1. Қазақстанда Президент институтының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау



бет21/26
Дата21.11.2022
өлшемі189,27 Kb.
#159130
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ
63838066, Мадина А рк ответ, 53-67, 2 5366427762221393202, Международная конференция сборник, 223534, Мәдибаева-Қазақ-әдебиеті
ІІІ. «ҰЛТ РУХЫНЫҢ ДАМУЫ»
Ел бірлігінің үшінші негізгі қағидаты - біріктіруші және бекітуші бастау ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту.Рухани бастау - Ұлтты бір тұтастыққа біріктіретін күш. Халықтың рухы күшті болған сайын, оның мемлекеттілігінің де болашағы зор. Бұл - тарихтың және тағдырымыздың басты қозғаушы күші. Тап осы Ұлттық Рух кез келген елдің бет-бейнесін айқындайды, бағыт-бағдарын нұсқап, дамуына серпін береді.Біздің Ұлттық Рухымызды көтеру үшін негізгі басымдықтар мыналар: дәстүр мен отансүйгіштік рухы, жаңару рухы, жарыс пен жеңіс рухы.Ұлттың рухы халықтың өзіндік санасының бір бөлігі болып табылатын мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылықтар мен мәдениетке, тілге сүйенеді. Осы тіл, дәстүрлі құндылықтар мен қайталанбас төл мәдениетіміз халыққа жүздеген жылдар бойы демеу болып, оны тарих жолында тарап кетуден сақтап қалды. Бұлар бүгінде де бізді өзгелерден айырып, ерекшелейді. Әрі қайталанбас бір тұтас руханиятымыздың іргетасы болып табылады.Сондықтан да мәдениетті, дәстүр мен тілді жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі.Бұл, ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуге қатысты. Оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайтын ұмтылысы мен ынталануына айналуы қажет. Бұл - шешуші басымдық, рухани және ұлттық бірліктің негізгі факторы.
Бұған жету үшін мемлекет, әрқайсымыз, бүтін қоғам жауапкершілікті бөлісуі тиіс және қажетті әрі ұтымды мынадай шараларды қамтамасыз етуі керек:

  • Ұлт Рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздегі әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру;

  • мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру;

  • Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау;

  • ұлттың, мемлекеттің, қоғам және отбасының мызғымастығына бағытталған рухани дәстүрлерді, адамгершілік құндылықтарды, дүниетанымдық ұстанымдарды сақтау және нығайту;

  • ұлттық құндылықтар мен игіліктерге қамқорлық жасау;

  • жас ұрпақты сыйластық, отаншылдық, Еліне және халқына адал қызмет ету құндылықтары рухында тәрбиелеу;

  • әрбір адам өзінің білімін, қабілетін, кәсібилігін және бәсекеге қабілеттілігін үнемі жетілдіріп отыру;

  • қоғамның өмірлік маңызды барлық саласын одан әрі модернизациялауға байланысты бірлескен дәйекті жұмыстар жүргізу;

  • Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру.




  1. Қазақстандағы құқықтық саясаттың жүзеге асырылуы. ҚР құқықтық саясатты жүзеге асырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы.

Елбасымыз Н.Назарбаев 2009 жылғы 24 тамызда «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды. 10 жылға межеленген ұзақ мерзімдік құжат құқықтық жүйенің барлық саласын жетілдіруді көздейді.
Жүргізіліп жатқан реформалар негізінде елімізде демократиялық және құқықтық мемлекеттiң сұранысына сай келетiн құқық қорғау жүйесi қалыптасып, оңтайлы жұмыс атқарып келеді.Еліміздегі жалпы құқықтық саясатты жүргізуде аталған тұжырымдаманың маңызы өте зор, ол алдағы он жылдағы құқықтық жүйе дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын құқық саласының өзегі болып табылады. Ендігі жерде сот-құқықтық реформаны дамыту үшін әрбір мемлекеттік орган тұжырымдамадағы салаларға сәйкес өзіндік бағытын айқындауы тиіс. Әрине, басты ұстанарымыз еліміздің Конституциясы екендігі белгілі. Тұжырымдаманың маңыздылығы сол, ол бір жағынан құқықтық құжат болса, екіншіден, саяси құжат. Сондықтан ол ұлттық заңнаманың негізгі салалары – конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салықтық, қаржылық, кедендік, экологиялық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңдарын жетілдіруге қызмет етеді.
10 жылға межеленген ұзақ мерзімді құжат құқықтық жүйенің барлық саласын жетілдіруді көздейді. Тұжырымдамада ұлттық құқықтың негізгі салаларын дамыту мен құқық қорғау және сот жүйелерінің қызметін нығайтуға баса назар аударылады. Бұл орайда, құқықтық саясаттың негізгі буыны – қылмыстық саясатты жетілдіру жағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.
Тұжырымдамада көзделген ең негізгі мақсат - Қазақстандағы құқықтық жүйені халықаралық талапқа сай гуманизациялау. Алты бөлімнен тұратын бұл құжатта «Құқықтық білім беру, құқықтық насихат» және «Құқық қорғау мен сот жүйелерiн және құқық қорғау институттарын дамытудың негiзгi бағыттары» бөлімдері ерекше назар аударуды қажет етеді.
Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі - құқықтық білім беру мен құқықтық насихат жасау арқылы зияткерлік әлеуетті арттыру болып табылады. Өйткені қоғам құқық пен заңды білмейінше, құқықтық мәдениет қалыптаспайды. Құқықтық білімі бар және оны өмір жағдайларында қолдана алатын құқықтық мәдениеті жоғары азамат заңдылықтың бұзылуына жол бермейді. Сондықтан да азаматтарымыз Ата заңымызда көрсетілген өзінің құқықтары мен міндеттерін жете білуі қажет.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы мемлекеттің барлық қызмет салаларын қамтиды, бірақ оның ең басты мақсаты – азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету және қазіргі заманға сай әлеуметтік құқықты жүзеге асыру. Қазақстандық заңнаманы Тұжырымдамада белгіленген мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес кешенді дамыту және тиімді пайдалану заңдылық режимін одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға ықпал ететін болады.
Қолданыстағы Тұжырымдама жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық заңнаманы дамытудың пайымымен де толықтырылған, ол 21-ғасырда ресурс сақтаушы құндылықтарға негізделген құқықтық мәдениетті қалыптастыра отырып, табиғи ресурстарға қамқорлық пен тиімді қатынасты ынталандыруға және "жасыл экономиканы" дамытуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасына қабылданған түзетулер әлемдік құқықтық кеңістікте болып жатқан қазіргі заман болмысы мен үрдістеріне жауап беретін және қазақстандық құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұлттық заңнаманың келесі буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді.



  1. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының жүргізілуі мен ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңы.
«Қазақстан-2030» стратегиясы іс жүзінде болашақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін салды және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сыбайластықты тежеудегі табысты нәтижелерге қол жеткізуіне шешімділігін нығайтты.
Оның салдарынан, Елбасының бастамасы бойынша 1998 жылдың шілдесінде, посткеңестік кеңістіктегі осындай заңнамалық актілердің алғашқыларының бірі болған ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» парадигмасы, сыбайлас жемқорлықты тоқтатуы және оның еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сыни көлемдерге дейін тамыр жайдырмауы тиіс, шұғыл және тиімді қарсы іс-қимылдар шараларын қабылдаудың қажеттілігінен туындаған.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» алғашқы Заңның қолданыста болған мерзімінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің іргетасы қаланды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді тікелей іс-әрекеттің айтарлықтай тәжірибесі әзірленді.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» алғашқы Заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуына және табыстылыққа қол жеткізуінде тарихи рөл атқарғанын, сондай-ақ оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заманауи қазақстандық моделінің негізін қаланғандығын, сыбайлас құқық бұзушылықтардың алдын-алудың түрлі нысандарының қабылданғандығын, оның сыбайлас жемқорлыққа шалдыққыштығын төмендету жоспарында заңнаманы жүйелік түзету тәжірибесі әзірленгендігін айта кету қажет.
2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, алдыңғы заңның құқық қолдану практикасының таңдаулы тәжірибесін түгелдей алды. Ол жаңа сапалы деңгейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша инновациялық алдын алу механизмдерін енгізді және Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған, сыбайлас жемқорлық көріністерін түбегейлі төмендету бойынша мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі сыбайлас жемқорлық саясатының мүмкіндіктерін күшейту бойынша айтарлықтай іргесін жасады.
Занның нәтижесінде:
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуді нақты құқықтық регламенттеуді қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдардың қызметтер ұсыну ережелерін әзірлеу;
сыбайлас жемқорлық көріністері мен мемлекеттік қызметшілер мүдделерінің қақтығысының алдын алу үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда ішкі бақылау жүйесін құру;
сыбайлас жемқорлық қарсы заңнаманың сақталуы саласында құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы жөнінде іс-шараларды жүзеге асыру;
сыбайлас құқық бұзушылықтардың субъективтілігін жою;
сыбайлас жемқорлықпен күресті іске асырушы органдарды құру;
мемлекеттік қызметшілер өздеріне алуға тиіс шектеулерді енгізу;
қаржылық бақылау шараларын жүргізу;
сыбайлас жемқорлықпен күресте көмек беретін тұлғалардың дербес құқықтарына кепілдік беру
cынды жүйелі жұмыстар атқарылды.

  1. ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы және оның жүзеге асырылу ерекшеліктері. Мемлекеттік жастар саясаты шеңберіндегі бағдарламалар.

Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстарының дамуының маңызды бағыттарының бірі. Болашақтағы Қазақстанның жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар өзінің әлеуетін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық өсу қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негізгі бағыттары:
• 1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
• 2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
• 3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
• 4) жас отбасыларын мемлекеттiк қолдау;
• 5) жастардың тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрсетілген. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жұмысы Мемлекет Басшысының жолдауына, «Болашаққа жол» 2020 жылдарға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына негізделеді. Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрініс тапқан. Сонымен қатар, облыста 2014-2016 жылдарға арналған жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша, жастарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру бойынша Кешендік жоспарлары орындалуда. «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Серпін-2050» жобалары жүзеге асырылуда.
Қарағанды облысында 304 269 жас азамат өмір сүреді. Қалалық жастардың үлесі – 231 733 адам (76,2%), ауыл жастары – 72 536 адам (23,8%).



  1. «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы және оның жүзеге асырылуы.

Қазақстан 2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы экономикамыздың, адами ресурстардың, азаматтардың тұрмыс-тіршіліктерінің бәсекеге қабілеттілігін артырады.
Тұжырымдамадағы барлық бағыттар жастар саясатын табысты түрде жүзеге асыру үшін қарастырылды.
Өйткені жастар «мәңгілік қозғалыс күші» болып табылады. Еліміздің дамыған. Бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуі үшін, жастарды қолдауға барлық жағдай жасалған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасынан біздің мемлекетіміздің жастарға қатысты білім, мәдениет, денсаулық, ғылым саласында белсенді тіршілік көзқарастарын қарастыратын, жас азаматты қалыптасыру үшін белсенді саясат жүргізуді көздеп отырғандығы анық көрініп отыр.
Жастар саясатын жүзеге асыру үшін мен жеті саланы атап айтқым келіп отыр: Білім, денсаулық, спорт, мәдениет, еңбек рыногі, тұрғын үй, отбасы. Осы саладағы мемлекеттік саясаттың өзгеруі еліміздің болашаққа деген оң көзқарастары деп түсінемін.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың табысты әлеуеттенуі мемлекет назарында болды және болып қалады.
1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы Өкімімен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы» бекітілді. Бұдан әрі аталған құжатты Үкімет қабылдағаннан кейін, 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар іске асырылды, оның ішінде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы».
Барлық аталған бағдарламалар жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Жастар саясатын одан әрі іске асыру үшін институционалдық негіз «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңын қабылдау болды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.
2008 жылы «Нұр-Отан» Халықтық-демокартиялық партиясының (бұдан әрі – «Нұр-Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды.
Басым бағыттардың бірі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті.
Мемлекет пен жастардың өзара іс-қимыл үдерістерін одан әрі жетілдіру кезеңі Білім және ғылым министрлігінің құрылымында Жастар ісі комитетін және Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармаларын құру болды.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды дамытуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламасы ғана емес, бүгінгі күні елімізде іске асырылып жатқан «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту – 2020», Бизнестің жол картасы – 2020», «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары сияқты білім беруді, денсаулықты, тілді дамытудың, үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары бағытталған.
Қазақстанның жарқын болашағы бар, ол – БІЗДІҢ ЖАСТАРЫМЫЗДЫҢ ҚОЛЫНДА!



  1. Қазақстан Республикасындағы діни ахуал және және дін бостандығын қамтамасыз етуді жүзеге асырудың тәжірибесі.

Қазақстанда соңғы он жылда қалыптасқан жаңа қоғамдық-саяси ахуалдың көріністеріне назар салсақ, қоғамдағы дін мен діни бірлестіктердің рөлі өзгерді, яғни дін мен діни бірлестіктердің қоғамдық беделі және қоғамдық өмірдің әр түрлі тұстарына ықпалы айтарлықтай өсіп, мәртебесі кеңейді. Қысқа мерзім ішінде дінге сенушілердің және діни бірлестіктердің саны бірнеше есеге артып, қоғамда олардың қызметінің саны бірнешеге артып, қоғамда олардың қызметінің белсенділігі жоғарылады, қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бөлігіне айналды, мемлекеттік конфессиялық қатынастардың сипаты өзгердіЕлімізде жалпы саны 18 конфессияны құрайтын 3693 діни ұйым өз қызметін жүзеге асыруда. Қазақстандықтардың 16 пайызы дінге сенушілер қатарына жатады және де тұрақты түрде діни рәсімдерді орындайды. Азаматтарымыздың 75 пайызы өздерін әртүрлі дінді ұстанушылар қатарына жатқызады, бірақ діни жоралғыларды тұрақты түрде орындамайды. Азаматтардың 10 пайызы атеистік және агностик бағытты ұстанады. Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар - ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топтар бар. Республикамыздың 63 пайызы қазақтар және оларға қоса ұйғыр, татар, өзбек, түрік, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балқар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі суннит жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе IV Кәрім Аға Ханның 1936 жылы елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-нәсихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі және 1534 мешіт жұмыс істейді. Ал қазіргі таңда Қазақстан аумағында 2300-ден аса мешіттер жұмыс істеуде. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі дін екенін және халқымыздыңтарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы және біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап өтуіміз қажет. азақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделілеу көрінеді. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс сияқты. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. Қазақстандағы православие шіркеуі тікелей Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейдегі бөлім екені белгілі.Христиандардың еліміздегі екінші тармағы католицизмдіұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлемінде жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік. Елімізде «Әл-Каида», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Лашкар-Таиба», «Боз-құрт», «Өзбекстанның ислам қозғалысы» және т.б. лаңкестік ұйымдардың ұызметіне тыйым салынған Дін даусыз біріктірудің, интеграциялық процестердің күшті факторы бола алады. Ол үшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен принциптерді, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз.



  1. Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері және олардың маңыздылығы.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 140 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдері татулық пен түсіністікте өмір сүруде. Діннің қоғамдағы маңызы артқанын жіті сезіне отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика елордасы – Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтерді.Мемлекет басшысының пайымдауынша, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог осы саладағы халықаралық ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады және заманымыздың күш көрсету, экстремизм, терроризм сияқты келеңсіз құбылыстарын еңсеруге ықпал ететін болады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйектеАстанада өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтедіБиылғы 10-11 қазан күндері Астанада рухани келісім мен дінаралық үнқатысудың халықаралық деңгейдегі беделді алаңы болып табылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған кезекті бұл құрылтай да Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын өсіре түсері анық.Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің еліміздің әлемдік аренадағы бастамашыл рөлін, тартымды имиджін қалыптастыруда тиімділігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар осы Съездің Ислам әлемінің ажырамас бөлігі саналатын Қазақстанда ұйымдастырылуы да мұсылман қауымы үшін зор жетістік. Өйткені халқының 70 процентінен астамы Ислам дінін ұстанатын Қазақстанның асыл дініне жала жапқысы, күйе жаққысы келетіндер көбейіп тұрған бүгінгі заманда дінаралық үнқатысудың орталығына айналуы дінімізге деген біржақты, жағымсыз әрі орынсыз көзқарастарды тоқтатуға, сондай-ақ және оның беделін арттыра түсуге өзіндік ықпалын тигізбей қоймайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Астанада өткізілді. Съезд арнайы форум өткізу үшін салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті. Форум «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырып аясында «Діни наным-сенім бостандығы және өзге дінді ұстанушыларды құрметтеу» және «Діни көшбасшылардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» деген екі негізгі бағыт бойынша өткізілді. Екінші форум жұмысына 29 делегация қатысты.Бірінші күні Съезд жұмысының барысында қатысушылар басшылыққа алған негізгі бөлігі көрініс тапқан «Дінаралық диалог қағидаттары» қабылданды. Екінші съезд қорытындысы бойынша қатысушылар барлық діндер мен этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни ерекшеліктер негізіндегі дау-жанжалдарға жол бермеуге шақырған бірлескен декларация қабылдады. Бұл құжатта «қырғиқабақ идеологияны» «әлем мәдениетіне» ауыстырудың жаһандық қажеттілігі кең көрініс тапты.Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі 2009 жылы 1-2 шілдедеАстана қаласында өтті. Оның басты тақырыбына кез келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды.Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі 2012 жылғы 30-31 мамырдаАстанада өтті. IV Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты.



  1. ҚР ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіз қызметі.

БАҚ қоғамдық маңызы бар рөлді ғана емес, еліміздің имиджін қалыптастыру құралы ретінде де атқарады. БАҚ-тың негізгі қызметіне ақпараттандыру, жарнама, ойын-сауық, хабардар ету кіреді. БАҚ-тың халық алдында құратын имиджі қоғамға үлкен әсер етеді және адамдарды белгілі бір іс-әрекеттерге бағдарламалауда. Сондай-ақ, БАҚ-тың белгілі бір саяси оқиғаға деген көзқарасы да маңызды тармақ болып табылады.
БАҚ-тың ықпалы мен қоғамдағы жағдай саяси саланың негізгі құралы мен бір бөлігіне айналуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің өрісі кеңеюде және жаңа деңгейге өтуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет