3.Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік(дистрибутивті) заңы. Кез келген теріс емес бүтін сандары үшін (А+В)С=АС+ВС теңдігі орындалады.
4.Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік заңы. Кез келген теріс емес бүтін а, в, с және асв сандары үшін (А-В)*С= АС-ВС теңдігі орындалады.
Бөлу амалы
Анықтама: Теріс емес бүтін А және В натурал сандарының бөліндісі деп А=n(A) болатындай А жиынын өзара қиылыспайтын ішкі жиындарға бөлшектегендегі ішкі жиындардың немесе ішкі жиындардың элементтерінің санын айтамыз.
А:В бөліндісін табу амалын бөлу деп атаймыз.
Бөлудің компоненттері: А:В=С, мұндағы А-бөлінгіш, В-бөлгіш, А:В өрнегі – бөлінді, ал с- бөліндінің мәні.
Кез келген теріс емес бүтін санды нөлге бөлуге болмайды. А*В=С Егер бірінші көбейткіш А белгісіз болса, онда А=С:В немесе екінші көбейткіш В белгісіз болса, онда В=С:А .
Ереже: Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлеміз. Көбейтуді бөлу арқылы тексеруге болады. А:В=С Егер бөлінгіш А белгісіз болса, онда А=В*С
Ереже: Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеміз. Ендеше, бөлуді көбейтумен тексеруге болады.А:В=С Егер бөлгіш В белгісіз болса, В=А:С Ереже: Белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз. Ендеше, бөлуді бөлу арқылы да тексеруге болады.
12-билет 1.Оқыту принциптері мен заңдылықтары. Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары: Қоғам талабы оқытудың мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іскерлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
Дидактиканың заңдылықтарының ерекшелігі – оқыту процесінің бөліктері- оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез келген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
Принцип- латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері- мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский.