26-билет 1.Темір жетіспеушілік қан аздық(анемия) Қаназдық (анемия) – қан құрамындағы эритроциттердің, гемоглобиннің азаюы салдарынан оттегінің ағзадағы тіндерге жеткіліксіз болуынан пайда болатын ауру түрі болып табылады. • 2. Терінің бозарып, қуарып өңі қашады • Қабақ үсті терісінің өңі кетіп, бозарады: • Тіс қызыл еті қаны қашып ағарады. • Тырнақ ағарып кетеді, әлсіздену, тез шаршау пайда болады • Анемияның ауыр түрінде бет-аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда болуы мүмкін. • Топырақ, бор жеуге әуес балалар мен әйелдер әдетте анемия зардабын шегеді. 3. Қаназдық (анемия) кезіндегі инструменталды зерттеулер жүргізу барысында анемияны анықтау үшін алдымен фиброгастродуоденоскопия көрсеткіштер бойынша асқазаннан қан кеткен кезде рентгенологиялық зерттеулерді көрсеткіштермен фиброколоноскопияны, ректороманоскопия және де жамбас қуысының ағзаларына, ішкі құрылыс ағзаларына УДЗ жасау жүргізіледі екен. 4. Сонымен қатар инструменталды зерттеу жүргізу барысында қаназдықпен ауыратын науқас хирургтың кеңесін, асқазан және ішек жолдарынан қан кеткенді шектеу үшін гастроэнтерологтың кеңесін алу керек. Созылмалы қан кетулерге күдіктенген кезде және тістің қанауы болғанда стоматолог дәрігердің кеңесі, мұрыннан қан кету кезінде оториноларингологтың, ісіктік зақымдану кезінде онкологтың кеңесіне жүгіну қажет. Ал туберкулездің салдарынан болған қан кетуде фтизиатр, бронх, өкпелі жүйедегі қан кету кезінде пульмонолог, жыныс жүйелерінен қан кеткен кездегі гинеколог дәрігердің көмегіне жүгіну міндетті болып саналады. Қан кету себебі кезіндегі гематолог анемияның түрлерін анықтау үшін өте қажет. Ал проктолог ректальді қан кету кезінде және де гельминтоз, паразитоз сияқты құрттардың әсерінен болған анемияда инфекционист кеңесі керек болады 5. Темір жетіспеушілікті қаназдықтың емі ретінде көбіне ең көп қолданылатын препараттар құрамында темірі бар препараттар актиферрин, тардиферон, феррофлекс, ферлатон, феррулекс және тағы да басқа қолдануға болады екен. Егер аталған препараттардың бірі әсер етпеген жағдайда, дәрігер науқастың бұлшық етіне екпемен дәрі енгізу арқылы, гемоглобин 50-ден төмен болған жағдайда, шұғыл көмек ретінде қан құюды қолдылады – Жүктілік кезіндегі қаназдықтың ерекшеліктері болады. Осы жағайда ең көп дамитын қаназдықтың бірі – темір жетіспеушілікті қаназдық болып табылады. Себебі тәулігіне тамақпен бірге адам ағазасына 2,5 мг темір түсуі керек. Ол негізінен етті тағамдардың құрамында болғандықтан жүкті әйелдер көбінесе жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, құрамында темір препараттары бар тамақтарды тұтынбағандықтан темір жетіспеушілікті қаназдыққа жиі шалдығады 7.Жалпы қан анализінің кестелік көсеткіші Көрсеткіш қалыптысы Гемоглобин Ерлер: 130-170 г/л Әйелдер: 120-150 г/л Эритроциттер Ерлер: 4,0-5,0•1012/л Әйелдер: 3,5-4,7•1012/л Лейкоциттер саны шамамен 4,0-9,0×109/л Гематокрит Ерлер: 42-50% Әйелдер: 38-47% Эритроциттің орташа көлемі Шамамен 86-98 мкм3 Лейкоцитарлы формула Нейтрофилдер: • Сегментоядролы форма 47-72% • Таяқшаядролы форма 1- 6% Лимфоциттер: 19-37% Моноцит: 3-11% Эозинофилдер: 0,5-5% Базофилдер: 0-1% Тромбоциттер саны шамамен 180-320•109/л ЭТЖ (Эритроциттер Тұну жылдамдығы) Ерлер: 3 – 10 мм/ч Әйелдер: 5 – 15 мм/ч