1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары



бет50/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

48. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
Мақсаты Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету
Бағдарламаның мiндеттерi
a. елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту;
b. мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру;
c. көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту;
d. әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет