1 «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз



бет12/12
Дата13.05.2022
өлшемі36,56 Kb.
#142974
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ккзт

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ - мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде, құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші беріпті. Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады. Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік обылыстарына жер аударылады.Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.[1] Бегалин Қ. - Алматы: "Империя құрамында", 2010. -102 бет

10
Жалпы әлемдік тарихты, оны құрайтын халықтар мен мемлекеттер тарихын зерделеуде әрбір ұлттың қалыптасуындағы көшбасшы тұлғалардың дәуірлік маңызына ерекше мән беріледі. Қазақтың хандық мемлекет құрылғаннан бергі тарихын саралағанда осындай бірнеше тұлғаны айтуға боларлық. Біздің ойымызша, қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандар, осы хандықтың халқын еселеп, территориясын анағұрлым кеңейткен Қасым, Хақназар, Есім хандар, ортақ хандық билік әлсірегенде жалпы қазақтың мүддесі үшін күрескен Абылай хан, хандық мемлекетті қалпына келтіруге майдан ашқан Кенесары хан, халқымыздың жалпы рухани мәдениетін, ой-танымын жаңа биікке көтерген Абай, тұтас ұлтқа ұстаз болған Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ көркем сөзін соны деңгейге жеткізген Мұхтар Әуезов қазақтың сан ғасырлық тарихындағы осындай аса орасан көшбасшы тұлғалар. Бұл қатарда қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге бар ғұмырын арнаған, жаңаша сипаттағы саяси күресті ұйымдастырған, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы БӨКЕЙХАН да тұрады. Әлихан Бөкейхан хандық дәуірден соң отаршылдықпен күрес қарулы көтерілістерге ұласып, соңынан бұл көтерілістердің бәсеңсіп, ақыры қазақ даласы патшалық Ресейдің қарамағына толықтай енген шақта, Абай айтқандай: «Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» деп күйзелген шақта тарих сахнасына халқының басылған еңсесін, кеткен есесін, көмескіленген үмітін қайтадан жағуға сайланып шыққан ұлы тұлға. Алдымен Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақпаев, Міржақып Дулатов сияқты серіктердің, кейінірек ұлт күрескерлерінің тұтас буынын соңына ерткен дәуір көшбасшысы Қошке Кемеңгерұлы кезінде атап жазғандай осы «топты баулыған» Әлихан Бөкейханов болды. Біз «Алаш қозғалысы» дегенде оның құрамына халықты оятуға бағытталған ағартушылық ойларды, жалынды публицистиканы, саяси-көпшілік шараларды, халықты ұйыстыруды, әр түрлі басқосуларды, кеңестерді, съездерді, отаршыл билікке ұлт мүддесін жеткізуді, партия, үкімет құруды, келіссөздер жүргізуді, қарулы күрестерді атаймыз. Ә.Бөкейхан осылардың қайқайсысын да тікелей ұйымдастырды немесе белсене қатысты. «Қарқаралы құзырхаты», Мемлекеттік Дума, «Қазақ» газетінің ұйымдастырылуы, облыстық, жалпықазақ сиездері, «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы, Уақытша, Сібір, Колчак үкіметтерімен келіссөздер, Уфа директориясы, міне, осылар сияқты Алаш қозғалысының ең негізгі оқиғаларының басында Әлихан Бөкейханов тұрды. ХХ ғасыр басында ұлтшылдық идеясы ғана халықты топтастыра алатын еді. Ұлтына ерекше жаны ашитын, оның отаршылдық қамытындағы тағдырын өзгертуге тәуекелге баратын ұлтшылдық көзқарастағы тұлғалар ғана азаттық күресін ұйымдастыра білетін еді. Осы кезеңде жоғары немесе арнаулы білім алған қазақ оқығандарының шоғыры қалыптаса бастады. Осы топты баулитын оған басшы болатын тұлғаны тарихи кезең тарих сахнасына шығарды. Ол – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан болды. ЮНЕСКО-ның Парижде өткен Бас конференциясының



Аға оқытушы Н.Т. Какишева Ақпараттық технологиялар факультетінің "Актуарлық математика" мамандығының 2 курс студенттерімен бірлесіп қоғам қайраткері, педагог Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай 2021 жылдың 17 ақпанында іс-шара өткізді.
Қоғамдық қозғалыс пен "Алаш" партиясын құрудың бастауында Әлихан Бөкейханов тұрды. "Алаш" партиясы (1917-1920) – кадет партиясына идеология бойынша қосылған қазақ партиясы. 1000 күнге созылды, партия Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов тағайындалды. Партияның ресми органы "Қазақ" газеті болды.
2018 жылы "Алаш" партиясының белгілі қоғам қайраткерлеріне арналған "Тар заман" тарихи драмасы жарық көрді (А.Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Шоқай, М. Дулатов және т. б.). Фильмнің режиссері-Мұрат Бидесов.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет