51. Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орынын көрсетіңіз.Тәуелсіздігін алған Қазақстанда адамдардың өмірлік болашағы нақтылануда, түрлі бағдарда өрбуде. Тәуелсіздік идеясының тұғыры республиканың тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау, Қазақстандағы ұлттық ынтымақты және қоғамдық бірлікті жетілдіру мақсатымен анықталуда. Елдегі азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-психологиялық белсенділігін арттыру – қазақстандық дамудың басты бағдарларын құрайды. Қазақстан халқының ХХІ ғ. өмірлік өресі: 1) қоғамдағы біртұтас бастамаға және алуан этникалық, түрлі конфессиялық мемлекеттегі тұтастанған рухқа; 2) олардың бір бағыттағы алуан іс-әрекеттердің үйлестікке қатысты. ХХ-ХХІ ғғ. Қазақстанның келбетін қазақтардың өмір сүру салтынан, ұлттық болмысынан тыс түсінуге, олардан бөле-жара қарастыруға болмайды. Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени эволюциясы күрделі, көп сатылы, өте бай. Оның тарихы Шығыс пен Батыс, Азия мен Еуропа өркениетінің тоғысында, дала мен қала кеңістігінде, түркі дәстүрлері мен исламның рухани құндылықтары ая- сында біртіндеп қалыптасты. Қазақстанның қазіргі территориясында қазақ халқы ғасырлар бойы бірігіп өмір сүрді, өсіп өнді. Қазақтар туған жерін қорғау барысында, тұтастанып өмір сүрді, қоғамдық күшке айналды, бірлесуге деген құштарлығын қалыптастырды. Қазақ ұлты мемлекет құратын бірден-бір халық, өзінің саяси жүйесіне басқа этникалық құрылымды топтастыратын шешуші әлеуметтік күш. Қазақтың өмір сүру тәжірибесі Отанға деген сүйіспеншілікті, елдегі ынтымақтың түп-тамырын құрайды. Қазақ халқы жарасымды дәстүр-салтымен Қазақстандағы қуатты тарты- лыс күшіне айналды. Қазақтың, ендігі тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы топтасу, түсінісу, бірлесу, көршілермен жарастық құрған тарихи тәжірибеге ұқсас, сондай ұтымды үйлестікке тәрбиелейді. Кімде-кім халқымыздың татулықты сақтаған даналығын дұрыс ұқса, ол өз елінің болашағына үлкен үмітпен қарайды, ұлағатты мұратқа ұмтылады. Ұлтымыздың да, еліміздің де өзін - өзі анықтаудың іргелі негіздері бар. Олар: 1) Тәуелсіздікке деген, «Ұлы Жібек жолын» қайта жаңғыртуға деген бағыт-бағдар; 2) бірдей еңбектену, халық бірлестігі, тарихтың, мәдениеттің ерекшелігін ескеру және мемлекеттік тілді қолдану жүйесін жетілдіру әрекеті; 3) қазақтың ұлттық мәдениетін толықтыратын тәжірибе сабақтастығы. Қоғамды жетілдірудің осын- дай қазақстандық тәжірибесін әлем мойындауда. Жаңа дәуір, жаңа кезең басты мына постулаттарға деген бұрын-соңғы көзқарастар мен түсініктерді ықшамдауды, өзара ыңғайластыруды қажет етуде. Сонымен: 1) қазақ халқынан және оның мәдениетінен тыс нақты Қазақстан болған емес; 2) Қазақстанның болашағы күллі қазақстандықтардың бірлескен, келісімді өмірінсіз баянды және тұрақты болмайды; 3) әлеуметтік-экономикалық табыстардың тиянақты және мәдениеттегі қозғаушы күштердің тартымды бо- луы өзара сыйластыққа, ынтымаққа, бірлескен әрекетке тікелей қатысты. Халық 6 даналығынан туындаған бұл қағидалардың нақты және тарихи маңызы зор. Достық пен бірлікке арналған бұл ұстаным Қазақстан халқына тікелей қатысты. Еліміздің ендігі дамуы мәнді идеяларды, мәдени қатынастырдың тартымды дәстүрін өмірге сауатты енгізуге байланысты. ХХІ ғ. бейбітшіл саясаттың негізгі идеяларын Қазақстан Президенті Н. Назарбаев халықаралық қатынастардың ұраны және қағидалары ретінде ұсынды. Ол дегеніміз сенім, дәстүр, транспаренттілік және төзімділік. Осы принциптер негізінде Қазақстанның: а) халықаралық қатынастағы тиімді теңдігі орнықты; ә) БҰҰ-ң басты мүшелерімен маңызды серіктестігі қалыптасты; б) қазіргі қауіп-қатерге, оның қайнар көзіне қарсы тиімді іс-шаралары белгіленді. Оң бастамалар ұрпақтар мен құндылықтардың сабақтастығын нығайту арқылы жалғасын тапты; қоғамдық келісім мен халықаралық ынтымақтастық бағдарына негізделінді; тұрақтылық пен тұтастық принциптерін қолдайтын ықпалдастықты арттырды. Жаңа ғасырда ұлттық өркендеу және этникалық түбірге топтасу үрдісі қатар қарқындауда. Екі тенденцияда жаһандану мен экономикалық интеграцияға ыңғайласудың қос түріне жатады. Интеграцияның негізін ұлттық құндылықтарды сақтау және этникалық мәдениеттің өзіндік үлгісін нығайту мүддесі құрайды. Республикамызда туған жер кеңістігіндегі тарихи және ұлттық маңызы басым атауларды қалпына келтіру дәстүрі өріс алуда. Оның өзі тілдік, интеллектуалды мәдениеттің өзіндік ерекшелігін толықтыруға жол ашуда. Халықтың өзіндік бол- мысын жетілдіру тұтыну қоғамының байырғы ығында қараусыз қалдыртқызбайды, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімі мен ар-намысын оятады. Ендігі халық пен алуан этникалық топтардың бірегей, үйлес белгілері республиканың даму қарқынын, Қазақстанның келбеті мен бейнесін анықтай түспек. Сондай-ақ қос бастама - ұлттық факторлардың ықпалды ықшамдылығы мен білім берудің инновациялық жүйесінің идеялық негіздері ел тағдырына ықпалын арттыра бермек.
52. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі мәселесін айшықтаңыз.Ұлттық Қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен кезеңдерін стратегиялық жоспарлау кезінде, сондай-ақ осы саладағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және орындау кезінде міндетті түрде ескеріледі. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттары Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін – іске асырылуына; мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын сақтауға; қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты Қазақстанның халықаралық және қорғаныс салаларындағы, экономикадағы, ішкі саяси, әлеуметтік және ақпараттық салалардағы, рухани өмір мен мәдениеттегі ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған.Жалпы, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік тұрғысында ұстанып отырған саясатына байланысты әскери ғылымдардың кандидаты, доцент Георгий Дубовцев былай дейді:«Қазақстанның ұлттық мүдделері, ең алдымен, оның өңірдегі және ТМД-дағы ықпалды мемлекеттердің бірі ретіндегі ұстанымын нығайтумен, оның БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардағы рөлін арттырумен байланысты. Әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан басқа мемлекеттермен түрлі деңгейлерде ынтымақтастықты жүзеге асырады. Бұл республиканың ұлттық қауіпсіздігінің сыртқы құрамдас бөлігін қалыптастыру. Оны қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі көп деңгейлі дипломатияны жүзеге асыру. Қазақстанның ұлттық мүдделеріне жақын және алыс шетелдермен диалог пен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға жауап береді».
53. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері: экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертудегі реформалар, қиыншылықтары мен жетістіктерін сипаттаңыз.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды. Екінші кезең «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықтан басталып, Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. «Жапондық», «Немістік» тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған «есеңгіретіп емдеу» деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді.Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда кажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы калыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Өндірістік қатынастар — өндіріс, бөліс, айырбас, тұрмыстық игіліктерді тұтыну үдерісінде адамдар арасында объективті түрде қалыптасатын қатынастар. Өндірістік қатынастар қоғамдық дамудың бір сатысын екінші сатысына шектеуде объективті өлшемдерді құрайды, мұның өзі қоғамның бірін-бірі кезекпен алмастырушы тарихи тұрпаттарын – қоғамдық-экономикалық формацияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қоғамның экономикалық құрылымы, заңи және саяси қондырма икемделетін және қоғамдық сананың белгілі бір нысандары сай келетін нақты базис өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайды. Өндірістік қатынастардың екі жағы бар. Бірінші жағы – тікелей материалдық-өндіргіш күштермен айқындалатын өндірістік-техникалық қатынастар; олар технологиямен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты туындайды, мысалы, түрлі мамандықтағы жұмысшылар арасындағы, ұйымдастырушылар мен орындаушылар арасындағы қатынастар, бұлар кәсіпорын ішіндегі немесе қоғам ауқымындағы технологиялық еңбек бөлінісімен байланысты туындайды, Екінші жағы – өндірістік-экономикалық қатынастар; олар өндірістік-техникалық қатынастардан өзгеше түрде адамдардың өндіріс құрал-жабдығына қатынастарын, яғни меншік қатынастарын білдіреді. Өндірістік қатынастардың бұл жағы мен меншік қатынастары мағыналас ұғымдар.