1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері



бет17/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
• өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
• оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
• сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;т. б
2.Ұжым және жеке адам.
Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.
Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.
Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады.
Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс — тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогика-лық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, даму-дың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.
Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай,табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педаго-гикалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекет-тердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениеті-нің кемшілігі, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған:
1) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм);
2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады;
3) Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет