1 «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз



бет6/12
Дата13.05.2022
өлшемі36,56 Kb.
#142974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ккзт

7. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917ж Ақпан революциясының нәтижесінде Патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, отарлық езгіге қарсы көпжылдық күресінің нәтижесінде, жеңісімен аяқталды. 1917ж 28ақпанда М.В.Розликоның басшылығымен мемлекеттік Думаның Комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2наурыз күні мемлекеттік Думаның уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша Үкімет құрылды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік жасады, Уақытша Үкіметтің ұлттық мәселесі бойынша қабылданған алғашқы актілерінің бірі 1917ж 20наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтқа қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша Комитеті мен Уақытша билік орындарын құру туралы 5наурызда арнайы қаулы жарияланды. Осыған байланыста жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола басады. 1917ж Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары өз әсерін тигізді. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов:”Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қyанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және екіншіден, олдарды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша Үкімтке барынша қоддау көрсетуіне оның 1916ж 25маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуын тоқатуын, ал 7наурызда 1916ж көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М. Дулатов:”Сары әскер қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кіріскен еді. 10айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлт төңкеріс болмаса, не болар еді”,-деп жазған. Тұтастай алғанда, Уақытша Үкімет те, оның жергілікті ұйымдары да қазақ халқының ұлттық мәселелеріне таскерең күйінде қалды
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы (1917ж.).
Ресейдегі патша билігіне қарсы екінші көтеріліс ретіндегі 1917 жылы 24 ақпанда Петроградта болған буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктері тұтқынға алынды.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Россия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша чиновниктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкіметтің органдары мен бірге халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.
Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.


8.
1917 жылы Ақпан революциясының жеңісінен кейінп елдеп революциялық процестің қарқынды даму барысында Ә Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал-демократиялық көзқарастағы қазақ интеллигенциясы өкілдері ұлттық партия құру мәселесі бойынша өз жоспарларын жүзеге асыруға кірісті Олар қазақ халқын тап пен жікке бөлмей бүкіл халықтың мүддесін ойлады. буржуазиялықдемократиялық бостандық атауын пайдалануға күш салды. Уақытша үкімет те , кадеттер партиясы да қазақтардың автономиялы ел болуына қарсы болды . Бұл Ә Бөкейхановтың кадеттер партиясынан шығатыны туралы Қазақ газетінде ашықтанашық мәлімдеуіне себеп болды Осындай жағдайда қазақ либерал-демократиялық интеллигенция өкілдері жағдайдың және саяси күштердің жедел өзгеруін есепке ала отырып, жалпықазақ сьезін тездетіп откізу керек деген шешім қабылдады Қазақстанның барлық облыстарының өкілдері қатысқан 1-ші жалпықазақ сьезі 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды мемлекетті басқару жүйесі , жер мәселесі. дін мәселесі, саяси партия құру , әйел мәселесі . білім беру жүйесі сот. милиция құру, земство, бүкілресейлік мұсылмандар сьезі. Құрылтай жиналысын шақыру және оның қазақ облыстарында сайлануына дайындық . Жетку облысындағы оқиға , қазақтардың Киевтегі Бүкілресейлік Федерациялық кеңеске және халыққа білім беру мәселесі бойынша Петроградта ұйымдастырылатын комиссия жұмысына қатысуы , автономия М Құлмұхаммедтің айтуы бойынша сьезде екі ұстаным басымдыққа ие болды Бірі - А Байтұрсынов пен М Дулатовтың тәуелсіз автономия құру және Ә Бөкейханов пен Ж Ақбаевтың ұлттық-аймақтық автономия құру ұстанымы. Жасырын дауыс берудің нәтижесінде Ә Бөкейхановтар жеңіп шықты. Алаш ұлттық-демократиялық партиясының қалың жұртшылық мойындаған көсемі , төрағасы - Ә Бөкейханов болды. Алаш партиясының басшылары мен мүшелері Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету бағдарламасының төңірегіне топтасты М.Тынышбаев пен М Шоқай Түркістан автономиясының басшылығында большевиктерге қарсы ұстанымда болды. М Тынышбаев Қоқан қаласында өткен 4ші Төтенше өлкелік мұсылмандар сьезінде 1917жылы қарашаның аяғында құрылған, Қоқан автономиясы деген атпен белгілі болған Түркістан автономиясының премьер-министрі болып , ал М Шоқай Түркістан автономиясының сыртқы істер министрі болып сайланды Ал 1918 жылы ақпан айының басында автономияның аздаған күшін қызыл әскер тасталқан етті. Қазан революциясы басталғаннан кейін қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалыс мүшелері өздерінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму көзқарастарын кеңінен насихаттаған еді, ал Петроградтағы қарулы күш жеңіске жеткен соң (1917 жылғы қазанның 26-сы ) көп ұзамай 1917 жылы 21 қарашада Қазақ газетінде Ә.Бөкейхановн, А.Байтұрсынов , М Дулатов және т.б. Алаш қайраткерлері дайындаған Алаш партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарлама 10 бөлімнен тұрады. Қазан революциясы жеңіске жеткен соң , Алаш зиялылары 2-ші жалпықазақ сьезі Орынбор қаласында 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында өтті. Скезде Халел Ғаббасовтың дайындаған «мемлекеттік автономия және халық миллициясын құру» туралы жасаған баяндамасы талқыланды. Соның нәтижесінде уақытша өкімет құлағант қазақ аудандарында , аймақтарында қазақтардың этнос ретінде өмір сүруіне қауіп төндіретін анархияның күшеюіне жол бермес үшін , уақытша халық кеңесінің билігін құру туралы қаулы қабылдап , ол кеңесті - «Алашорда» (Алаш автономиясының үкіметі ) деп атады. «Алашордаға» қазақ облыстары мен аудандарындағы атқарушы билікті өз қолына алу тапсырылды. «Алаш» автономиясының үкіметі 25 адамнан тұрады. Сьезде оның 15-і сайланды, қалғаны орыс немесе басқа да ұлт өкілдерінен сайлану керек болды. Жасырын дауыс берудің нәтижесінде Ә.Бөкейханов көп дауысты (40) иеленіп, «Алашорда» үкіметінің төрағасы болып сайланды. Сьезде «бостандық жауы - Большевиктерге» қарсы халық милициясын құру мәселесі қаралды. Халық милициясын құру үшін қазақ облыстарынан еріктілерді, 13500 милиционерлерді жинау және салық жинау міндетке қойылды. Сьезде оңтүстік қазақтардың аймақтағы қазақтардың және олардың интеллигенттерінің ойы ескеріле отырып, Алаш автономиясының құрамына Сырдария облыстары да қосылды. Азамат соғысы жылдарында «Алашорда» үкіметі большевиктерге қарсы позицияда болды. Монархиялық билікті қалпына келтіруді жақтаған Колчак үкіметі «Алаш» автономиясын мойындамады , керісінше «Алашорданы» таратуға үкім берді. Бұдан соң «Алашорда» үкіметі Колчак бастаған үкіметпен одақтаспады, Колчак үкіметіне қазақ халқы да наразы еді. «Алашорда» үкіметінің әскері большевиктерге кеңінен қарсы шыға алмаған себебі, саны көп емес әрі жақсы қаруланып үлгермеген еді . Сол себепті де олар большевиктермен келісімге келуге мәжбүр болды. Осы мақсатпен А.Байтұрсынов мәскеуге аттанды Большевиктер «Алаш» автономиясын құруға қарсы еместігін білдірді және большевиктерге қарсы шыққан Алаш қайраткерлеріне рақымшылық танытатынын білдірді. Кеңестіктер алдымен Алаш зиялыларының Кеңес үкіметтің билігін мойындауын талап етті. 1919 жылы 10шілдеде Ленин «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет» Қазревком) құру туралы құжатқа қол қойды. Оның құрамына тең дәрежеде Алаш қайраткерлері де қабылданды, кірді . А.Байтұрсынов осы комитеттің төрағасының орынбасары болып сайланды. А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары Кеңес үкіметінің құрамына кірген соң , Алаш зиялыларының меньшевиктермен байланысы бар , кеңес үкіметін шын жүректен мойындамады және т.б жалалар жабылды. Осылайша, Алаш қайраткерлері саяси биліктен алшақтатылды. 1920 жылы қаңтарда Ә.Бөкейханов және Алаштың тағы 3 зиялысы Семейде тұтқынға алынды. Алаш зиялылары 1919-1920 жылдары саяси аренадан кетсе де, ғылым, білім, мәдениет, халық шаруашылығын дамыту салаларына елеулі үлестерін қосты. Оларға амнистия жарияланғанына қарамастан , ХХ ғасырдың 20-30 жылдары буржуазиялық ұлтшылдар , халық жауы деген жалалар жабылып репрессияға ұшырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет