1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі



бет23/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Тәрбиелік әртүрлі шаралар бір-бірімен сабақтастықта болуы шарт және өткізілген тәрбиелік шаралардың мазмұны жағынан логикалық жалғасы болуы қажет.
5. Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің мақсатыбаланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқарас пен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтырудың, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.
2.Зейіннің негізгі қасиеттері.
Зейіннің негізгі қасиеттері тұрақтылығы, зейіннің аударылуы, бөлінушілігі, көлемі, алаң болушылық. Зейіннің тұрақтылығы-адамның зейіні бір обьектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.Зейіннің аударылуы деп бір обьектіден екінші обьектіге назарымызды көруді айтады. Зейіннің бөлінушілігі-адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді.Адам зейінін екі не үш нәрсеге бөле алады.Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын обьектілерінің санын айтады.Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.Алаң болушылық деп белгілі бір обьектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады.Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады
3.Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері.
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытудың әдіс-тәсілдері:
Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәс-түрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесу», «Әңгімелеу», «Дәйексөз», «Ойын», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс», «Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет