Қабылдаудың тұрақтылығы(константтылығы). Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттердің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналырының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз Өйткені олардың шындықтағы қалпы сондай. Қабылдаудың констаттылығы балалады 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Бейненің тұрақты түрде келтіруде, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғарғы психикалық функция─сөз.
Қабылдаудағы иллюзия. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стаканға салынған қасықтың «сынған» құсап тұруы физикалық қасиеттермен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты.
Иллюзия табиғаты ғылымда әлі толық зерттелмеген.
Апперепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперепция деп атайды. Апперепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады.
3.Көбейту және бөлу. Көбейту амалы
Анықтама: Теріс емес бүтін а және в сандарының көбейтіндісі деп келесі шарттарды қанағаттандыратын А*В түріндегі теріс емес бүтін санды айтамыз:
Егер В>1, А*В=А+А+...+А}В рет
Егер В=1, А*В=А
Егер В=0, А*В=0
А және В сандарының көбейтіндісін табу амалы көбейту деп аталады.
Көбейтудің компоненттері: А*В=С, мұндағы А-көбейткіш, В-көбейткіш, А*В- өрнегі – көбейтінді, ал С- көбейтіндінің мәні.
Көбейту заңдары 1.Көбейтудің орын ауыстырылымдық(коммутативті) заңы N(A*B)=N(B*A) AB=N(A*B)=N(B*A) AB=BA
2.Көбейтудің терімділік(ассоциативті) заңы. Кез келген теріс емес бүтін сан а,в және с сандары үшін (АВ)С=А(ВС)