27.А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдаңыз «Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба...» -дегендегі орын тап деп отырғаны - алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Бұдан Абай:
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол...» -деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді. Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай - Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бүл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты - не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше дәлелді етіп, шегелеп айтады. Осы өлеңдегі Абайдың надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...», егер қисық көрінсе кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылмен жеңуді үлгі етуі әсіресе, сол өткен ғасырдағы қазақ өмірінің жағдайында бірден- бір батыл айтылған пікір болғаны анық. Үлкен адамға, лауазымы жоғары адамға қарсы келіп, өз ойын көлденең тарту сыпайыгершілікке келмейді дегенді желеу қылып, шындықты тура айтуды қалайда шектеу, қолдамау ол заман ғана емес, бүгінгі заманда да аз кездеспейтінін ескерсек, Абайдың осы пікірінің мәні зор дейміз.
28.1917-1940 жылдары жазылған шығармалардың идеялық, көркемдік ерекшеліктері 1930 жылдар кеңес елі социалистік кұрылысты баянды етіп, одан ары дамыта берді. Бұл жылдары республикамызда жаппай колхоздасу жұмыстары аяқталған кезі еді. Коллективтік еңбек пен оны4 баянды табыстары бірден-бірге өріс алды. Республика еңбекшілері өзінің тегеурінді күші мен табыстарын, еңбек жемісін басқаларға үлгі етті. Республикамыздың байтақ далаларында өнеркәсіп алыптары орнай бастады.
Коммунистік партия өнеркәсіп және халық шаруашылығы кұрылыстарын жолға коюмен қатар, халық мәдениетін одан әрі өркендете беруді кезектегі мәселе етіп қойды. Республикамызда бастауыш мектептер мен орталау және орта мектептер саны арта түсті. Библотекалар мен қызылотаулар ашылды.
1917—1932 жылдары БК(б)П Орталық Комитеті мектептер мен пионер ұйымдарын жақсарту және балалар әдебиетін көптеп бастырып шығару жайлы бірнеше осынау қаулылар алды. Бұл қаулыларда социалистік реализм әдісімен жазылған балалар әдебиеті коммунистік тәрбие берудің қуатты құралына айналып, жас жеткіншек ұрпақтарды Коммунистік партияның ісі жолындағы күреске даярлауға көмектесетін дәрежеде болуын, балаларды кеңестік патриотизм рухында тәрбиелеуді, ең озат идеялармен қаруландыруды, оларды кандай қиыншылықтарды болса да жеңе білуге кұлшындырып, жігер-қайратын шыңдай беруді талап етті; еңбек сүйгіш қоғамшыл адал жанды, ер жүрек, тәртіпті, еркі күшті, мінезі тұрақты болуын жақтап отыруды міндеттеді.
Осыған жалғас 1938 жылы 9 сентябрьде БК{б)П Орталық партия Комитетінің қаулысы бойынша балалар әдебиетінің идеялык мазмұнын және оның көркемдік сапасын арттыра түсу мақсатымен Москвада өз алдына жеке балалар әдебиетінің баспасы ұйымдасты. Қаулыда осымен қатар балалар кітабын көптеп бастырып шығарудың, алдын ала перслективалық программаларын жасауды және осыларды іске асырудың практикалық нақты жұмыстары белгіленсін делінген. Бұл тарихи қаулылардын барлық одақтық республикалардағы балалар әдебиетінің өсуіне де көптеген жәрдемі тиді.
1934 жылы Москвада кеңес жазушыларының Бүкіл одақтық бірінші съезі болып өтті. Съезде М. Горький кеңес әдебиеті дамуының алдағы перспективасы жайында келелі баяндама жасады. М. Горький жазушылармен бірге ғалымдар мен инженерлерді де, педагогтар мен еліміздің көрнекті адамдарын да балалар үшін көркем әдебиет жазуға шақырды. Съезде кеңес балалар әдебиетінің жайы мен оның алдағы міндеттері туралы С. Я. Маршактың арнаулы баяндамасы тыңдалды.
Съездің қаулы-қарарларында балалар әдебиетін алдағы уақыттарда көптен басып шығарудын перспективасы, программаларын жазсауды міндеттеп және оны іске асырудың нақтылы шаралары белгіленді.
Съезде біздің көрнекті жазушыларымыздъщ балалар әдебиетіне көңіл бөлмейтіні жайлы да сөздер айтылды. «Өсіп келе жаткан жаңа адамдардың бейнесін әсіресе балалардан өте жиі кездестіруге болады, ал біздін әдебиетіміз балаларға да жөнді көңіл бөлмей келеді, біздің жазушыларымыз балалар үшір жазуды, балалар туралы жазуды өздеріне ар көретін секілді»—деген болатын М. Горький.
Бұл түста қазақ кеңес балалар әдебиетінің өріс алып дами беруіне көп күш салып, қамқорлық жасаған Қалмақан Әбдіқадыров пен Саттар Ерубаевты ерекше атап өтуге тиіспіз.
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына елеулі еңбек еткен Калмақан Әбдіқадыров {1903—1964), 1935 жылы «Амантай», «ТәттІ кауын» атты суретті кітапшалар шығарды. Соңынан жас өспірімдердің еліктеуіне тұрарлық, спорт мәселесіне байланысты.
«Қажмұқан» атты повесін ұсынды. Мұнда жер жүзілік чемпион атағын алған, біраз мемлекеттерді аралап жүріп күрестен, өле-өлгенше жауырыны жерге тимеген кеңес спортшыларының ірі шебері, алтын, күміс және қоласы бар барлығы 45 медальға ие болған Қажмұқан Мұңайтпасовтың палуандық — спорттық өмір жолымен таныстырады. Жазушы Қажмұқан мен Поддубныйдың достығы, жарқын образдары арқылы жас өспірімдерге көп ұлтты Кеңес Одағындағы интернационалдық тәрбиенің мызғымас күшін, бірлігін, кеңестік патриотизмнің туысқандық бірлестігін және халықтар достығының тарихи тамырларын суреттеп берген. «Жолдас жазушылар, жас буындарды тәрбиелеуде, балалар әдебиетін жасауда ең бірінші жауапты комсомол жазушылар. Партия осылай деп отыр. Біз өзіміздің жеткіншектеріміз үшің коммунистік балалар әдебиетін жасауымыз керек. Дәуірге тұрарлық балалар әдебиетін жасамай партияның сенімін ақтай алмаймыз» деген болатын жазушы Саттар Ерубаев өзінің «Балалар әдебиетін жасайык» деген-мақаласында жазылған.
Өз сөзіне лайық Саттар Ерубаев (1914—1937) «Терек пен гүл» дейтін әңгіме мен «Мәңгілік өмір туралы» жас ұрпақтың еліктеуіне тұратын өлмейтін де өшпейтін, әрқашан айтып жүретін жыр жазып берді. Бір топ бала ортасында отырып, сыр шертетін Төлеңгіт жыршы атынан сөйленетін бұл оқиға адам жанын түршіктірерліктей әсерлі, тым үрейлі еді. «Мәңгілік өмір туралы жырды» естиік деп ынтығып отырған бір топ бала Төлеңгіт жыршының жан-жағынан аңталап қоршай түседі. Төлеңгіт жырау аққудай саңқылдап, теңіз тыныштығын бұзып, шағалаларды шулата ән шырқайды. Төлеңгіт жыраудың айтуынан өткен өмір елесі, ғасыр тарихы, датқалардан жапа шеккен халық қайғысы есітіледі. Оның өлеңінен азаттықты ақсап, дауылдай көтерілген халык каһары өрттей өрши түседі. Сөйтіп, тап тартысы күрестерін, тап жаулары әрекеттерін Саттар Ерубаев жас өспірімдерге өте шебер кұрылған оқиғалармен түсіяікті етіп, тебіренте жырлаған.
Тап жауының қолынан қаза тапқан Ұлы Октябрь революциясының қаһарманын, онын, ерлік істерін ақын былай суреттеген:
Аулыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем, Анау әне жәшіктегі кітаптарды окып па ең. Ол кітаптар — ұлы Маркс, ұлы Ленин еңбегі, ол еңбектер мәңгі жасау, өлмеушілік өрнегі. Сол еңбекті өлмейтұғын, ешпейтұғын, ағатай, мен ауылға алып келе жатыр едім шаршамай. Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде сулатты, бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты. Саны мықтап ұстап жатыр менін колым кесілгек, өлсемдағы, өлмеушілік шығар емес есімкен. Мен өлермін алтын күннін шуағына карамай. Аулыма кітаптарды жеткізіп бер, ағатай.
Бұл кездегі жазушылардың бір ерекшелігі — олар маңызы күшті тарихи оқиғаларды балаларға әсерлі де өте қызықты, көркем етіп айтып бере алуында еді. Олар өмірлік идеяны көркемдік ерекшелігі, композицнялык бітімімен осылай тудырған. Жаңа өмірді аңсаған, оны жанындай жақсы көрген каһарман прогресс жолында өзінің құрбандыққа баруға әзір екенін танытты. Ақтық өмірі алдында бар арманын, бар сырын ұлы көсемге бе-рілген өзіндегі қымбат қасиетті балаларға есиет етіп айтып кетті.
БІрсыр бар еді сақтап жүрген жүрегімің түбінде.
Сол сырымды айтайын мен өлмей тұрып тірімде
Қарап тұрсан, төнкеріске, Отанына, тарихқа,
Адамдағы қымбат қасиет — берілгендік халықка.
Бүкіл халык максаты бір, барлығында бір ниет,
Отан үшін басты беру бәрінде бар қасиет.
Менде бар еді берілгендік, сүюшілік Отанды,
Сондықтан да төңкерістің солдаты боп атандым.
Менің қаным миллионның тамырында ағады,
Бір жүрегім миллионнын жүрегі боп соғады.
Менің бақытым, қуанышым Бүкіл елдік болады,
Мен жасасқан жаңа өмір жайнап өсіп, жанады.
Маған қымбат барлығынан — берілгендік көсемге,
Ол берілген миллионнына жүрегінең өшер енді?
Ендеше мен мәңгі жасап, өшпеймін де, өлмеймін,
Еш уақытта жоғалмаймын, тозбаймын да сөнбенмін.
Жас өспірімдерді кеңестік патриотизмге, отаншылдыққа баулитын шығармалардын құдіреті мейлінше осындай күшті де ықпалды болуға тиісті. Саттар Ерубаев қазақ кеңес балалар әдебиетін жасайық дегенде тәрбиелік мәні мен идеясы, көркемдік және әсер бергіш сипаты, күрескер болып дамуы осылай суреттелсе деп талап еткен. Өйткені революцияшыл күрескерлердің жаңа ұрпақтары үшін, творчестволық шабыттың сарқылмас қайнар көзі революция қаһармандарының осындай даңқты ерліктерін жоғары қастерлеуден барып көрінуі тиіс. Саттар Ерубаевтың «Мәңгілік өмір туралы жыр» атты бұл өлеңі 1972 жылы балалар мен жастар әдебиетінің бас редакциясынан 24 мың тиражбен өз алдына жеке суретті кітапша болып шықты.
Саттардың «Терек пен гүл» атты әңгімесі де баланы өзіне еліктіре тартатын кеңестік патриотизм сезімдеріне толы. Мұны оқыған әрбір бала: мен қызыл гүлге ұқсап, аспанға ұшсам, жер мен көкті шарласса, Бүкіл халыққа бақыт берген, Бүкіл халыққа сәуле сепкен ұлы көсем кеудесіне сыйлық боп тағылсам, Отаныма, еліме ерлігіммен танылған азамат болсам дегенді армандаған болар еді. Әңгіменің балаларға әсер бергіш идеясы, құдіреті күшті көркемдігі осыйдай болатын. Қазақстанның барлық жазушылары да осыған үн қосты.
Кеңестік Отанды сүйе білуге баулу мақсатымен біздің айбынды армиямыздың жауынгерлік, ерлік істері жайында жазылған шығармалардың көпшілігі жас өспірімдерге сондайлық әсер берерліктей күшпен, ән текстерімен жазылды. Бірден коллективтік ортада айтылу үшін көпшіліктін, орындауына арналған орыс халқьның «Раз, два, три» деген әнімен орындалатын Асқар Тоқмағамбетовтын. «Бір, екі, үш» (1934), Баймұхамбетовтың «Әскер жыры» (1937), Елубай Өмірзақовтың орындауындағы «Жастарым жайна» (1939), Өтебай Тұрманжановтың «Біз ЛениншІл» (1934), Жүмағали Саинның «Кім болам» (1936), Калмақан Әбдіқадыровтың «Отан» (1941), «Ант» (1941), Мариям Хакімжанованың Казақстан пионерлерінің республикалық екінші өлеңіне арнаған «Қуанышы кәнілімнің (1940) т. б. жарық көрді.
Лениншіл жастар өздеріне жүктелген міндеттердің кандайын болса да өжеттікпен тайсалмай орындап, партия сенімін әрқашан мүлтіксіз ақтап отырады.
Бір, екі, үш, Жастар — алып күш. Отан корғау жолында сен де алға түс… Бір, екі, үш, Қалма сыртта тыс, жаңа құрылыс жасауға, Жұмса кайрат-күш ‘.
Мұндай сенім және оларға үлкен жауапкершілікті арта сөйлеу жас өспірімдерді әркашан қанаттандырып, квнілін көтеріп, өздеріне эстетикалық ерлік сезім туды-рып отырады. Сонымен қатар оларды жасқаншақтық, батылсыздық және жігерсіздік сияқты жаман әдеттерден арылта түседі. Сонда олар ертеңгі күні-ақ:
Қорыта айтқанда, Отан соғысына дейінгі бесжылдықтар дәуіріндегі қазақ балалар әдебиеті өзінің жаңашылдығымен мазмұны жағынан да елеулі табыстарға ие болып, социалистік кұрылыста еңбек еткен жастардың үздік табыстарын, эстетикалық идеяларын көрсете білді. Балаларды коммунистік рухта тәрбиелеуде күрделі міндет атқарды. Мұның өзі Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдыктар дәуірінде қазақ халқы мәдениетінің ша-рықтап алға басқанының бір белгісі еді.