15.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
Элита – ең таңдаулы адамдардың қауымы. Халық басқарушы билікке түгелдей қатыса алмайды, сондықтан, бұл міндетті элита атқарады. Олар бұқара халықтың биліктегі өкілі, ел соларға сенім артады, соңынан ереді, бағыт-бағдар алады, түзеледі, еліктейді. Элита дегенде, жоғарғы билік пен көрнекті тұлғалар еске түседі. Алайда, мемлекеттік басқару құрылымдарындағы билеуші элита – формальды топ қана, олардың көпшілігі бұған кәдімгі қызмет, кәсіп түрі, артықшылықтарға ие болудың бір жолы, мансап ретінде қарайды. ХХ ғасыр басында орыс отаршылдығының озбырлығы барған сайын арта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Осы зиялы топтың көшбасшысы Әлихан Бөкейханов: «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тәуелсіздігін сақтап қала алмадық, қарызымызды ақтау үшін көшін бастай алмасақ та, қосшысы боламыз» деуі де оның асқақ мұратын халық тағдырымен байланыстыруынан. Сол тұстағы зиялылардың алдыңғы сатында қазақтың жалпытүркілік тұтастық идеясын көтерген Мұстафа Шоқай, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі – Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деп, ұлтын оятқан Міржақып Дулатұлы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асан Қайғыдан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Әлімхан Ермеков, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Сұлтанмахмұт Торайғыров және т.б. тұрды. Ар, намыс, әділет, адами қадір-қасиет, өз ұстанымына адалдық, тұрақтылық, тектілік – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының басты ерекшелігі. Қуғын-сүргінде, азап лагерьлерінде, түрме тозағында, тергеу камераларында олар өздерін нағыз ер-азамат сияқты ұстады. Олар ешқашан өздеріне интеллигент, элита атағын таққан жоқ және бұған заман да мұрша бермеді. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан , Ахмет Байтұрсынов , Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмухамедовтер және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері».
Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған..Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған қайраткерлердің бірі – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. «Алаштың Әлиханы» атанған ол бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде де және осы күрес жолындағы ұлттық зиялылардың көш бастаушысы да бола білді. Ә. Бөкейханов пен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе – ұлттық теңдік және саяси бостандық еді. Алайда қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен және кейіннен жаппай атылып-асылып кеткен ұлттық зиялыларымыз бен оның көшбасшысы Ә. Бөкейхановтармен бірге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді.
Бүгінгі тәуелсіздік таңы атқан, өз билігі өз қолындағы қазақ елі үшін ең бірінші мәселе төл тарихымыз бен туғана ана тілімізді жаңғырта отырып, ұлттық идеологияны қалыптастыру болмақ. Ол үшін, әлбетте, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ ұлттық саяси элитасының, соның ішінде ХХ ғасыр басындағы зиялылалырымыздың және олардың көсемі болған Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси және ғылыми-ағартушылық қызметін танып білу, олардан үлгі-өнеге алу бүгінгі күннің басты талаптары болмақ. ХХ ғасырдың басында ұлт тілінде шыға бастаған биресми «Қазақ» газетіне [29] Ә.Бөкейхановтың сол кезеңнің басты-басты саяси мәселелерін көтерген мақалалары жарық көрген.
Сонымен қатар Ә.Бөкейхановтың ғасыр басындағы қазақ комитетері мен қазақ съездері Уақытша үкімет тұсындағы мемлекеттік-саяси қызметтері туралы көптеген диссертациялардың қорғалғанын айтуға болады[30-32].
Ә.Бөкейханов туралы пікір Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ғана объективті түрде жазылып, ғылыми жүйеге түсе бастады оған дәлел шығармалар жинағының жарық көруі[33-34].
XX ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты ескі, қатып қалған қағидалардан арылып, қарастырып отырған мәселені тарихи объективтілік принципін басшылыққа алған зерттеулер көптеп жарияланғанын атап өтеміз. Бүкіләлемдік саяси жүйеге өзгеріс әкелген осынау кезеңде зиялы қауым халқының болашағы үшін қарулы күрес жолында да батыл қадамдарымен көзге түсті. Елі мен жері үшін күрескен қиын саяси жағдайда таңдаған жолынан тайынбай өзіндік тән қасиеті отаншылдық рухы бар – зиялы қауымын Қазақ елінің жауы мен досы мойындағаг. Бір сөзбен айтқанда, тарих беттерінде шыңдалып, елеулі орынға ие болғанына көзіміз жетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |