21.Кеңес өкіметінің Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптары мен салдарын талдаңыз Ресей империясы 19ғ соңында қазақ жерлерін зерртеу мақсатында қоныстандыру басқармасы арқылы әр уезде экспедициялар шығарғыны мәлім.Бұл саясат отар аймақты онан әрі игеруге , қазақты құмдық және шөлейт жерлерге ығыстыру мақсатында іске асырылды. Біртіндеп отаршылар көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылдарын отырықшылыққа бет бұру саясатын қоя бастаған еді. Бұны тек кеңес үкіметі ғана күшпен іске асырды.Кеңестер Одағында жаппай ұжымдастыру үрдісі басталған кезде көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарын жаппай отырықшыландыру республика үкіметі ұжымшардың бастапқы түрі жерді бірігіп өңдейтін серіктіктер және малды бірігіп өсіретін серіктіктер болу қажеттігін көрсетті.Қазақстан басшылығының өзі де отырықшыландыру күшпен, дайындықсыз іске асырылғанын мойындауға мәжбүр болған,сондықтан алғашқы жылдары қателіктер мен қиыншылықтар болды. Шаруаға берілген несие ақша да аз болатын. Өз отбасына арнап үй салудың негізгі ауыртпалығы зорлап отырықшыландырылған шаруаның өз мойнына түсті.Сондықтан алғашқы жылдары олар көбінесе жер үйлерге н\е балшықтан, қамыстан салынған лашықтарда тұрды.
Ұжымдастыру мен отырықшылыққа көшу жылдарында Қазақстанда дәстүрлі мал шаруа\ғы күйреп,малынан айырылып,баспанасыз әрі аш қалған қазақтар еріксіз үкімет саясатына бас еді.Сондықтан колхозға мүшелікке жаппай еріксіз кіріп жатты.Алайда отырықшыландырудың алғашқы бес жылдығында орындалмай қалған күрделі міндеттерді кеңес үкіметі келесі бесжылдықта жүзеге асырды.отырықшыландыру жылдарында қазақ ауылының мәдени әлеуметітк жағдайы нашарлап кетті.Көшпелі ж\е жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа күшпен ұжымдастыру қазақтар үшін үлкен қасірет әкелді. 1930 ж 87136 шаруа\қ отаршылыққа көшірілсе, 1933ж бұл көрсеткіш 242208ге жетті.Отырықшылыққа көшу механизмінің өзі қарапайым түсіндірілді.Жүздеген шаруашылықтары бір жерге жинап , деревня типтес поселкелер ұйымдастырылды.Мұның барлығы күштеу әдістері арқылы жүзеге асырылды,орныққан көшпелі ж\е жартылыай көшпелі халықты 100% колхозға қабылдады.Оның үстіне 200 шақырымдық радиусты қамтитын үлкен аймақтарда жүздеген шаруашылықты біріктірген үлкен колхоздар құрылды.Колхоздарға ортақ меншікке алынған малдар қырыла бастады.Ауыл шаруа\да егін өнімі күрт төмендеп кетті, себебі жерінен айырылған шаруалар еңбек етуге құлықсыз болды.Ең қиын жағдай мал шаруашылығында қалыптасты.Ұжымдастыру қарсаныңда Қазақстанда 40,5 млн мал басы болса,1933 ж 1 қаңтарында одан тек 4,5млн басы ғана қалды.