1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


Қатты алкандарға парафиндер және церезиндер жатады



бет53/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)
КТГ 6 сем, икт рк, мидтерм икт тест
Қатты алкандарға парафиндер және церезиндер жатады.
Парафиндер - негізінен нормальдік құрылысты және кірме ретінде
тармақтандырылған алкандар бар қатты алкандар қоспасы. Церезиндер
- негізінен құрылысы тармақталған қатты алкандардың қоспасы. Қатты
парафиндер барлық мұнайларда, бірақ көпшілігінде аз мөлшерде,
ондық үлестен 5%-ға дейін кездеседі. Нағыз парафиндік типті
мұнайларда олардың құрамы 7-12%-ға дейін артады. Қатты
парафиндердің орасан зор құрамы (15-20%) Маңғыстау жартылай
аралындағы (Жетібай, Өзен) мұнайларда кездеседі.
С16 жəне одан жоғары мұнай парафиндері мен церезиндердің
құрамына кіретін алкандар – қалыпты жағдайда қатты заттар.
С16H34 гексадекан 18,1°С-та балқиды. Сn
H2n+2 құрамындағы қалыпты
құрылысты көмірсутектердің молекулалық массасы жоғарылаған
сайын олардың қайнау жəне балқу температурасы біртіндеп
өседі. Қатты алкандар барлық мұнайлардың құрамыны кіреді,
бірақ көбінесе аз мөлшерде (ондаған үлестен 5%-ға дейін). Қатты
алкандардың мөлшері Өзексуат, Жетібай жəне Өзен мұнайларында
өте жоғарғы (15-20%). Қатты алкандар мұнайлар құрамында еріген
немесе қалқыған кристалдық түрінде болады. Мазутты айдағанда май
фракциясының құрамына С18-С35 құрамдағы алкандар өтеді. Гудрон
құрамына жоғары температурада балқитын С36-С53 көмірсутектер
жиналады. Бұл көмірсутектердің изомерлері өте көп, бірақ көпшілігі
мұнайда түзу тізбектілер түрінде кездеседі.
Мұнайдың құрамында тек қатты парафиндер (С15-С32) ғана емес,
жоғарғы молекулалы жəне балқуы жоғарғы озекерит деп аталатын
жанғыш минералдан алынатын церезиндер де (С32-ден жоғары) кіреді.
Церезиндер қасиеті жəне құрылысы бойынша да парафиндерден біршама ерекшеленеді. Парафиндер жеңіл, церезиндер қиын кристалданады. Мұнай парафиндері негізінен əртүрлі молекулалық массалы
алкандар қоспасы болса, ал церезиндердің негізгі компонеттері молекулаларында изоқұрылымы басымдау нафтен көмірсутектерінен
тұрады.
Парафинді мұнайлардан бөлінетін қатты көмірсутекті қалдықтар
– гач жəне петролатум. Бұлар парафин мен церезин алуда шикізат
болады.
Парафиндер мен церезиндер өте көп салада əртүрлі қолданыс
табуда: электр жəне радиотехникада, қағаз, күкірт, химия, тері
өнеркəсібі, парфюмерияда жəне т.б. Қазіргі кезде сұйық парафиндер микробиологиялық заттарда витаминді белок концентраттарын
(ВБК), майлы қышқылдар, спирттер алуда кеңінен қолданылады
29 билет

  1. Мұнайдың орташа молекулалық құрам бөліктері




  1. Мұнайдың жоғары молекулалық құрам бөліктері 

  2. Мұнай құрамындағы гетероатомдық қосылыстар 





  1. Мұнайдың жоғары молекулалық құрам бөліктері 

  2. Мұнай құрамындағы гетероатомдық қосылыстар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет