1. Балалар әдебитенің қалыптасуы мен даму жолдарын жазыңыз


Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерін жазыңыз



бет6/24
Дата20.07.2023
өлшемі180,21 Kb.
#179526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
бал адеб сессия (копия)

9.Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерін жазыңыз
Мәнерлеп сөйлеудің келесі тәсілдерінің бірі-кідіріс (пауза). Сөйлеген сөз немесе оқылатын мәтіндегі сөйлемдер толассыз, шұбатылып айтыла бермейді. Олардың арасында белгілі бір үзіліс болады. Сонда сөйлемдегі сөз тіркестері немесе сөз түйдектері немесе сөйлемдер арасындағы толасты кідіріс деп атайды.
Кідіріс 3 түрге бөлінеді:
1. Бір сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін бөліп тұратын кідірісті қысқа кідіріс деп атайды.
2. Белгілі бір ойдың аяқталғанын білдіретін кідіріс орташа кідіріс немесе логикалық кідіріс деп аталады.
3. Тыңдаушының назарын аудару үшін жасалатын кідіріс ұзақ кідіріс немесе психологиялық кідіріс деп аталады. 
Мәнерлеп сөйлеуде жиі қолданылатын тәсілдердің бірі-сөйлеу қарқыны (темп). Сөйлеу қарқыны дегеніміз- шығарма мазмұнына байланысты шығарманың айтайын деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты түрліше құбылта білу. Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа қарқынмен оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс күші де басты роль атқарады.
Дауыс күші дегеніміз — дауыстың ашықтығы, айқындығы және дауысты игере білу яғни ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге, қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге немесе орташа қарқынмен сөйлей білуге ауыса білу. Дауыс күші көркем сөз оқушыға кейіпкердің іс-әректін, мінез-құлқын толық сипаттап беруге көмектеседі. Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп оқып беруде немесе баяндауда қолданылатын тәсілдерінің бірі — сөйлеу әуені немесе мелодикасы. Дауыс ырғағының не көтеріліп бәсеңдеуін, не бәсеңдеп барып көтерілуін сөйлеу әуені дейді. Сөйлеу әуенін дұрыс сақтау үшін сөйлемдегі тыныс белгілерге ерекше көңіл бөлу керек.
Мәнерлеп сөйлеуде ерекше көңіл бөлінетін тәсілдердің бірі – сөйлеу нақышы (тембр). Дауыстың эмоциялық бояуын сөйлеу нақышы дейді. Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай қапалы, үрейлі, қуанышты, көңілді, өкінішті, таңдану, жайдары т.б. тұрғыда болуы мүмкін. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнына қарай тәрбиеші дауыс нақышын айқындап балаларға жеткізе білу қажет. Кейде оқылатын немесе баяндалатын шығармадағы кейіпкерлердің ерекшелігі тәрбиешінің бет-әлпетінің құбылысына байланысты да түсіндіріледі. Осындай бет-әлпеттің құбылысы мимика деп аталады.
10.Мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсілдерін атаңыз
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.Яғни,бала санасына көркем әсер қалдыру үшін,осы пәннің маңыздылығы зор. Бұл пәннің маңыздылығы -болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып,мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төсілдіру,үйрету,жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын – дұрыс дем алу , дикция(үн сазы) т.б. дауыс сапасын дамыту жолын көрсету. Мәнерлеп оқу пәнінде студенттерге мәнерлеп оқу мен әңгімелеудің ерекшелігі, және бөбектерге арналған кітаптарды ,әдеби шығармаларды таңдау , сұрыптау , пайдалану баса айтылады .
Балаларға шығарма оқу бөлімінде әңгімелеу, тәрбиешінің әңгіме айтып беруі , оның ерекшелігі , әңгіменің түрлері, тәрбиешінің творчестволық әңгіме құруы , оның методикасы, әңгімені нақышына келтіріп орындау, тәрбиешінің үлгі-әңгімесі, ойыншықты сипаттау, картинаға,суретке қарап әңгіме құрау,көркем шығарманы әңгімелеу, кейіпкерлерді сипаттау, олардың үнін дауыспен келтіру деген сияқты көптеген әдіс – тәсілдерді үйретеді.
Мәнерлеп оқу пәні арқылы балалардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, балалардың өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет