3.Қимыл-қозғалыс ойындарының сауықтырушылық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл-қозғалыс ойындарына жетекші рөл беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан-жақты ықпал жасайды.Ойын процесінде балалардың қозғалтқыштық ширақтылығы бүкіл ағзаға жігерлілік жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді,өмірлік тонусын арттырады.
Қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты.
Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдардың жақсы үйлесімінен,кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен,тапсырманы жедел қарқынмен баураған балалардың осындай әуестенуі кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің рөлі артады.
Қозғағыш іс-әрекет қимыл қозғалыс ойындары белгілі бір ерекшелікке ие: ол баладан белгіні тез сезінуді және күтпеген жерден ойын жағдайын өзгертуді талап етеді.
Ойын кезінде пайда болатын әр түрлі жағдаяттар қимыл мен әрекеттің сипатын, қимыл бағытының тез өзгеруімен бұлшық ет ширығуының дәрежесін өзгерту қажеттігін туғызады. Мысалы, «Соқыр теке» ойынында әрбір бала жетекшінің әрекетін назар аудара бақылауы керек. Ойындағы кейіпкер жақындаған кезде балалар жан- жаққа тез қашып кетеді. Өзінің қауіпсіз жағдайда екенін сезген соң қимыл қарқынын бәсеңдетеді, тежейді, тоқтайды. Кейіпкер тағы да жақындаған кезде ол қимылын тағыда тездетеді.
В.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасының бекіп, ағзасының қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауда қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады.
Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді. Ойын барысында балалар әртүрлі қимыл жасайды: тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды.