1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет20/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
21 
бірін-бірі бастырмалап жатуы, үдемелі сипат романның өн бойынан кездесетін үлкен ерекшелік» 
[3,132 б.]. Өмірде адамның ішкі әлемі сыртқы әлеммен тікелей байланысты. Оның жан-
дүниесінің күрделілігі мен қайшылығы, түптеп кеглгенде, сыртқы өмірдің күрделілігі мен 
қайшылығынан туындайды. Сондықтан, Асқар Алтай прозасында кейіпкерлер психологиясы 
белгілі бір тарихи оқиғаның баяндалуымен астасып жатады. Олардың уайым-қайғысы, ой 
толғамдары сол оқиғалардың салдары есебінде беріледі. 
Шығармашылық тұлғаны көрсетудің тағы бір тәсілі жекелеген диалогтарды пайдалану. 
Әдетте жазушы атқарған қызметін, іс-әрекеттерін, басқалармен қарым-қатынасын, тұрмыс-
тіршілігін, шығармашылық жолын, жалпы айтқанда өмір өткелдерін, көңіл-күйін, көбіне, өз 
атынан бірінші жақта баяндаса, қайсыбір жағдайда айналадағы араласқан адамдардың ара-
қатынастары арқылы да суреттеп, образдар жүйесін құрады. 
Диалог арқылы бас кейіпкер немесе оның айналасындағы шығармашыл тұлғалардың 
мінез-құлқы, дүниетанымы ашып көрсетіледі. Әсіресе, бас кейіпкердің мінез даралығы осы 
диалог арқылы көрініс тауып отырады. Және де, диалог арқылы берілетін кейіпкердің сезімі, 
көңіл-күйі, эмоционалдық-психологиялық нюанстар, интонациялық өзгерістер мен түр-
әлметіндегі өзгерістер, ым, ишаралар кейіпкер мінезін ашуға көп көмектеседі. Соңында 
авторлық түйіндеулермен көмкеріледі. Көркем шығармада, әсіресе, көлемді туындыларда 
кейіпкердің түсінік-танымын суреттеуде өте ұтымды тәсіл екенін ғалым Б. Майтанов: 
«Сюжеттік-композициялық құрылымы күрделі, оқиғалық желілер кең тартылған шығармада 
қаламгер тарапынан уақыттың шапшаң ырғағын сақтай отырып, баяндау жүйесіндегі 
біркелкілікті бұзу талабы басым. Бұл орайда диалог романның тартыстық сфераларын, 
фабулалық материалды жедел де толымды қамту үшін әрі ең бастысы адамдардың түсінік-
наным, мінез-құлқын, рефлексологиялық қасиеттерін ықшам да шынайы суреттеу үшін 
таптырмас құрал болған» 

4, 262 б.

.
Жазушының табиғат пен адамның көңіл-күйін қатар алып суреттеуі, кеңістік, ырғақтың 
ойнауы арқылы санаға тікелей ықпал етеді. Жазушының басқа да туындыларындағыдай 
кейіпкер психологиясының ашылуы олардың сөйлеген сөздері арқылы, іс-әрекеттері, ішкі 
монолог, психологиялық диалогтар, ым-ишарат, жест, бет құбылысы, дене қозғалысы, 
психологиялық пейзаж, параллелизм, деталь, портрет, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзіндік 
таным және т.б. арқылы жүзеге асып жатады. 
Әдебиеттің негізгі нысаны – адам болмысының сан қырлы құпиясын ашуда қарымды 
қаламгер психологизм үрдісінің өзіне тән айшықтарын қалыптастырған. Шығармашылық жолы 
көркемөнерге қасаң талаптар қойылған тұста дамып, өркендегенмен, өз заманынан оқ бойы озық 
тұрудың әдісін тапқан суреткер кейіпкер жан дүниесіне үңілуде жалпы адамзаттың өркениет 
қалыптастырған ізгі дәстүрлерін ұстанған. Әрі оны өзіндік өрнегімен байытқан, жоғарыда 
талдап көрсеткеніміздей, адам жаратылысындағы ішкі-сыртқы қасиеттердің көркемдік мәнін 
түрлендіре, құбылта көрсету жолымен өз кейіпкерлерінің жан әлемін жарқырата көрсетіп, 
оқырман жүрегіне бойлай білген. Автор табиғат пен әрекетті салыстыра отырып, биік талғаммен 
бейнелейді. Бұл – жазушының оқырманды баурап алу үшін қолданып отырған эстетикалық 
бағыттағы ұстанымы. 
Туындыда шығармашылық тұлға даралығының бір қырын оның характері арқылы ашып 
көрсетеді. «Характер – адамның ішкі ерекшеліктері» деген орыс ғалымының пікіріне сүйенетін 
болсақ, адамның болмыс-бітімі, мінез-құлқы, ішкі жан әлемі, дүниетанымы, дүниеге деген жеке 
көзқарасы оның характерін беретіні – шындық 

5, 383 б.

. Жазушы кейіпкерлерінің мінез-
құлқын, психологиясын олардың портретін суреттей отырып беру әдісін де қолдана білген. 
Роман болған оқиға, тарихи фактіге негізделгенімен көркемдік бояуын ешбір әлсіретпейді. Әрбір 
эпизодта көрініс беретін тарихи тұлғалардың, іс-әрекеттерін ғана әңгімелемей, олардың 
портретін, кескін-келбетін, психологиялық толғаныс тебіреністерін де суреттеп, толық тұлғасын 
танытады. 
Осындай суреттеулермен өзінің айналасындағы тарихи тұлғалардың характерін ашып 
беруге шебер. Одан басқа замандастарының характерін олардың іс-әрекеттері, қимыл-
қозғалыстарындағы кішкентай детальдармен ашып беруге тырысады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет