1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз


Әлихан Бөкейхан- ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі



бет12/73
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81460
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
Байланысты:
тарих сессия

12. Әлихан Бөкейхан- ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі
Жалпы әлемдік тарихты, оны құрайтын халықтар мен мемлекеттер тарихын зерделеуде әрбір ұлттың қалыптасуындағы көшбасшы тұлғалардың дәуірлік маңызына ерекше мән беріледі. Қазақтың хандық мемлекет құрылғаннан бергі тарихын саралағанда осындай бірнеше тұлғаны айтуға боларлық. Біздің ойымызша, қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандар, осы хандықтың халқын еселеп, территориясын анағұрлым кеңейткен Қасым, Хақназар, Есім хандар, ортақ хандық билік әлсірегенде жалпы қазақтың мүддесі үшін күрескен Абылай хан, хандық мемлекетті қалпына келтіруге майдан ашқан Кенесары хан, халқымыздың жалпы рухани мәдениетін, ой-танымын жаңа биікке көтерген Абай, тұтас ұлтқа ұстаз болған Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ көркем сөзін соны деңгейге жеткізген Мұхтар Әуезов қазақтың сан ғасырлық тарихындағы осындай аса орасан көшбасшы тұлғалар. Бұл қатарда қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге бар ғұмырын арнаған, жаңаша сипаттағы саяси күресті ұйымдастырған, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы БӨКЕЙХАН да тұрады.
Әлихан Бөкейхан хандық дәуірден соң отаршылдықпен күрес қарулы көтерілістерге ұласып, соңынан бұл көтерілістердің бәсеңсіп, ақыры қазақ даласы патшалық Ресейдің қарамағына толықтай енген шақта, Абай айтқандай: «Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» деп күйзелген шақта тарих сахнасына халқының басылған еңсесін, кеткен есесін, көмескіленген үмітін қайтадан жағуға сайланып шыққан ұлы тұлға.
Алдымен Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақпаев, Міржақып Дулатов сияқты серіктердің, кейінірек ұлт күрескерлерінің тұтас буынын соңына ерткен дәуір көшбасшысы Қошке Кемеңгерұлы кезінде атап жазғандай осы «топты баулыған» Әлихан Бөкейханов болды. Біз «Алаш қозғалысы» дегенде оның құрамына халықты оятуға бағытталған ағартушылық ойларды, жалынды публицистиканы, саяси-көпшілік шараларды, халықты ұйыстыруды, әр түрлі басқосуларды, кеңестерді, съездерді, отаршыл билікке ұлт мүддесін жеткізуді, партия, үкімет құруды, келіссөздер жүргізуді, қарулы күрестерді атаймыз. Ә.Бөкейхан осылардың қай-қайсысын да тікелей ұйымдастырды немесе белсене қатысты. «Қарқаралы құзырхаты», Мемлекеттік Дума, «Қазақ» газетінің ұйымдастырылуы, облыстық, жалпықазақ сиездері, «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы, Уақытша, Сібір, Колчак үкіметтерімен келіссөздер, Уфа директориясы, міне, осылар сияқты Алаш қозғалысының ең негізгі оқиғаларының басында Әлихан Бөкейханов тұрды.
ХХ ғасыр басында ұлтшылдық идеясы ғана халықты топтастыра алатын еді. Ұлтына ерекше жаны ашитын, оның отаршылдық қамытындағы тағдырын өзгертуге тәуекелге баратын ұлтшылдық көзқарастағы тұлғалар ғана азаттық күресін ұйымдастыра білетін еді. Осы кезеңде жоғары немесе арнаулы білім алған қазақ оқығандарының шоғыры қалыптаса бастады. Осы топты баулитын оған басшы болатын тұлғаны тарихи кезең тарих сахнасына шығарды. Ол – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан болды.
ЮНЕСКО-ның Парижде өткен Бас конференциясының 31 сессиясында Алаштың көсемі,көрнекті мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды.
Ә.Бөкейханов ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың біртуар азаматтарының қатарындағы енрекше тұлға Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы. Ол қазақ халқы үшін публицисит те, экономист те, ғалым да, этнограф та болды.
2016 жылы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығы болса, 2017 жылы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы толмақ. Ә.Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлері саясат жүзінде патшалық үкіметке де, Уақытша үкіметке де, кейінірек Кеңес үкіметіне де қазақтың өз азаттығы үшін күресе алатынын, өз абыройын қорғай алатынын көрсетті. Бұл жалпы халықтың жанына жігер, жүрегіне сенім ұялатты. Қазақ халқының дербес ел, азат ұлт ретінде өмір сүре алатынын, оны соған бастай алатын, басқара білетін елшіл, мемлекетшіл қайраткерлер қалыптасқанын көрсетті. Бұл әрбір халық үшін ең маңызды мәселе. Осындай халықтар ғана тәуелсіз ел болуға лайықты. Алаш қозғалысы, оның көсемі Әлихан Бөкейханның тарихи тағылымы да осында, ондай тұлғаға қандай құрмет болса да жарасады. Бұл – елдіктің айғағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет