Қ.К.Тоқаевтың Президенттік қызметінің басталуы және «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауы
Байланысты: ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ
Қ.К.Тоқаевтың Президенттік қызметінің басталуы және «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауы.
Қасым-Жомарт Токаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатқаннан кейін,ел конституциясына сәйкес уақытша президент ретінде ел билігін қолға алды.Негізі президент болмай тұрып ол: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (2013-2019) болған.Кейін Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы — 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті.Осы сайлауға 7 кандидат қатысты.Сонымен осы кандидаттардың ішінен Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 пайыз дауысын иеленіп,жеңіп шықты.Ал ресми президенттікке 2019 жылдың 20 наурызынан бастап кірісті.2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президент ретінде алғашқы жолдауын 2 қыркүйекте жариялады.Оның тақырыбы: «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» болды.Ол мынадай бағыттардан тұрды:1) ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ.2) АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.3) ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА.4) ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ.5) ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ ЕЛ.
ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің тәуелсіз дамуы жолындағы еңбектері мен қызметі.
Жалпы ел болу жолында Нұрсұлтан Назарбевтың еңбегі аз емес.Сонау Қарағандыда кен қорытып жүріп,ел басшысы болған басшының еңбегі бүгінде ақталды.Ол көптеген игі бастаманың иесі атанды.Жалпы оның әлем тарихында қалатын еңбектеріне тоқталсақ: Оған Семей ядролық сынақ полигонын жабу, Қазақстанды ядролық қаруды таратпау ісінде көшбасшы мемлекетке айналдыру, халықаралық, өңірлік ұйымдардың құрылуына ұйытқы болу, 11 жыл бойы тоқырауда тұрған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін қайта жандандыру, Сирия шиелісін шешуге ұмтылу, түркі жұртын ортақ идея төңірегінде топтастыру бағытында атқарған ерен еңбектері жарқын дәлел бола алады.
Назарбаев Қазақстан халқының ассамблеясын,Астананы тұрғызған,Ядролық қарудан бас тартқан,Қазақстан-2030,Қазақстан-2050,Мәдени мұра т.б. игі бастамалардың авторы.