1 балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым қатынас мәселелерін теориялық зерттеу



бет2/6
Дата20.06.2018
өлшемі0,72 Mb.
#43544
1   2   3   4   5   6

1.3 Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық

сипаттары
Әуелі бастауыш сыныптағы оқушының мінез-құлқындағы қиындықтың пайда болу себептері туралы қарастыралық. Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте 2 топқа бөліп қарастырады:

1) тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;

2) отбасында, мектепте шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас - баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды.

Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, И.С.Славина осы мәселені эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.

Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатқа жетуге талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырылмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығыстар да кездесуі мүмкін.

Мұндай жағдайдың баланың жеке дара ерекшеліктеріне әсер етпеуіне кім кепіл.

Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың қарама-қайшылығы мүлдем өзара конфликтіге әкеп соқтыратынын білдірмейді. Қарама-қайшылық пен конфликт - бір нәрсе емес, және қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда конфликтіге ұласпайды. Конфликт туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе одан да көп жеке тұлғалардың, топтардың, партиялардың, елдердің, т.с.с.-дың бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік конфликттердің негізі болып табылады.

Қарым-қатынастағы қарама-қайшылық, келіспеушілік, дау-дамай ұғымдарының элементтері қақтығыс, дау, күрес, қарсы тұрушылық деген сөздермен пара-пар келуі мүмкін.

Берілген сөзге мұндай мағына беру бөлек индивидтердің арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның позициялары, қызығушылықтары құрайды (оларға отбасы, ұйым, территориялық құрылым, қоғамдық қозғалыс, т.б.). ал екіншісі, үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртүрлі формасы немесе экономикалық, үкіметтік, саяси қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі қоғамда конфликттің объективті-реалдық негізін тудырады.

Қоғамдық өмірдің барлық сфералары - экономикалық, саяси, әлеуметтік рухани жағы - барлығы өзара көптеген дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға, әртүрлі мақсаттар мен қызығулықтарының қақтығыстарына толы. Сондықтан да қоғамда әртүрлі конфликттерге орын бар. Конфликтке индивидтер және олардың топтары немесе әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің коалициялары да түсуі мүмкін. Әртүрлі конфликт түрлерін тудырушы объектілер және оны шешу тәсілдері бар, сонымен қатар конфликтті әрекеттерді тудырушы субъекттердің түрлері аз емес — олар тек бөлек ерлер немесе әйелдер, балалар немесе жастар, жұмысшылар немесе студенттер, оқымыстылар немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл топтары — профессионалдық жағынан, партиялық, ұлттық, рухани және тағы да басқа жағынан болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі және субъектісі бойынша, қарама-кайшылықтарының әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, тереңдігі мен өту ұзақтығына байланысты конфликттердің әртүрлі де әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Бірақ конфликттердің әрекеттерінің интенсивтілігінің функцияларының, қоғамдағы ролінің әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін аударсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.

Конфликттің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс, кез-келген зат болып табылады. Мысалы, жер, су ресурстары банкке жекеменшілік, мәдениеттік құндылықтар немесе авторитет, престиж, бедел, басқару, т.с.с. Ал конфликттің субъектісі болып әрқашанда адамдар - бөлек индивидттер, сонымен қатар олардың ортақ жиынтығы - жанұя, ұжым, қызығушылықтары ортақ топтар немесе ұлт және тағы басқа болып табылады.

Өмірде болатын әртүрлі қилы ситуациялардың арқасында белгілі бір субъекттің (индивидтің немесе топтың) мақсаты мен қызығушылықтары басқа бір субъектінің мақсатына сәйкес келмеуі мүмкін. Яғни, субъектінің мақсаты қарсы келген екінші субъектінің мақсаты мен қызығушылықтарын жүзеге асыруын қиындатады. Мұндай ситуацияның қарапайым мысалы спорттық ойын (айталық, футбол немесе волейбол), мұндағы бір қарсыластың жеңісі екіншісінің жеңілісіне әкеп соқтырады.

Бірақ дау-дамайлы ситуацияға түсетін әртүрлі индивидтердің немесе топтардың қызығушылықтары мен мақсаттары диадикалық бөлінумен шектеліп қана қоймайды, мұнда күрделі матрицалық жүйелі көрініс- береді. Мысалы, бір топта оқитын студенттер стипендия алған соң, кейбіреулері алынған ақшаға кеш өткізуді ұсынса, ал басқалары танымалы әншінің концертіне баруларын өтінеді, ал үшіншілері тіпті ақшаларын жұмсағанды қаламайды. Мұндай жағдайда топта конфликтілі ситуация туындайды. Егер де дау нәтижесінде бүкіл студенттер кеш өткізу деген ортақ шешімге келсе, онда берілген ортада конфликт жоқ деп есептеледі. Ал егер бір студент болса да бұл вариантқа келіспесе, онда мұндай ситуация конфликтке әкеп соқтыруы мүмкін. Ондай болса, әртүрлі қызығушылықтардың қарама-қарсылығы конфликтілі жағдай тудырады.

Үнемі қарма-қайшылықты тудырудағы қасиеттерден өзге балалар оқшаулау жүргенді ұнатуы ықтимал. Ал бұл жеке балалардың өз алдына ешкіммен қатынас жасағысы келмейтін жағдайларды да тудыруы мүмкін.


1.4 Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама
Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуындағы изоляцияның ролін психологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарынан көруге болады. Бұл тақырыпшада біз психологиялық әдебиеттерге шолу жасау арқылы балалардың мектепке дейінгі шақтан жеткіншек жасқа дейінгі аралықта әлеуметтік изоляцияны зерттеу мәселелері мен қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі мен оның дамуын сипаттайтын мәселелерге тоқталамыз.

Мектеп жасына дейінгі шақта баладағы әлеуметтік изоляция белгілері үлкендердің үрейін туғызбайды. Жеке дара ойынмен ойнап жатқан бала тәрбиешілер мен ата-анаға проблемалы болып көрінбейді. Алайда мұндай балаларды мұқият зерттеген кезде, олардың алдында өз қатары мен қарым-қатынасқа түсуінде біршама потенциалды қиындықтар туындайтындығы байқалған.

Олай болса өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау барысында қиыншылық туындаудың негізгі себептерін былайша түсіндіруге болады. Олардың ішіндегі бастылары:

1. Өз құрбыларымен өзара қарым-қатынаста бала инициативасы мен белсенділігі әлсіз болады.

2. Басқа өз құрбы балаларға инициативалық үндеуі құнсыз болады.

3. Тұлға аралық қарым-қатынастағы проблемаларды өз бетінше шеше алмайды. Өз құрбылар арасында болған кішігірім қақтығыстар үшін де ересектер мен үлкендерден көмек сұрап келеді.

4. Өз құрдастарының арасында беделі төмен болады.

5. Вербальді қарым-қатынас деңгейінің төменділігі көрініп тұрады.

Жалпы алғанда мұндай балаларды көнгіш, тыныш және бағынуға бейім деп сипаттама беруге болады.

Жеті жасқа толғанда баланың әлеуметтік және жекелік қиыншылықтары күрт өседі. Оларда ұялшақтық, қорқақтық, жалғыздыққа ұмтылу, жасқаншақтық сезімдері пайда болады.

Жеткіншек жаста әлеуметтік оқшаулану деңгейі өседі. Олардың өзіне деген бағасы төмендеп, өзіне сенімсіздікпен қарайды.

Бұндай қасиеттердің көріну бағыттары психология ғылымында адам табиғатындағы биологиялық және әлеуметтік мәселелерін зерттеуде ерекше орынға ие.

Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай – оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Күнделікті мектеп өмірінен белгілі жайттың бірі төмендегіше көрінеді.

Айталық, ақыл-ойы басқа балаларға қарағанда жоғары, сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.

Ендігі кезекте осындай балалардың қарым-қатынасы мен психологиялық ерекшеліктерін қарастырып кетейік.

Педагогикалық тәжирібе және психологиялық зерттеулер жалпы білім беретін мектептерде - оқу барысында арнайы бапты талап ететін оқушылар едәуір кездесетіндігін көрсетеді. Денсаулығына, физиологиялық және психикалық функцияларының дамуына байланысты норма мен патология арасында болатын оқушылар да кездеседі. Мұндай балалар оқу үлгерімі төмен, артта қалған, әлеуметтік дезадаптацияланған оқушылар болуы мүмкін. Мұндай балалардың ерекше тобын ақыл-ойы енжар (интеллектуал пассив) оқушылар құрады. Олар біршама ақыл-ойы артта қалған балаларға ұқсас болып келеді. Ақыл-ойы енжарлықтың себебі көптеген әртүрлі жағдайда олардың дамуындағы ауытқуларға байланысты емес, оларды оқыту мен тәрбиелеудің жеткіліксіздігіне байланысты да болуы мүмкін. Сондықтан ақыл-ойы енжар оқушылар ерекше зерттеуді қажет етеді.

Ақыл-ойы енжар феномені бірқатар еңбектерде корсетіледі. Л. И. Божович, К. Маркова, М. В. Матюхина, Н. А. Менчинская, Д. Б. Богоявленская, Н. С. Лейтес.

Дегенменде бұл мәселеге ең алғаш Л. С. Славина зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижесінде ақыл-ойы енжар балалар төмендегіше сипатталады деп көрсетеді.

1. Ақыл-ойы, дағды мен ептіліктері жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған.

2. Ақыл-ой әрекеттеріне теріс қатынас құрады.

3. Шындыққа танымдық қатынастың болмауы.

В. С. Юркевич танымдық қажеттіліктің даму деңгейіне талдау жасай отырып, "ақыл-ой жалқаулық" ұғымына сипаттама береді, яғни ақыл-ой енжарлығы - білуге құмарлықтың балада болмау нәтижесі деп көрсетеді. Көптеген зерттеулерде нашар оқитын оқушылар сипаттамасына ұқсас ақыл-ойы енжар көрінуін түсіндіреді. Дегенмен, "ақыл-ойы енжар" термині жиі қолданбайды және негізгі екпін үлгермеушілігінің себебіне түседі.

Осыған байланысты ақыл-ойы енжар болуының табиғаты зерттеуден тыс қала береді, бірінші кезекке оқуда қиыншылықты жеңу міндеттері қойылады. Психологиялық әдебиеттерге талдау жасай отырып, ақыл-ойы енжар - негізгі мәселе ретінде Л. С. Славина жұмыстарынан кейін зерттеулер жүргізілмеген.

Бұл параграф ақыл-ойы енжар типтері мен себептерін қарастыруға арналады. Мұнда ақыл-ойы енжар деп отырған ұғым ақыл-ойы әрекетінің төмен деңгейі болып табылады. Ал мұның негізі көбіне ақыл-ой ептілігінің жеткілікті дәрежеде көрінетін тәрбие ерекшеліктерінде, ақыл-ой күшіне негативті қатынас құруға, ақыл-ой тапсырмаларын орындау кезінде басқа жолдардың әсер етуіне байланысты. Ақыл-ойы енжарлығы бас миының органикалық өзгерістерден туындайтын дефектологиялық сипатта көрсетілмейді. Аталмыш мәселеге талдау жасай отырып, ақыл-ойы енжарлығының 2 түрі кездесетіндігін көрсетеміз:

1. Ақыл-ой әрекетінің операциялы (тәсілдік) - техникалық механизмінің бұзылуы салдары ретінде ақыл-ойы енжарлығы;

2. Жеке адам сферасының мотивациялық қажеттілігінің дамуының негативті тенденциясының көрінуі ретінде ақыл-ой енжарлығы;

Ақыл-ой енжарлығының көрінуі кеңдігіне орай жалпы және жеке (таңдамалы) ақыл-ойы енжарлығы деп бөлуге болады.

Жеке ақыл-ой енжарлығы - оқу пәні мен іс-әрекет түрлерінің таңдамалы қатынасында көрінеді.

Л.В.Орлова осы мәселеге арнап зерттеу жұмысын жүргізеді. Енді осы зерттеу жұмысын қарастырып көрелік.

Зерттеу бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілді: ақыл-ой енжарлығының бастапқы тамыры - мектеп жасына дейінгі кезеңде басталатын болса да, бастауыш мектеп жасында ақыл-ой енжарлығы айқын көрінеді. Бастауыш мектеп кезеңінің жас ерекшелік тенденциясы бойынша оқушының танымдық сферасына не жағымды және не жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл әсер ақыл-ой енжарлығын не көрсетпей жіберуі,не ақыл-ой енжарлығын айқын көрсетіп жіберуі мүмкін.

Зерттеу жұмысында ақыл-ойы енжар мотивациялық сипаттамасы адамның мотивациялық қажеттілік сферасының негативті қалыптасу факторы ретінде көрсетіледі - бұл танымдық, оқу және жеке адамның өзінің ақыл-ой әрекетінің негізгі компоненттеріне, мазмұнына әсер етеді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:

1. Ақыл-ой енжарлығының көрсеткіштерін нақтылау;

2. Ақыл-ой енжарлығының әртүрлі сипаты бойынша оқушыларды анықтау және топтарына сипаттама беру;

Эксперименталдық зерттеу 2 жыл бойы Коломна қаласындағы 41 мектепте жүргізілген екен.

1 кезеңде 27 баладан тұратын экспериментті осыған дейінгі белгілі ақыл-ой енжар белгілері бойынша ақыл-ой енжарлар психологиясы сипаттамасы мен таңдау критерийлері анықталды. Бақылау тобында 18 бала іріктелді, бұларда 1 топтағы балаларға сәйкес таңдалды. 2 кезеңде әрбір оқушының түрлі эксперименттік әдістемелерді қолдана отырып, жүйелі, кешенді зерттеу жүргізілген.

Бірінші кезеңде жүргізілген тәжірибесінде ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.

Осы зерттеулерден шығатын ой - балалардың топтан тыс болуының бір себебі - олардың ақыл-ой деңгейі, сабаққа үлгерімі, сондай-ақ оқу тапсырмаларына селқостық қатынасы болып табылады.
1 Бөлімнің қорытындысы
"Әлеуметтік изоляция", "оқшаулану", "ұялшақтық" "бөлектену" - жалғыздық сезімін басынан өткізетін адамның күйін сипаттайтын терминдердің бірі. Әлеуметтік қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш, қауіптенушілік сезімі, құрбыларының шектеп тастауы, конфликтілі жағдайдағы топтан оқшаулану сезімдері бала психикасындағы көп толғандыратын жайт.

Сондықтан 1 бөлімде біз балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас мәселесін теориялық зерттеу барысында зерттеу мәселесіндегі терминдерге жан-жақты талдау жасауға тырыстық.

Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр.

Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінетіндіктен, ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын балаға қарым-қатынас жасау технологиясын дұрыс меңгерту мен үйрету - біздің диплом жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай - оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты.

Айталық, ақыл-ойы басқа балаларға қарағанда жоғары, сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.

Бірінші тарауда айтылған тағы бір жайт - қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық психологиялық өзгешеліктеріне сипаттама беру болып табылады. Ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.

Қорыта келе берілген бағыттардан алынған эмпирикалық материалдар жоғарыда айтылған проблемаларды тиянақты түсініп, оны шешу үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мектеп оқушылары арасында туындайтын оқшауланған балалардың болу себебін түсіндіретін оқушылардың өзара конфликттерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Конфликттерді алдын алу жолында маңызды роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.
2 ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН

АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін теориялық

зерттеу

Қазіргі кезде бұл проблемалар көкейкесті болғанымен, әлеуметтік изоляцияның себептерін анықтайтын эксперименттік зерттеулер өте аз.

Дегенмен, психологиялық әдебиеттер негізінде баланың ұжымнан изоляциялану себептерін көрсететін көптеген теориялық зерттеулер кездеседі. Енді соның бірқатарына тоқталайық.

Бұл мәселеге қатысты К. Рубиннің басшылығымен (Канада) американ психологтарының және олардың батыс - европалық әріптестерінің осы салада жүргізген зерттеулері балалардың әлеуметтік изоляцияға үшырауларының себептерін түсінуге жол ашады.

Психологтан көмек сұрап келетін балалардың көпшілігі -көпшілікпен қарым-қатынасы нашар, өте тұйық немесе ашушаң болып келеді.

Қарым-қатынастың бұзылуы мектепке дейінгі және алғашқы мектеп жасында байқалып қана қоймай, соның салдарынан бала өзінің дегеніне жете алмай, айналадағылармен жанжалдасып, үйде, мектепте дұрыс қарым-қатынас түзе алмайды. Осы кері қарым-қатынас баланың танымдық және жеке тұлғалық даму саласына әсерін тигізеді.

Баланың ұжымнан изоляциялану себебін түсіндіретін тағы бір теория - бауырбасу теориясы.

Бауырбасу баланың алғашқы әлеуметтену ошағы болып табылатын - жанұядағы ең басты мүшесі анасымен қарым-қатынасына, оның тәрбие жағдайына, әлпештеу мен мейріміне байланысты туындайды.

Жағдайлардың түрліше болуына қарай бауырбасуды бірнеше типке бөлуге болады.

В типі - сезімтал, және мейрімді аналардан өзіне-өзі сенімді, қорқыныш сезімі жоқ балалар өседі.

С типі - іс-әрекетінде немқұрайлық, белгісіздік танытатын аналардың балалары тұрақсыздық кернеуі сипаттағы қарым-қатынаста болады. Мұндай бауырбасу қауіпті - амбивалентті деп аталады.

А типі - сезімсіздік танытып, суық, шектеулі қарым-қатынас жасайтын аналардың балалары қарым-қатынаста алшақтық, өзіне-өзі сенімсіздік танытады. Бұл жағдайда балада қауіптенушілік сезімімен сипатталатын «тұрақсыз бауырбасу» пайда болады. Бұл теорияға сәйкес ерте балалық шақта пайда болатын бауырбасу сапасы оның кейінгі танымдық-коммуникативтік және эмоционалдық қабілеттерінің дамуын анықтайды.

Бауырбасу теориясының негізгі қағидалары б.з. 70-80 жылдары М.Эйнсворт пен Дж.Боулидің еңбектерінде зерттелген. Қазіргі уақытта бұл теория кеңінен зерттеліп, оның бірнеше салалары анықталды. Соның бірін авторлар былай сипаттайды: бұл теория тек бауырбасуды зерттеумен шектелмейді, бүкіл онтогенезді қамтиды. Ерте балалық шақтағы бауырбасудың сапасымен оның кейінгі өміріндегі қарым-қатынастың дұрыстығы арасындағы байланысты анықтайды. Зерттеулер көрсеткендей әр түрлі типтегі қарым-қатынас та әр түрлі болады соған сәйкес бала мінез-құлқындағы «қорғанушылық механизмдерінде» бірнеше түрі жұмыс істейтін амалдар пайда болады. Бұл механизм барлық типтегі балаларға тән оның маңыздысына тоқталайық, яғни А - типтегі балалар тобына. Мектеп алды жасында балада үнемі шектен тыс бақылаудың және әрекетіне үнемі араласудың нәтижесінде алшақтау сезімі туады. Осындай алшақтау келесідей реакцияларға ауысады; психологиялық тұйықтық, салқындық, оқшауланушылық, алыстау. Бұл жағдайда бала үлкенмен қарым-қатынасқа түседі, бірақ жақындықты қажет етпейді. Бұл топта бала да ата-ана да өздерін жақсы сезінеді. Балада эмоционалдық құндылықтар қалыптаспайды.

Бұл теория клиникалық және психикалық ауытқулар саласында ерекше орынға ие. Егер де бауыр басу типтеріндегі балаларда дұрыс емес даму жүрсе, онда ол психологиялық патологияға (ауытқушылыққа) әкеп соғады. Бала мінез-құлқында түрлі ауытқушылықтар ерекше байқалады. П.Криттенденнің зерттеулеріне сүйенсек, мұндай ауытқушылықтар көбіне А - типтегі балаларда кездеседі.

Олар қоғамнан изоляцияланады (оқшауланады). Бұл оқшаулану шеттелгендікке, кейде сексуалдық бейбастыққа әкеп соғады. Бұндай симптомдар бала жеткіншектік жасқа келгенде байқалады. Ең ауыр жағдай- мінез-құлқында жоғарыда аталып өткен әлеуметтік изоляцияның нәтижесі, өзін-өзі өлімге кесуге (суицид) әкелетіні болып отыр.

Балалардың ұжымнан изоляциялану себебін түсіндірудегі олардың жеке басындағы ерекшеліктермен сипатталынатын қасиеттердің бірі -ұяңдық, оның себептері туралы да біз өз зерттеулерімізде қарастырдық.

Ұялшақ, көпшіл емес адамдарды ұяң адам деп те атайды.Ұяңдық әр адамда әр түрлі қырынан байқалады. Біреулерде ол дауыстың өзгеруімен, кекештенумен қатар әрекетінің шарт-пұрттылығынан, координатталмаған-дығынан байқалса, ал енді біреулерінде интеллектуалдық функцияларының: зейін, ес, ойлаудың әлсіреуінен көрініс табады. Үшінші бір түрі адамды жылауға дейін жеткізетін, дауысын жоғалтып алатын, қызарып немесе бозаруымен сипатталады. Бірақ барлық түрінде ұяңдық: қашып кету, тығылып қалу, байқалмай қалу сезімдерін туғызады. Ал қоршаған адамдардың шектен тыс назары ең ауыр жаза болып көрінеді. Осының барлығы ұяң адамның басынан өткізетін эмоционалдық-тәндік көрінісі болып табылады. Мұндай эмоционалдық көрініс қорыққан адамның сондай-ақ сасқалақтап, кернеуде тұрған адамның эмоциясына ұқсас болады. Сондықтан да олардың барлығы бірігіп, психологияда «әрекеттің эмоциогендік бұзылысы» деп аталатын тобын құрайды. Кез келген әрекеттің эмоциогендік (эмоциядан туындаған) бұзылыстары нақты түрде психомоторлық немесе интеллектуалдық және вегетативтік сферада көрінеді. Осы сфераның бұзылысы ұяңдықтың пайда болуының 3 негізгі түрін анықтайды.

Ұяңдықтың тағы бір түрі кездеседі. Ол белгісіз сезім бұрын сонды ол кісіге тән емес дөрекілікпен, тұрпайылықпен сипатталады. Яғни, оны ұяңдықтың гиперкомпенсациясы деп атайды. Саналы тұрғыдағы ұяңсыздықпен, дөрекілігімен мұндай адамдар өздерінің шындықтағы ұяңдығын жасырады.

Ұяңдық басқа да психологиялық күй сияқты төмендегідей болуы мүмкін:

- қысқа мерзімді - бірнеше минутқа созылады. Кез-келген, тіпті ұяңдық мүлдем тән емес адамдарда көрінетін түрі;

- ұзақ мерзімді - бірнеше күндік, жағымсыз жағдайлардың, тіпті ауру жағдайы әсерінен туындайтын психикалық күй.

- Жеке адамның барынша тұрақты сапасы ретінде көрінетін ұяңдық. Басқа эмоциялық құбылыстарға қарағанда - ұяңдық әлеуметтік шартты құбылыс болып табылады. Ұяңдық қоғамдағы адамдардың өзара байланысы кезінде ғана пайда болатын құбылыс. Ұяңдық жиі адамның шектен тыс момындығы, өз қабілетін дұрыс бағаламауы кезінде туындауы мүмкін. Бірақ кейде ұяңдық ұжымда өз ролінің шектен тыс бағалауында көрініс табады. Бұл жағдайда адамға барлық ұжым мүшелерінің зейіні тек соған ғана бағытталып, басқаларға кешірілетін қателер оған кешірілмейтіндей болып көрінеді. Басқаша айтқанда осындай кезде ұяңдық адамның өзінің ерекшелену сезімінен пайда болады. Ұяңдықтың осы түрімен күресу өте қиын.

Біз өз дипломдық зерттеу жұмысымыздағы балалардың ұжымнан изоляциялану себептерін теориялық зерттеу барысында оның тағы бір себебі - балалардың ақыл-ойы енжар болуына байланысты екендігін дәлелдейтін бірқатар материалдарға талдау жасаймыз.

Ақыл-ой енжарлығының туындауына әсер ететін негізгі фактор -жанұядағы танымдық климат болып табылады. Эксперименталды топтағы 28% зерттелінушілерде жанұядағы танымдық климатта қанағаттанбау көрсеткіштері болатындығы анықталған, тек 17% ғана жақсы дәрежеде.

Сондай-ақ зерттеу барысында бір мезгілде бір баланың бойынан ақыл-ой енжарлығының әр түлі көрінетіндігі де байқалған.

Ақыл-ой енжарлығы көріну деңгейіне байланысты: анық -демонстрациялық көрінуі мүмкін, немесе жабық - байқалмайтын болып бөлінеді.

Зерттеу нәтижелеріне орай ақыл-ойы енжар балаларды сипатына байланысты мынадай топтарға бөледі:

1. «операциалы-техникалық» ақыл-ойы енжарлар тобы - оның дамуының негізінде: білім алу кезінде тыс қалу, оқуда жаңа материалды қолдана алмау, оқу жұмысын ұйымдастыру ептілігімен дағдының болмауы, (тапсырма мазмұнын меңгере алмау, қажетті сұрақ қоя алмау, оқулықпен жұмыс істе алмау).

Тапсырманы өз бетінше орындай алу дағдысының болмауы. Ақыл-ойы енжарлықтың мұндай типіндегі негізгі көрсеткіш - ақыл-ой әрекетінің төмендегі, бұрынғы әрекетің қайталануы, жұмыс арасында мәнсіз сұрақтардың болуы, ақыл-ой әрекеттің орындау барысында жеңіл жолды таңдау, таныс тапсырмаларды қалау.

2. Мотивациялы ақыл-ойы енжар тобы, олардың сипаты: мақсатқа жетудің оңай жолын таңдау, жұмысқа қызығушылық танытпау, күш жігерсіз, дискомфортты (жағымсыз күй) эмоциялық күй. Ақыл-ой енжарлықтың бұл түрінің пайда болу себептерінің бірі - жанұяда жеңіл суықтық мәліметтерінің болуы, балалардың субъективті пассивті ролі.

3. Жеке немесе таңдамалы ақыл-ойы енжарлар тобы. Бұл топтың өкілдеріне іс-әрекеттің жеке түрлері немесе кейбір оқу пәндерінің жеке түрлерінің тадалуы ғана тән.

4. «Жалпы» немесе «біріккен» ақыл - ойы енжарлар тобы. Бұл топ өкілдері білуге құмарлық танытпайды, жаңа білім алғысы келмейді, ақыл-ой күшін жүмсағысы келмейді, осыған қоса ақыл-ой енжарлығы әр түрлі оқу пәндерінде, оқудан тыс ситуацияларда, тіпті ойындарда көрінеді.

Алынған мәліметтер негізінде әр түрлі топтардағы балаларға салыстырмалы анықтама беруге болады. Әрбір топ шекаралары өзгермелі болады, яғни бір оқушы өзі 2 топқа да кіруі мүмкін. Мотивациялык топқа жатып, бала жалпы ақыл-ойы енжарлар тобына да кіруі мүмкін. Дегенмен, әлі де болса ғылым әрбір түрдің түсініктемесін толығымен бермейді, ақыл-ой енжарлықтың себебін көрсете алмайды.

Жалғыздық мәселесі бойынша баланың басынан өткізетін психикалық күйі - оның қарым-қатынасында бірқатар қиыншылықтар тудыру арқылы ұжымнан изоляцияланудың бір себебі болатындығын түсіндіретін теориялық мәліметтерге шолу жасалық.

«Менің балалалық шағымда менімен сөйлесетін бір ғана адам табылса ғой деген жалғыздық және өкініштік сезімі мазалайтын. Кейін келе табиғат, кітаптар және математика мені осы сезімнен құтқарды», -деп жазды философ Бертран Рассел.

Ең жақсы орта да күндердің күнінде шаршатады, дұрыс ойлауға кедергі болады, - деп жазды американдық жазушы Ганри Торо. - Мен жалғыз қалғанды ұнатамын. Біз көбіне өзіміздің тыныш бөлмелеріміздің ішінен гөрі адамдардың ортасында жүріп жалғыз боламыз.

Біріншіден, жалғыздық адам үшін біз ойлағандай қорқынышты емес, екіншіден, бұл сезім жеткіншек және жасөспірім шақтағы балалар үшін уайым ретінде қабылданады.

Бұл туралы ғылым не дейді?

Өз «менің» территориялық және психологиялық жағынан басқа адамдардан оқшаулау бастан-ақ қарым-қатынасты қажетсінбеуден туындаған.

Қоғамның кез-келген даму сатысында ең ауыр жаза - қоғамнан қуып жіберу, адамдармен араластырмау, жалғыздық болды. Осыған байланысты көптеген этномәдени дәлелдемелер көп.

Жалғыздық сезіміне көбіне жеткіншектер мен жасөспірімдер бейім келеді. Ағылшын психологы Колмен 11-13 және 15-17 жас аралығында қыздар мен ұлдарға аяқталмаған сөйлемдерді жалғастыруды ұсынады: «айналамда ешкім жоқ кезде....» және «егер адам жалғыз қалса...». Олардың жауаптары кейін өңделіп, оң жауаптарға (мысалы: айналамда ешкім жоқ кезде, мен бақытты боламын, өйткені не істегім келсе, соны істеймін) және сол немесе негативті жауаптарға (мысалы: Егер адам жалғыз қалса, онда ол күйгелектенеді) классификациялайды. Анкеталаудан мынадай қорытынды байқалады: жеткіншек жастан жасөспірімдік шаққа қарай оң көзқарастар өседі де, ал негативті көзқарастар азаяды екен. Егер жеткіншек жалғыз қалудан қорықса, онда жасөспірім жалғыз қалуды бағалайды.

Жасөспірімдік шақтағы достықты зерттегенде жоғарғы сынып оқушылырының үлкен бір тобына өз құрдасын, сонан соң өзін стандартты сапалармен сипаттап берулерін сұрадық. Осыдан төмендегідей қорытынды шығардық: ұлдар да, қыздар да өз құрбыларына қарағанда сезімталмын, жалғызбын деп сезінеді екен. Бұрыннан-ақ белгілі болғандай мейрімді де қамқорлы жанұя, анасымен эмоционалдық жақындық - баланың келешек өмірінде өз құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас құруына жағдай жасайды.

Ағылшын психологы Д.Боулидің теориясына сәйкес ата-аналық қамқордың жетіспеушілігі баладан оған қажетті сенімділік, қауіпсіздік сезімін айырады. Ал ол өз кезеңінде ерекше эмоционалды қобалжуды, яғни оқшауланып қалу қорқынышын туғызады. Сонымен қатар жаңа таныстықтар орнатуға кедергі болып, потенциалды адамдардың шеңберін кішірейтуге алып келетін жағдай, ол- қарым-қатынастың төмендігі. Ол қарым-қатынас арқылы жаңа дағдылар мен білімді игеруді керек етпеушілік арқылы сипатталады.

Жалғыздыққа қарсы ем жоқ. Бірақ Тютчевтің сөзін есімізге түсірейік: Сенің жан дүниеңде үлкен әлем бар. Бұл әлемді тек сен өзін ғана, қолмен соға аласың. Бұл әлемде сенімен уақыт арқылы бөлінген, ұлы кеңістіктің ойлары, әлем мәдениетінің өлмес те, өшпес бейнелері кездесіп, тілдеседі. Сені білмей олар сенің достарың болу үшін туылды өмір сүрді, адамзат арасында қалды. Егер де сен өз жан дүниенің ішінде олардың дауысын естісең, онда сен жалғыз еместігіңе сенімді болғайсың.



Қиын балалар қиғылығының қыры балалардың ұжымнан изоляцияланудың бір себебі ретінде қарастырылатын әдебиеттерге шолу арқылы төмендегідей көзқарастарды сөз етеміз.

А.О.Эфрусси мінез-құлықтағы қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер: қозушылық көңіл күйдің аумалы төкпелілігімен, жұмысқа қабілеттіктің нашарлауымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен психологиялық себептерді физиологиямен ұштастырды.

В.В.Трифанов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы - бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік жігерін, күшін, қожырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.

Біраз зерттеулер (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцев, Г.М.Минковский, М.Я.Мягков, т.б) «Қиын балалардың басым көпшілігі» - бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар,-деп көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.

Г.А.Фортунотовтың айтуы бойынша дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-құлық бітістер: қозушылық, ұстамсыздық, қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік т.б пайда болады.

«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жүмсап «мені адам деп санамайды», «мен оларға көрсетемін» - деп саналы түрде тұжырымдап, өзін өзі сендіреді.

Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып қана қоймай, сонымен бірге оның жүйке жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балада ішкі дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге қоршаған ортаға деген сенімсіздік тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.

Л.С. Выготский қиындықпен тәрбиеленуімен күресудің нақты жолын анықтап берді. Өзінің «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамуының диагностикасы» (1936 ж) еңбегінде ол былай жазады: «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім, білгірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады». Л.С.Выготский жеке адам тәрбиесі ұғымның маңызды бір мәселесі - аффектілі қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді.


2.2 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін эксперименттік зерттеу

Қарым-қатынастың әр түрлі ауытқуларын талдауда, әртүрлі тестілер қолданылады.



Психологиялық конфликтіні зерттеу әдістемелері. Зерттеудің бірнеше әдістемелері бар:

1. Топтың құрылысын бір сәтте үзіп көру әдістемесі

2. Хронометрлі бақылау әдістемелері

3. Социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына арналған вариант)

4. Баға беру әдістемесі

5. Тартымдылық деңгейін зеттеу әдістемелері

6. Анкета

Балалар арасындағы конфликтілердің пайда болу себептерін арнайы экспериментті ситуациялар арқылы зерттеуге болады. Диплом жұмысынң тақырыбы мен зерттеу мақсатымызға орай біз аталмыш зерттеу әдістерінің бірқатарын жүргіздік. Әуелі зерттеуде баланың өзімен қатар жас құрбы-құрдастарының арасындағы қарым-қатынасын, оның осы ортадағы мәртебесін анықтауда - "Социометрия" әдісін қолдандық.

Социометриялық зерттеу жұмысымыздың нәтижесін талдау барысында төмендегідей көрсеткішке ие болдық.

Сынып лидерлері: 6. Рашидқызы Бақтыгүл

1.Жолдасбек Самат Төмен деңгейдегілер:

2.Манапов Ербол 1. Елубай Ерболат

3.Мусиев Руслан 2. Жәлел Нұртуған

4.Мұптілдаев Сұлтанәлі 3. Мұханбетжан Ерсұлтан

Орташа деңгейдегілер: 4. Мырзалиев Саят

1. Бостаева Жазира 5. Мырзалиева Шара

2. Жұрағатова Ақбота Шетте қалғандар:

3. Ерғали Ақтілек 1. Жантөреева Ақтоты

4. Кенжнетаева Ақманат 2. Құрманаева Гүлжайна

5. Құрманәлі Нүржан 3. Пернебекова Дидаркүл

Социометрия әдісіне қоса, мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірқатар тестік тапсырмалар да жүргізген болатынбыз. Айталық, "Маскалар" тестін қарастырайық. Бұл тестілеуде 5-10 жас аралығындағы балаларды зерттеуге болады.

Стимулды материал: Ақ қағазға салынған 4 түрлі маскалар жинағы: көңілді, көңілсіз, біреуді мұқатқандай және бағынышты көңіл-күй бейнеленген.

Нұсқау: Мына бет бейнелерге мұқият қара. Сен топтағы (сыныптағы) құрдастарына қандай бет пішінмен қарар едің? Ал сен әдетте кімге былай қарайсың? (кезекпенен әр масканы көрсетеді) Қайсы бала саған жиі былай қарайды? (тағы кезекпенен әр масканы көрсетеді).

Тесттің жүргізілуі: 4 масканы қатарластырып баланың алдына қояды. Бірінші сұрақта таңдап алынған маскадан кейін, балаға әр масканы кезекпен бере отырып сұрақ қояды: "Сен кімге бұлай қарайсың? Саған кім бұлай қарайды? т.с.с. Қандай жауап болса да қабылданады ".

Нәтижені талдау: (Топтағы бал)

Баланың топтағы эмоционалды күйі (жақсы және нашар) бірінші сұраққа берілген жауабынан байқалады.

"Сен әдетте кімге бұлай қарайсың?" деген сұрақтың жауабында, масканың нешеуі жағымды, нешеуі жағымсыз күй екенін санап отыру қажет. Бала өзінің топтағы орнына, өзі қанағаттанатын болса, онда көңілсіз маскаға қарағанда көңілді масканың орнын көбірек көрсетеді.

Бұл көрсеткіш баланың топтағы мәртебесін (лидерлік немесе елеусіз) анықтау үшін өте қажет. Егер баланың топтағы орны елеусіз болса - ол бала үйдегі немесе ауладағы, көрші, өзімен қатар балалармен қарым-қатынаста болғанын дұрыс көреді. Мұнан келіп топтағы (сыныптағы) балаларға қарсы сын көзбен немесе бір нәрсеге алаңдауынан қарым-қатынас төмен деп қорытындылауға болмайды. Бұл жағдай баланың көпшілікпен белсенді қарым-қатынасты қаламауы, қызықпауынан да болуы мүмкін.

Кейбір жағдайда топтағы лидер де өз орнына қанағаттанбауынан да болуы мүмкін, ол жоғарырақ орынды талап етіп ұмтылуы, болмаса топтың бір шамасы басқа топқа бөлініп, осы лидерге бағынбаған жағдайда. Сонымен балалар "белсенді" және "сылбыр" деген сияқты атпенен екіге бөлінеді.

Кейбір балалар өзінің елеусіз орнына үйреншікті бір қалыпты қарап, көпшілікпенен қарым-қатынасқа ұмтылмайды, бірақ іштей өзінің топта елеусіз екеніне күйзеледі.

Баланың көрсеткен маскадағы "мұқатқан" және "бағынышты" түрін санап отыру қажет (бұл өте қажет көрсеткіш). Әсіресе, өзінің ортадағы мәртебесіне қанағаттанбайтынын көрсетеді. Оларға өзінің құрдастарымен жай қарым-қатынас жасау ұнайды, сондықтан көпшілікпен араласудан бас тартады, бағынышты болғанша жалғыз жүргенді дұрыс көреді. Мұндай балаларға ойын немесе іс-әрекет дағдыларын құрбы-құрдастарымен бірге бірлесіп меңгеретінін ұғындыру қажет. Негізгі маңызы жай әшейін рольге кіргізу емес, бірлесіп меңгеру екенін аңғарту.

Бағынышты тенденция байқалатын, өзінің елеусіз орнына қанағаттанбайтын балалар қарым-қатынастың қандай формасы болмасын араласуға, орындауға дайын. Мұндай балалар үлкендер жағынан қандай көмек болса да қабылдайды, ал бірінші жағдайдағы балалар мұндай көмекті күдікпен қабылдап, өз күшімен шығатын жол іздейді.





Осыған орай қай балалардың топтан оқшауланатынын анықтауға болады, яғни егер барлық балалардың бір не екі балаға жағымсыз қарауы анықталса, ол баламен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейтіндігі белгілі болады. Ал мұндай жайт баланың топтан оқшаулануының бір белгісі болып табылады.

Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай 4-8 жас аралығындағы балалар бір-біріне деген ілтипаты мен сезімінің қарым-қатынасын "Екі үй" әдістемесі ақылы да анықтауға болады. Бұл материалды да біз өз зерттеулерімізде қолдандық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет