2.Психикамен сананың пайда болуы, дамуы. Психика, сана - материяның ең жоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен окиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Психиканы және оның жоғары түрде дамыған сатысы - сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері - психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.
Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм – барлық табиғатқа: биопсихизм – тек тіршілігі бар материяға нейропсихизм – тек нерв жүйесі барларға. Бұл теориялар психикаға біржақты қарап, қарапайым түсінік береді. Тіршіліктің пайда болуы – материя дамуының жаңа сатысы, ол өзінің құрылысы жағынан күрделі және ерекше қасиеттерге ие болды. Бұл қасиеттің бірі – тітіркенушілік, яғни сырттан тиетін әсерлерге организмнің беретін жауабы. Бұл тірі табиғаттың бейнелеу организмінің жалпы түрі. Оның жеке көрністерінің түріне мыналар жатады: настия, тропизмдер оның өзі - фототропизм, хемотропизм, термотропизм болып бөлінеді.
Психиканың сезімталдығының тітіркенушіліктен айырмашылықтары:
1.Сезімталдық бейнелену анализаторлар арқылы жүргізіледі, яғни денедегі әрбір сезімге, мысалы, көз, құлақ, бейімделген органдар арқылы.
2.Психиканың сезімталдығы табиғиғаттың көптеген заттары мен құбылыстарын бейнелеуге мүмкіндік береді.
3. Психика сырттағы дүниенің қасиеті мен заттарын елестете алады.
4.Жақсы дамыған жануарлардың елестері сигналдық роль атқарады. Сондықтан да олардың сырттағы өзгерістерге бейімделу қабілеттері күшті болады.
5. Психикасы бар тірі жандар, тіпті төменгі сатыда тұрса да, әралуан күйініш – сүйінішті сезе алады. Мысалы, желімге жабысқан дызылдауы.
Шартты рефлекстер - өмір тәжірбиесінің негізі. Психиканың эволюциясы (дамуы) тікелей емес, бірнеше бағытта болған.
Психиканың өзінің даму сатыларына келсек:
- біріншісі қарапайым сенсорлық (сезімдік) психика сатысы
- келесі даму сатысы - перцептиптік психика сатысы.
- психиканың дамуының ең жоғарғы сатысы – интеллект сатысы.
Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығын, оның өсіп, дамып отыратындығы ғылымға ерте кезден-ақ мәлім. Әсіресе, бұл жөнінде Дарвиннің эволюциялық теориясы көп жаңалықтар қосумен бірге бұл мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар енгізді. Психиканың өсіп дамуына эволюциялық теорияның көзқарасы бойынша өсіп-даму, жай ғана көбею немесе азаюды қайталаумен ғана пара-пар.
Даму– сапалық даму емес, жалғыз ғана сапалық даму. Ескі сапалар құрып, олардың дамуына жаңа сапалар пайда болмайды, даму - бір қалыпта, біркелкі жайбарақат қана дамып отырады. Психиканың дамуын жалғыз ғана сыртқы өзгеріс емес - психиканың мазмұнымен байланысты ішкі сапалы даму.
Психиканың ең жоғары формасы - адамның санасы. Сана адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі.Адам санасының қалайша пайда болғандығы ғылыми тұрғыдан бірден-бір дұрыс түсіндірген марксизм классиктері болды. Маркс пен Энгельс адамның санасы еңбек ету процесінде пайда болған, адам қоғам мүшесі, сондықтан да оның санасы әлеуметтік-тарихи құбылыс деп түсіндіреді. Психика органикалық материяның бәрінде бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тірі организмдердің төменгі формаларын табу қиын. Психика материяның жоғары формасында жанды материяның ғана қасиеті. Тірі материяның төменгі түрлеріне тітіркенушілік, ал оның жоғары түрлеріне сезгіштік қасиет тән. Сезгіштік – психиканың ең бастапқы белгісі.
Жануарлар психикасының негізгі түрлері: Инстинктер(латын сөзі, мағынасы «санасыз ұмтылу»). Жануарлардың биологиялық дамуы, нерв жүйесінің түрліше құрылымына қарай, олардың мінез-құлықтары әр түрлі болады. Инстинкт көбінесе дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлық формасы. Мұны қазақша «соқыр сезім» деп атайды. Жануарларда болатын инстинкт – организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез-құлық түрі. Жануарларда дағды дара тәжірибенің нәтижесінде қалыптасады. Қазақтардың малға бас білдіру, үйрету дегендері осы дағды. Ми қабығының құрылымы күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы оңай, тез болады. Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі мінез-құлық. Маймыл адамның ұрпақтары ежелгі адамдар немесе неандертальдар деп аталады. Олар бұдан 250-400 мың жыл бұрын тіршілік еткен. Бұдан 40-38 мың жыл бұрын қазіргі типтегі адамдар пайда бола бастады. Олардың қалдықтары Францияда табылған, сондықтан оларды кроманьондықтар деп атады. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының факторлары. Еңбек жұмыс атқаратын органдар – бас пен қолды жетілдіреді.Адамның қолы тек еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына творчестволық құралға айналды. Ойлау қабілеті қалыптасты.
«Сана дегеніміз» - ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдардан және заттардан арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады. Сана жеке адамға тән дара қасиет. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді.