1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Қабылдау туралы жалпы ұғым. Оның кейбір ерекшеліктері



бет32/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

2.Қабылдау туралы жалпы ұғым. Оның кейбір ерекшеліктері.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелеуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнелуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Сөйтіп, қабылдау – бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
Қабылдау тұтастығы. Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. Егер «Дударай» операциясындағы Мариям әнінің басталуын ғана құлағымыз шалса, осы әннің мазмұнын тұтастай қабылдай аламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылданбайды. Мұны үш бұрышты тұтас бейнесі деп түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін құрайды.
Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығы айқын көрінеді.
Заттармен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі ─ тану. Нәрсені тамынайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және дарылап тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса, солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік адамдардың арасынан таныс дадамды бірден тану.
Қабылдаудың таңдамалылығы. Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамылылығы делінеді.Егер кітапта «университет» деген сөз «унвеситет» деп қате жазылса да, оны біз «университет» деп дұрыс оқимыз. Қабылдаудыңтаңдамалылығы әр түрлі объективтік және субъективтік себептерге де байланысты болады.
Мұғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады да, қалғандарының жауабы жөнді есептелмейді. Сөйтіп, аса зейін қойған зат әр кезде фигура болады да, оның оның айналасындағы қоршау фон болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет