1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


-билет 1.Отбасы- бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы



бет19/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

7-билет
1.Отбасы- бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың төртібі, міндеттері, қойылатын
талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.
Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:
• отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
• тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.
• отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
• .Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:
• отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;
• баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;
• отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет