1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз


Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз



бет13/73
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81460
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Байланысты:
тарих сессия

13. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы ,тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлсалған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы Ахмет Байтұрсынов атамыз болып табылады.
Қазір біз Отанымыздың тарихын жалтақсыз зерттеп, тіліміздің, діліміздің, рухани мұраларымыздың тамырын терең тануға кірістік. Осы тұрғыдан алғанда, халқымыздың ғылымын өркендетуге, білім мен әдебиетін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, аласапыран жылдарда қазақ елінің болашағын ойлаған алыптардың қатарында Ахмен Байтұрсынұлы ойып тұрып орын алады.
Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ халқының ХХ ғ басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі,ақын, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
Ахмет Байтұрсынұлы өз замандасынан озық туады,жазық елді озық етемін деп халқының алдына шығып,өрге сүйрейді, жолында тұрған кесепаттарды өңменінен түйрейді. Ол отаршылдықтың обыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты оқыту керек деп түсінді. Осы жолда газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұшлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді,өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты.
Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынов еді. «Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек.
1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағы- Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топтамасы. Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі.
Ол күрескен кесепаттар-надандық ,қараңғылық, кертартпалық, отаршылдық. Осы надан,қараңғы ұйқыда халықты маса болып ызыңдап шағып оятуға бар күш-жігерін жұмсайды.
«Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе- соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы Тәуелсіздігін аманаттау» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп,өзіміздің тілімізде сөйлеп, дінімізді ұстануымыз , басқа елге тәуелді болмай, еркін өмір сүруіміз, «ұлтым-арым, халқым-жаным» деп өткен осындай азаматтарымыздың арқасында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет