1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


-билет 1.Дидактика пәні, міндеттері



бет29/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

10-билет
1.Дидактика пәні, міндеттері.
Дидактика (гр.didaktikos – үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні – адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни студенттердің білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін оқытушы ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактиканың міндеті- білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика «нені оқыту керек», «қалай оқыту керек» деген екі үлкен сұраққа жауап береді.
Дидактиканың негізгі ұғымдары: сабақ беру, оқу, оқыту, білім беру, білім, іскерлік, дағды, оқытудың мақсаты, мазмұны, түрлері, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Сабақ беру– оқыту мақсатын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін оқытушыдердің тәртіпке келтірілген іс-әрекеті.
Оқу - процесс, оның барысында студентда тану, жаттығу және тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады.
Оқыту - қойылған мақсатты орындауға бағытталған оқытушы мен студенттердің тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады.
Білім беру – студенттің оқыту процесінде ие болған білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.
Дидактика терминін неміс педагогы В.Ратке (1571-1635) ғылыми айналымға алғаш енгізді.
Я.А.Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде жасап, балаларды оқытудың бірізділікті ұстанымдарын және ережелерін ұсынды. Ол «Ұлы дидактика» (1657) еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б.
2.Түйсіктің жалпы заңдылықтары.
Түйсіктің негізгі заңдылықтарына: сезгіштік табалдырықтары, адаптация, өзара әсер(сенсибилизация), синестезия, бір ізді бейнелер.
1.Сезгіштік және табалдырық
Психологияда адамның түйсіне алу қаблетін сезгіштік деп атайды. 1) Сезгіштік абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп eкіге бөледі Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштері түйсінe алуы. Айырма сезгіштік деп сезгіш мүшелерінің тітіркендіргіш арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады.
2.Адаптация
Сезім мүшелеінің ceзгіштігi әсер етушi тітркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді.
Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын, немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай- қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегi адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кipy бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз.
Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иici 1—2 минуттан кейiн сезілмейтін болса, нашатыр спиртің иісіне адаптациялану тезірек болады.
3.Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштің түрлi жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсететін болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.
Сезім мүшелерінің біреуінің. әсерінен басқаларының ceзгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер eтіп тұрған басқа тітіркендіргіштің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсіктің сезімталдығының артуына да ceбепшi болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20—30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
4.Синестезия
Тітіркендіргіштің сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар 6iреудің сөзін есіткенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де ceзінуi мүмкін. Мұндай адамдардың бipi қызғылт түстен жылылықты, екіншілеpi — көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипай сезу, иic, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысынын, мөлшерден тыс дамыған бip көрінісі.
5.Бip ізді образдар
Tiтіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бip iздi образдар деп атайды. Бұлар көру, есту. иic, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі Мәселен, адам 2—3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса, жарықтың iзін айқын көре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет