26-билет 1.Ынтымақтастық педагогикасы.
Ынтымақтастық технологиясы – оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, оқытушының оқушыға басымдылық көрсетпеуі. Мақсат, талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына өту; оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру.
К.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, Ж.-Ж. Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн идеяларының негізінде ынтымақтастық педагогика туындады.
Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты анықталған:
1. Педагогикалық талап етуден педагогикалық қарым-қатынасқа көшу.
2. Балаға ізгілік-жеке тұлғалық тұрғысынан қарау.
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесінде негізгі орынды «мұғалім - оқушы» алады. Мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект. Ендеше бұл екі субъект бірге әрекет етіп ешқайсысы бір-бірінің үстінен қарамайды. Ынтымақтастық педагогикасының төрт бағыты бар.
1.Балаға ізгілік - тұлға тұрғысынан қарау. Мектептің білім беру жүйесінің орталығына жеке тұлғаның барлық қасиеттерін дамыту қойылған. Мектеп мақсаты – жеке тұлғаның толық және азат дамуы үшін ішкі күшпен мүмкіншіліктерді ояту. Тұлғаға оқу-тәрбие үрдісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау, педагогикалық қарым-қатынастың ізгіліктілігі және жариялылығы нәтиже бермейтін әдістерден бас тарту, жағымды Мен – тұжырымдамасын қалыптастыру ізгілік жеке тұлға тұрғысынан қарау идеяларын біріктіреді.
2.Дидактикалық белсенді және дамытушы кешен. Баланы «қалай» және «неге» оқыту керек деген сұрақтардың жаңа мүмкіншіліктері ашылады. Оқу мазмұны жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастырады. Оқыту қорытылған білім-білік дағдылары және ойлау қабілеті бойынша жүргізеді. Интеграция вариативтілік жағымды жағдай тудырады.
3.Тәрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамасы қазіргі заман мектептеріндегі тәрбиенің дамуына сәйкес: білім мектебін тәрбие мектебіне айналдыру, оқушының жеке тұлғасын тәрбие жүйесінің орталығына қою, жалпыадамдық құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің ізгілік бағыттары, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдени дәстүрлерді жаңғырту, жеке тұлғалық және ұжымдық тәрбиені ұштастыру.