құрысып, Алтай аймақтық Сақшы бастығы қызметіне тағайындалады. 1951 жылы Оспан 
батыр ұсталғаннан кейін Құмарды қызметінен алып, Кеңес одағының ұйғаруымен Пекин Заң 
университетіне білімін көтеруге жібереді. Ол сол кездегі қазақтар арасында жоғары білімді 
заңгер азаматтардың санаулыларының бірі еді. Асқар Алтайдың текті тұқымнан тарауы оның 
өмірінің құнарлы болуына негіз болды деп айта аламыз.
Қазір шығармаларын Асқар Алтай атымен жариялап жүр. Жақсы таңдап алған, 
әдебиетшілерде бола беретін нәрсе. Асқар Алтай деген ат әдеби тұлғасын көрсететін атау болып 
қалды»,– дейді замандастары. 
Асқар Алтайдың шығармашылығын үш бағытта қарастыруға болады: біріншісі, тарихи 
тақырып, екіншіден, шығармалары мифтік сюжетке негізделеді, үшіншісі, қазіргі қоғамға арнап 
жазып жүр. Бірақ бұлар жеке-жеке емес, бір-бірімен байланысып, бір-бірімен кірігіп кеткен. 
«Қыр мен қала хикаялары» атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998), «Алтай 
новелласы» атты прозалық жинағы (2001), «Нарық нақыштары» (2003) және «Қызыл бөлтірік» 
(2006) атты ұжымдық жинақтарда прозалық шығармалар, «Казино» әңгімелер жинағы (2008) 
жарық көрген. Екі-үш романы бар. Қырыққа жуық бір кітапқа сыйған әңгімелері бар. «Казино», 
«Түсік», «Кентавр», «Киллер сауысқан», «Стақан», «Шаһид», «Мәйіт», «Тұл», «Лайбаран», 
«Дық», «Салбурын», «Қабірші», «Прописка», «Мар», «Мең-зең» және т.б. [1].
«Қызыл бөлтірік» (повестер мен әңгімелер, 1997) Халықаралық Сорос қорының бас 
жүлдесі грантын жеңіп алған. Қазақстан Жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар 
форумының (1989, 1990), Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби 
сыйлығының лауреаты. 
Асқар Алтайдың «Прописка» әңгімесінің тақырыбы да желтоқсан. Урбанизация – 
қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері. Пропискаға отырудың соры. Қала қазақты 
қабылдағысы жоқ. 
А.Алтайдың «Түсік» әңгімесінің көтерер жүгі салмақты. Қазақ халқының ежелден бергі 
ұрпақ қамын ойлаған қасиетті қағидаларының аяққа тапталуы ұлтқа төнген қасірет екенін 
меңзеп отыр. Сол үшін де келе жатқан «Ана – тіршілік бастауы», «Жатыр – адам мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет