1. Қазақстанда Президент институтының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау



бет18/26
Дата21.11.2022
өлшемі189,27 Kb.
#159130
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ

("Нұр Отан") – Қазақстанның президенттік ірі саяси партиясы. 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылды.2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен X съезінде, «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нур Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды.Партияның мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.Партияның міндеттері: 1)мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну; 2)партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттау, өз қызметі туралы ақпарат тарату; 3)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу; 4)мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау; 5)партия Бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру; 6)кіші және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермер шаруашылықтарын қолдау; 7)ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу; 8)заң жобаларының бүкілхалықтық талқылауларына қатысу; өкілді және атқарушы органдарға енгізу үшін қоғамдық пікірді зерделеу әрі заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды депутаттық бірлестіктер арқылы іске асыру; 9)қоғам мен мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына жастарды біріктіруге жәрдемдесу; 10)белгіленген тәртіппен партия мүшелерін мемлекеттік марапаттауларға ұсыну; 11)партия мүшелерін моральдық тұрғыдан көтермелеу; 12)азаматтардың бойында жемқорлық фактілеріне төзімсіздікті тәрбиелеуге жәрдемдесу, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.



  1. Қазақстандағы миграциялық үдерістер және елдің этникалық құрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» Бағдарламасы мен отандастардың елге оралуы.

Республикадағы және аймақтардағы әлеуметтiк-демографиялық жағдайға әсер ететiн факторлардың бiрi халықтың көшi-қоны болып табылады. Миграция үрдістерін реттеу мен бақылаудың кешенді проблемаларын шешу мақсатында, осы үрдіске заңдық негіз беру үшін Қазақстанда Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңы 1992 жылы қабылданды . Онда азаматтардың көші-қонға құқы анықталған, яғни республика ішінде тұрғылықты жерін өзгертуге, басқа елге көшу немесе қайта көшіп келуге құқылы.
Тұрғындардың миграцияға ұшырауына негізінен бірнеше факторлар әсер етеді. Сыртқы миграцияға әсер ететін негізінен әлеуметтік-экономикалық және саяси фактор, ал ішкі миграцияға әсер етуші - әлеуметтік-экономикалық және экологиялық фактор. Мемлекет егемендігін жариялағаннан бергі уақытта ішкі миграциялық ағымдар белсенді жүріп жатыр. Орта есеппен мемлекет ішілік миграцияға жылына 350.000 адам қатысса, жалпы ел азаматтарының 5-6 миллионға жуығы миграциялық үдерістердің қатысушысы болған.
Сонымен,елден соңғы 5 жылда сыртқы миграциялық процестер жағдайы жақсарды және осылай бола бермек: елден кеткен эммигранттар саны 2004 жылы 65,5 мың адамға қысқарды, 2000 жылы 155,8 мың адам (58%) болған, ал біздің елімізге көшіп келгендер саны 2004 жылы 68,3 мың адамға жетті, 2000 жылы 47,5 мың адам болған (44% -ке өскен), ал 2002 жылы 58,5 мың адам (17%-ке) болған.. Бірақта бұл еліміздің өз ішінде жақсы өмірді іздеп республика ішінде қозғалысына әсер етеді.
Миграцияны құқықтық реттеудің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Конституцияда негізінен азаматтардың еркін көшіп жүру, республика ішінде, оның сыртында, қайтадан елге қайтып келуі мен еркін жүру құқығы берілген. Конституция бойынша оның азаматтары екі елдің азаматтығын ала алмайды.
Ешқандай жағдайда да Қазақстан Республикасының азаматтығынан ешкім де, ешқандай жағдайда айырмайды. Мигранттардың құқықтық жағдайын реттеуде 26 маусым 1992 жылы қабылданған «Иммиграция туралы» Заң қорғады. Заң негізінен сыртқа көшкен қазақтарды орналастыру мәселесімен айналысты. Сыртқы және ішкі миграциялық процестерде шиеленіс пайда бола бастаған кезде 1994-1997 жылдары «Миграция туралы» Заң даярланып ол 1997 жылдың желтоқсан айында қабылданды.
1997 жылы желтоқсанда Демография және миграция Агенттігі құрылды, онда еркімен қоныс аударуды жүзеге асыру және келген жанұяларды орналастыру және қазақтарға көмек беру жұмыстарын ұйымдастыратын болды. Агентство тіркеу жұмыстарын, республикаға келгісі келген жанұялар туралы мәліметтер жинау, көмек беру, облыстық миграциялық процестерді ұйымдастыру, мигранттарды әлеуметтік қорғау.
Этникалық құрамы. Қазақстан әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.
Олар:
1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;
2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы (орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);

3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, кәрістер, гректер).


Нұрлы көш бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы. Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.
Бағдарламаны іске асыру: этникалық, ішкі және сыртқы көші- қон процестерін реттеуге және оны өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне бағындыруға; этникалық және ішкі көшіп-қонушылардың басым бөлігінің өмір сүру сапасын арттыруға; бұрын Қазақстаннан кеткен жоғары білікті мамандардың қайта оралуын ынталандыруға; көшіп-қонушылардың бейімделу және кірігу қиындықтарымен, жұмыссыздықпен және бытырап көшіп-қонумен байланысты әлеуметтік қатерлердің туындауының алдын алу ұлттық шоғырлану процестерінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімнің нығаюын, демографиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1991 жылдан бері бүгінгі есеп бойынша елімізге 1 млн.-ға жуық этникалық қандастарымыз келген. Бұлардың 790 мыңы Көші-қон комитетінің тізіміне еніп, тіркеуден өтіп, оралман мәртебесін алды. Ал қалған 200 мыңдайы өз күшімен көшіп келгендер. 2010 жылғы қаңтардың 1-індегі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 201 мың 309 оралмандар отбасы немесе 789 мың 339 этникалық қазақтар өмір сүріп жатыр. Отанына оралған этникалық қазақтардың барлығы Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған мемлекеттік көмектерге ие болады.
Бүгінде елге оралған қандастарымыз Қазақстан халқының шамамен 10 пайызын құрап отыр. Бұл көрсеткіш әрине еліміздің қазіргі таңдағы күрделі демографиялық ахуалына да оң әсерін тигізетіндігі сөзсіз.
Миграция және демография агенттігінің мәліметтері бойынша дүниежүзіндегі қазақ ұлтының өкілдері шамамен 13 млн. адамды құрайды. Этникалық қазақтардың үштен бірі әртүрлі жағдайларға байланысты Қазақстан тысқары жерлерде өмір сүріп жатыр. Олардың шамамен 2 миллионы тарихи отанына қайтуға дайын. Қазақстан диаспораларыәлемнің 40 елінде тіркелген. Біздің қандастарымыздың көпшілігі Қытайда – 1,3 млн., Өзбекстанда – 1 млн., Ресейде – шамамен 900 мың адам өмір сүріп жатыр.
Тарихи Отанға қоныс аударушылардың ішінде саны жағынан бірінші орында – Өзбекстаннан келген оралмандар болса (60,5%), екінші орында – Монғолияан келгендер (13,3%), үшінші орында – Қытайдан (10,3%), төртінші орында – Түркіменстаннан (7,8%) және бесінші орында – Ресейденкелген қазақтар құрайды.



  1. Ұлтаралық татулықты қалыптастырудың қазақстандық моделі. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы мен қызметі. 2010 жылғы «Ел бірлігі» Доктринасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет