2. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой-пікір , ұлттық сана өсті . Отаршылдық –әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматарының сана –сезімі , ұлттық намысының оянуына түрткі болды.
XX ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған I орыс революциясы, ұлт –азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері ж/е т.б оқиғалар қазақ қоғамдық- саяси ойдың дамуына зор ықпал тигізді . Осы оқиғалармен қатар ел өміріндегі саяси өзгерістер қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді . Ұлттық интеллигенция тобы қазақ қоғамдық –саяси ойдың дамуына елеулі ықпалын тигізді . Мысалы :
А.Байтұрсынов *Маса *, М.Дулатұлы *Оян қазақ!* кітабін жазып , қазақ халқының сол кездегі ой-санасын оятты .
Ә.Бөкейханов неше түрлі саяси-құқықтық идеялар мен бағдарламалар жасаумен айналысты.
1913 жылдан бастап жарық көрген *Қазақ* газеті либералдық демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді . * Қазақ* газеті арқылы Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының саяси сауатын ашты .
Қазақтың тұңғыш магистрі Ж.Ақбаевтың саяси күресі мен құқықтық идеялары қазақ халқының ұлттық –саяси бағытын айқындауда зор рөл атқарды
Қорыта келгенде, қазақ халқының қоғамдық- саяси ойдың дамуы қазақ ұлттық интеллигенциясымен тығыз байланыста болды . Ол болмаса қазақ халқының қоғамдық –саяси сауаты ашылмай , мәңгі түнекте қалар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |