1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет24/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

«Шаттық шеңбері» - тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады. Тәрбиеші өзінің қалауы бойынша сабақтың тақырыбына сәйкес олардың мазмұнын өзгертуге және тәжірибе барысында балалардың ойлау мүмкіндіктеріне қарай орайластыра өткізуіне де болады.
«Әңгімелесу» — бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Балалар әңгімелесу әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын саналы түрде меңгереді.
• Мұғалімді және бір-бірін тыңдауға, тыңдаған шығарманы түсінуге үйренеді.
• Әр бала тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, өз ой-пікірін айтады.
• Мұғалімді балалардың ойын, пікірін мадақтап, түрлі жағдайларға баға беруге үйретеді.
«Әңгімелеу»- балалардың көркем әдебиет шығармаларын, өмірдегі жағдаяттар, өсиет-әңгіме, өлеңдерді, күнделікті тұрмыста кездесетін жеке әрекет-қылықтарын тыңдауда жетекші рөл атқаратын маңызды әдістердің бір түрі.
• Бала шығарма арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен танысып, негізгі ойды түсінуге үйренеді.
• Бала адамгершілік жөнінде жаңа ережелер мен ұғымдарды түсініп, бойына ..
• Шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып, олардың жақсы немесе жаман екенін талдауға үйренеді.
«Дәйексөз»— балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды - бейнелі қабылдауына ықпал ететін озін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады. Дәйек сөз ретінде алынып отырған халық мақал-мәтелдері, нақыл сөздер сабақта айтылатын негізгі ойды білдіреді.
«Ойын»— балалардың танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойындар (іскерлік, сюжеттік-рөлді, қимыл-қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет