1. Қазақстанда Президент институтының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау



бет2/26
Дата21.11.2022
өлшемі189,27 Kb.
#159130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ

2020-2021 оқу жылына арналған
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша
2 межелік бақылау сұрақтары

  1. Қазақстанда Президент институтының енгізілуі және ҚР Президентін бүкілхалықтық сайлау.

Қазақстанда президент институтының негізін қалау арқылы мемлекеттілігіміздің дамуындағы жаңа бір кезең басталып, еліміздің демократиялық құндылықтар мен демократиялық саяси институттарды енгізуге кеңінен жол ашылды. Бірақ президент институты кеңестік саяси жүйеде бұрын-соңды болмағандықтан, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын анықтау барысында көптеген қиыншылықтарды бастан кешуге тура келді. Соның бірі – президент институтын ендіру бірден мемлекеттік басқарудағы түбегейлі өзгерістерге әкелген жоқ. Алғашқы жылдары жетекші рөл Жоғарғы Кеңес қолында сақталды. Президенттің басқа билік тармақтарымен қарым – қатынасын реттейтін механизмнің болмауы да біршама қиындықтар тудырды.Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қарама-қайшылықтар мен теке-тірестерді 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция шешіп берді. Қазақстан Республикасының Конституциясы президент институтына жетекші рөл берілетін мемлекеттік құрылысты бекітті. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды.
Қазақстан Республикасында президенттік басқарудың заңдық-құқықтық негізі қаланып, ол демократияландыру бағытындағы саяси жаңартуды жүзеге асыруда жетекші рөл атқаруда. Қазақстан Президенті бүгінгі күні мемлекет басшысы, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтаушы және Қазақстанды ел іші мен халықаралық қатынаста көрсетуші ең жоғары қызмет иесі болумен қатар әлем мойындаған көшбасшыға айналып отыр. Ал президент институты – еліміздегі демократиялық өзгерістерді жүзеге асырудың іргелі негізі.
1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күн іболды. Бұл күн - қазақ халқының алғаш рет еркін білдіріп, өз билігін өзі таңдап, дербестігін демократиялық сайлау арқылы мақұлдаған күн. Расында да дәл осы күні Қазақстан тарихында алғаш рет нағыз демократияға сәйкесетін бүкілхалықтық сайлау өтті, халық өзінің болашағын, мемлекеттің болашағын Президентке сеніп тапсыра алатынын алғаш рет сезінді. Осылайша, 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тарихында жаңа қоғамдық-саяси кезеңге қадам жасалды. Сайлау нәтижесі де Қазақстанның Тәуелсіздікті жариялауын күн тәртібінің кезекті маңызды мәселесі ретінде шығарды. Яғни, Тәуелсіздік тарихындағы ең шешуші қадамның бірі - Тұңғыш Президент сайлауы еді.

1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заңды қабылдады. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ ССР Президентін сайлау күні ретіндей белгілеген қаулы да шықты. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика басшысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды. Айта кетерлігі, Президент лауазымына үміткер ретінде сайлауға 3 кандидат ниет білдірген болатын. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов және Хасен Қожа-Ахмет. Кейіннен сайлау күніне аз қалғанда ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтынын мәлімдеп, сайлаудан өз кандидатурасын алып тастады. Ал Хасен Қожа-Ахмет өзін қолдайтын сайлаушылардың ең төменгі шегін жинай алмай, Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеуден бас тартты. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде бірден-бір кандидат болып шықты.Сайлауда ол сайлаушылардың 98,7 % дауысын алып, сенімді жеңіске жетті.



  1. ҚР Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңының қабылдануы және ҚР тәуелсіз даму стратегиясын қалыптастыру.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды. Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты. Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды.


«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады.
1997 жылы 1ші қазанда Қазақстан- 2030 Балық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы аты Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы- ұзақ мерзімге арналған даму стратегиясы жарияланды.
Келесі 2030 ға жетпей 2012 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан 2050 стратегиясы құрылды.

  1. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысының қалыптасуы және оның алғашқы Заңдарының қабылдануы.

ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігінің негізгі белгілері, мемлекеттік құрылымы. ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. ҚР-ның мемлекеттік құрылымының негізгі белгілері: тұтастығы жарияланған өз аумағының қол сұғылмауы мен бөлінбеуі; жергілікті және жоғары мемлекеттік органдарының болуы; халық, Парламент, Президент, Үкімет қабылдайтын Конституциясы; өз заңдары; өзінің азаматтығы; ҚР-ның дүние жүзі мемлекеттері жүйесіндегі тең құқылық орны. Мемлекет басшысы – Президентті ҚР-ның азаматтары сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынның негізгі бағыттарын анықтайды, елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді. Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары үкімет органы Парламент болып табылады. Парламент екі палатадан – Мәжіліс пен Сенаттан тұрады. Мәжіліс депутатарын азаматтар тікелей сайласа(М.Т.Оспанов), Сенат депутатарын мәслихат депутаттары сайлайды(президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады(Ө.Байгелді)). Қазақстан Республикасы Үкіметі (ҚРҮ) ел көлеміндегі атқару билігін жүзеге асырады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады. Оған министрліктер, мемлекеттік комитеттер, комиссиялар, бас басқармалар енетін орталық орган, сондай-ақ облыстық, қалалық аудандық, ауылдық әкімшіліктер кіретін жергілікті атқару органдары енеді. (Премьер-министрі:А.Ұ.Мамин) Атқарушы органдардың өкілеттілігі заңда, сондай-ақ тиісті құжаттарда айқындалады. Сот билігі:
ҚР Жоғары Соты ;Жергілікті соттар;Мамандандырылған соттар;Жоғарғы Сот төрағасы-Ж.Қ.Асанов. Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады.
Алғашқы заңдардың қабылдануы:Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекеттік заңдар шығаруға тиесілі.Осыған орай ең бірінші 1991жылы 16 желтоқсанда «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін құру туралы заңы» қабылданды.



  1. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы және олардың тарихи маңызы.

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. 1992 жылы 4 маусымды « ҚР мемлекеттік елтаңбасы туралы және ҚР мемлекеттік туы туралы» заң күшіне енді. 24.1.1996 Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген.
Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Әнұран - бұл мемлекеттің ресми символы, мемлекеттік елтаңба мен тудың музыкалық баламасы. Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.Әні: Шәмші ҚалдаяқовМемлекеттік әнұран - бұл республика егемендігінің, қазақстандықтардың бірлігінің ұлттық белгісі.



  1. ҚР Ата Заңының қабылдануы.ҚР 1993 және 1995 жылғы Конституциялары.

Тұңғыш конституция 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:халықтық егеменді,кмемлекет тәуелсіздігі,қазақ тілін мемлекеттік деп тану,Президентті мемлекет басшысы деп тану,сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.


Қазіргі конституция 1995жылы 30 тамызда Жалпы халықтық референдум негізінде қабылдандықабылданды Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.Конституция құрылымы 9 бөлім, 98 баптан тұрды.
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер.



  1. Қазақтардың дүниежүзілік Құрылтайлары және ұлттық идеяның өрістетілуі.

Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы


Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты.
1-нші құрылтай
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
2-нші құрылтай
• 2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
• Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
• Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды.
• 3-нші құрылтай
• 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
• Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
• Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.

7.Қазақстанды экономикалық қайта құрудың жасампаздық кезеңі және оның экономикалық саладағы алғашқы құжаттары.


Қазақстанды экономикалық қайта құрудың жасампаздық кезеңі және оның құжаттары
1980 жылдардың соңы – 1990 жылдардың басындағы орын алған тереңәлеуметтік-экономикалық дағдарыс КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуына,шаруашылық байланыстардың бұзылып, елде жұмыссыздық пен инфляцияның күрт өсуіне әкелді. Дағдарыс Қазақстан экономикасынтүбірімен қайта құру, нарықтық экономиканы қалыптастыру және жаңа экономикалық жүйеге тиесілі институттарды дамыту сияқты шешуші ісшараларды жүзеге асыруды талап етті.
. Әлемдік практика көрсеткендей кәсіпорындар мен компаниялар қызметінің нәтижесі мен тиімділігі олардың меншік формасына байланысты еді.Республика басшылығы нарықтық экономиканың басты принциптерінің бірі ретінде елде мемлекет меншігін тарату мен жекешелендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады.
Тәуелсіз Қазақстандағы Парламентаризмнің бастаулары және олардың Заң шығарушы қызметтері.

  1. 1995 жылғы Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті. Жоғары өкілді орган — екі палаталы Парламенттің құрылуына құқықтық негіз жасады.

1995 жылғы Конституцияға сәйкес парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенат өкілеттілігі — 6 жыл, Мәжіліс өкілеттілігі — 5 жыл. Осы уақыттан бастап кәсіби парламент қалыптаса бастады. Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасынан екі өкілден сайланады. Сенатқа 7 депутатты қоғамның ұлттық-мәдени және басқа мүдделерін ескере отырып Президент өзі тағайындайтын болды. Мәжіліс — 77 депутаттан тұрды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы — Марат Оспанов.


Қазақстан тарихында Парламент ең алғаш рет 1996 жылдың қаңта-рынан бастап тұрақты негізде заң шығару функциясын атқаруға кірісті. Конституцияның 3-бабының 4-тармағында «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады», — деп көрсетті.





  1. «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Стратегиясы және оның негізгі басымдықтарының жүзеге асырылуы.

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі басымдықтар бөліп көрсетілді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет