3.Музыка сабағындағы ән үйрету әдістері. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әнге үйрету әдістері де ерекше болып табылады.
Дауыс жаттықтыру 1. Әннің мазмұнымен таныстыру, авторлары мен таныстырып сүретін көрсету 2. Әнді мұғалім мәнерлеп, аспапқа қосылып орындап беру 3. Әннің сөздері мен таныстыру, мазмұнын айту 4. Әннің шумағын 2 жолдан, буынға бөліп көрсету, үйрету 5. Шумақ пен қайырмасын орындап үйрену 6. Тыныс алу тәртібіне көңіл бөлу, жаттықтыру 7. Әртүрлі тақырыптардағы әндерді үйреткен кезде көркем сүреттер қолдану арқылы сұрақ-жауап арқылы кіріспе әңгімелер жүгізу керек. Мысалы: «Бақытты балалық шақ»
Сөзін жазған Ж. Тұрбеков
Музыкасы Әбілахат Еспаев
1
Жарыстықпен жайнатып өмір көркін
Гүл-бақшада сайрандап өскен еркін.
Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз
Келешекте ұлы істі меңгеретін
2
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын
Зәулім мектеп, кең сарайын , түрлі алаң,
Не керектің біз үшін бәрі дайын.
3
Білім шыңын өрлейміз басып алға,
Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Көк туымыз желбіреп қолымызда
Әндерді үйрену әдістері: біріншіден оқушылардың отыру және тұру тәртібіне көңіл бөлуін талап етеді.
Кеудені түзу тік ұстап, қолды тізенің үстіне қою( отырғанда), немесе түзу екі жағына жіберу ( тұрғанда).
Екіншіден дем алу тәртібі: ән айтар алдында демді иықты көтермей ішке терең алып белгілі бір тиянақты ойды білдіретін фразаға дейін үнемдеп жеткізу. Дирижерлеп тұрған мұғалімнің қолының көтерілуіне байланыстыруға болады.
Үшінші талап: дыбыстау немесе дыбыс шығару интонацияға сәйкес дегеніміз, дыбысты дәл өзінің биіктігімен шығару.
Төртінші талап: дикцияға көңіл бөлу. Әннің сөздерін анық айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа анық меңгеру.
13-билет