1. Қазақстанда Президент институтының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау



бет20/26
Дата21.11.2022
өлшемі189,27 Kb.
#159130
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ

I. «БІР ЕЛ - БІР ТАҒДЫР»:
Ел бірлігін негіздейтін бірінші қағидат - әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының - Қазақстан Республикасының - ортақ екенін ұғыну.Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстанмен және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген.Біздің ұлы мақсатымыз - этникалық шығу тегімізге қарамай бірігіп, Даңқты Ұлтқа айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық - егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Ол үшін біз әлі күнге дейін ынтымағымызға кедергі келтіретін болымсыз істерден және қолдан жасалған кедергілерден арылуымыз керек.Мұнан шығатын қорытынды, әрбір азамат, қоғам және мемлекет, халықтың, болашақ ұрпақтың алдында өз жауапкершілігін сезініп, төмендегідей қажетті әрі ұтымды шараларды қамтамасыз етуі керек:

  • еліміздің барлық азаматының өз тағдырын Отаны - Қазақстан Республикасының тағдырымен бірге әрі терең тамырлас екенін сезінуі;

  • бізді ыдыратуға және ынтымағымызды бұзуға бағытталған кез келген ықпалға белсенді түрде қарсы тұру;

  • Республика конституциялық құрылысының, территориялық тұтастығы мен унитарлық құрылымының мызғымас беріктігін нығайту;

  • ұлттық мүддеге негізделген елдің экономикалық, саяси, рухани, ақпараттық қауіпсіздігін одан әрі нығайту, басқа мемлекеттер тарапынан болатын ақпараттық тәуелділік пен басқыншылыққа немесе қысымға жол бермеу;

  • елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін республиканың барша азаматын қазақ халқының төңірегіне ұйыстыру;

  • ел егемендігінің беріктігіне негізделген халықаралық әріптестік саласында ұлттық мүдде басымдығын ұстану;

  • басты байлығымыз - Тәуелсіздікке, жерге, бірлік пен рухани құндылықтарға тағзым ету;

  • азаматтар мен қоғам тарапынан мемлекеттілікті нығайту, Тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты қорғауға мейлінше жәрдемдесу.

II. «ТЕГІ БАСҚА - ТЕҢДІГІ БІР»
Екінші басты қағидат - этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру.Біріміздің алдында бірімізге алдын ала артықшылық берілмейді. Бұл ұстаным біздің бірлік ғимаратымызға берік іргетас болып қаланған. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген.Бұл қағидат әрбір Қазақстан азаматы өзінің жеке артықшылығы мен шығу тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жете алатынын аңғартады. Отан мен қоғамға қызмет етуге бағытталған қабілет пен дарын еркін дамуы тиіс, оған ешқандай кедергі болмайды.Бұл мемлекет пен қоғамның дамуына қолайлы жағдай туғызады: қабілеті мен мүмкіндігі артқан адамдар саны көбейген сайын ел егемендігі нығайып, қоғамның біртұтастығы артады.Біз мүмкіндіктер теңдігі қағидатын сақтай отырып көп нәрсеге қол жеткіздік, келешекте бұдан да зор нәтижеге қол жеткіземіз. Ол үшін азаматтар, қоғам және мемлекет жауапкершілікті тең бөлісуі және мынадай қажетті шараларды пәрменді қолдануы қажет:

  • этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету;

  • қоғамдағы этносаралық және дінаралық алауыздықтың алдын-алу және жолын кесу;

  • этникалық және діни қағидаттар бойынша құрылған саяси ұйымдарға заңмен тыйым салу;

  • ұлтаралық қатынас мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы қабылданған әдеп нормалары мен қағидаттарын сақтай отырып шынайы түрде жариялау;

  • азаматтық теңдікті жүзеге асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру;

  • ұлттық бірлікті нығайтатын әлеуметтік негіз ретінде орташа таптың қалыптасуын жеделдету;

  • әрбір адамның азаматтық құқығын және барлық азаматтың заң алдындағы бірдей жауапкершілігін сақтау;

  • ауылдық жерлерді әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан дамыту, миграция және урбанизация үдерістерін реттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет