1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


-билет 1.Мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы



бет26/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

9-билет
1.Мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы.
Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолы қарастырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және халық бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К.Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық ілім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.
Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы. Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан әр құлшынысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам мен заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асыратын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, негізгі заңда (Конституцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет