(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.
4. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
Топтастыру «Екілікке саналу» әдісі арқылы І, ІІ топтарға бірігеді.
«Мозайка» әдісі арқылы үш топқа қима қағаздар беріледі. Топ мүшелері қағаз қиындыларын құрастырып,
І топ - сабақтың тақырыбын,
ІІ топ - сабақтың мақсаты мен критерийлерін жариялайды.
Бағалау: Топтар бір-бірін «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
Қағаз қиындылары.
5 мин.
(Ұ) Миға шабуыл әдісі Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Алгоритмдердің қандай түрлерін білесің?
Сызықтық алгоритмдерге мысалдар келтір.
Қалай ойлайсың, сызықтық алгоритмдер көмегімен барлық есептерді программалау мүмкін бе? Себебін түсіндір.
Күнделікті тұрмыста орындайтын іс-әрекетімізге кедергі келтіретін шарттарға мысалдар келтір. Мысалы, егер таңертен күн жаңбырлы болмаса, таңғы жаттығуды аулада орындай ма?
Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерін қалай құрастыруға болады?