2.Түйсік туралы түсінік. Түйсік түрлері. Сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер ету ұшін пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін,иісін, дәмін, катты жұмсактығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді касиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен онын кеністікке орналасуын, жеке бөліктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол-білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыннан көзін жұмуын өтетін, оның алақанына белглі аз 6ip затты тигізсең, сосын одан оның не екенің сұрасаң, ол: «Қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бip нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестepi түйсік болып табылады.
Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-кайсысы болмасын (көру, есту, козғалыс т. б.) үш бөліктен кұралады. Олар: біріншi перифериялық сезім мүшeлері (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргішті нервтік қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі —өткізгіш бөлім рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар (миға баратын нерв талшықтары) Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен козуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті (кұрамы) — мидағы түрлі нерв орталықтары. Бұл тітіркендіргіштер нәзік айыра алуға қабілетін нейрондардан тұрады.
Түйсіктердің түрлері улкен үш топка бөлуге болады.
Сыртқы дуниедегі заттар мен кұбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын туйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардын рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иic, дәм, тepi түйсіктері жатады.
Ішкі мушелеріміздің күйін беннелейтін (хабарлайтын) туйсіктерге түрлі органикалық туйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктep хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприоцептор деп аталынады.