14-билет 1.Мектептердің жаңа типтеріндегі білім беру мазмұны. Жаңа типті мектептер әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде дамыта отыра білім беретін орта оқу орындары. Көпшілігі жаратылыстану, ғылыми, гуманитарлық, эстетикалық бағыт болып келгенмен техникалық, педагогикалық бағдарламалар да бар. Гимназия жастар талабына жол ашып, таланттарының жан-жақты жетілуіне толық мүмкіндік ашады, онда пәндер терең оқылады. Гимназиялардың материалдық негізі базасы жақсы болу керек. Оқушылар саны жоғары сыныпта 15-18, төменгі сыныпта 25. Гимназияға шәкірттерді қабылдаудың үш өлшемі:
• интеллект;
• білім іскерлігі және дағдыларын тәжірибеде күрделі мәселелерді шешуде пайдалана білу;
• тыңғылықты және толассыз пайдалы еңбек етіп, өзін-өзі тәрбиелеп, жүйелі оқып үйренуге, ізденуге қабілет.
Элитарлық білімді реформа әкелді. Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында жалпы білім және элитарлық білім үлгісін біріктіру ұсынылған.
Өркениетті елдер санаткерлік элитаны қапыптастыру процесіне ықпал етудің белгілі бір тәжірибесін жинақтады.
2.Ес түрлері. Балалардың есте сақтау үрдісін дамыту. Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
Психикалық белсенділікке қарай
1.Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;
2.Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;
3.Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;
4.Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
Мақсатқа қарай
1.Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
2.Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай
1.Қысқа мерзімді есте қалдыру;
2.Ұзақ мерзiмдi есте қалдыру (Ұзақ мерзiмдi ес);
3.Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.