1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны



бет23/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

Сыну коэффициенті
Мұнай өнімдерінің сыну көрсеткішін жарық сәулесінің ауадан мұнай өнімдері арқылы өтуі кезінде анықтайды, сондықтан оның шамасы әркезде 1 жоғары болады. Мұнай фракциясының қайнау температурасы жоғары болған сайын, оның тығыздығы мен сыну коэффициенті жоғары болады. Сыну көрсеткіші арқылы мұнай өнімдеріндегі көмірсутектердің топтық құрамы туралы болжам айтуға болады, ал тығыздық пен молекулалық массаны қосып алғанда мұнай фракциясының құрылымдық-топтық құрамын есептеуге болады.


12 билет
1. Көмірсутектерді термиялық өңдеу процестері
Мұнай өңдеу өнімдерінің ауыр қалдықтарын термиялық крекинглеу процесі автомобиль бензинін (ескірген әдіс), кокс өндірісінің шикізаты – жоғары ароматталған газойлді, аз тұтқырлықты қазандық мазутын алу үшін қолданылады. Процесс 470-540 oС температурада, 2-7 МПа қысымда жүргізіледі. Автомобиль бензинін алу үшін шикізат ретінде салыстырмалы жеңіл мұнай фракциялары (200-350 oС) қолданылады. Тұтқырлығы төмен қазандық жанар майларының, сонымен қатар күйе мен кокстың шикізаты ретінде мұнай қалдықтары – жартылай гудрондар және гудрондар қолданылады.
Термиялық крекингтің негізгі өнімдеріне көмірсутекті газ, крекинг- бензин, керосин-газойлды фракция, термогазойл және крекинг-қалдық жатады. Термиялық крекинг газының құрамында қанықпаған көмірсутектің мөлшері біршама болғандықтан, оларды мұнайхимиялық шикізат ретінде қолданады. Бензиннің химиялық тұрақтылығы төмен және октан саны аз (66-68) болғандықтан, оны қосымша тұрақтандыру қажет болады. Термогазойль – техникалық көміртегі өндірісі үшін шикізат ретінде қолданылады.

2. Термиялық процестерде жүретін реакциялары
Мұнай өңдеудің термиялық процестері (крекинг, пиролиз,
кокстеу) деп температураның кең аралығында (крекингтің алдында
болатын іс жүзінде әлсіз температурадан, біздің зерделеуімізге
болатындай жоғары температураларға дейін) көмірсутектердің
химиялық өзгерістерін айтады. Крекинг пен пиролиздің негізіне бірдей
типті химиялық реакция жатады, алайда бұл терминдер әдетте әр түрлі
температуралық режимдерге байланысты айтылады: крекинг (әдетте,
каталитикалық) деп 350-650ºС болатын көмірсутектердің термиялық
ыдырауын, ал пиролиз деп 650ºС-ден жоғары температураларда
болатын термиялық ыдырауды айтады.
Мұнайды және мұнай фракцияларын өңдеудің өнеркәсіптік
маңызды термиялық деструкциялық процестері газ фазасында да,
сұйық фазада да жүзеге аса алады.
Газ фазасында көмірсутектердің термиялық реакциялары
молекулалық түрде де, радикалдық тізбекті және радикалды тізбексіз
түрде де жүруі мүмкін. Термиялық процестер жағдайында иондық
реакциялар жүрмейді, өйткені С−С байланысының гетеролитикалық
ыдырауына (1206 кДж/моль), гомолитикалық ыдырауға (360
кДж/моль) қарағанда, әлдеқайда көп энергия қажет болады.
Көмірсутектердің молекулалық реакциялары аз таралған және
мұнай көмірсутектерінің термиялық реакцияларында болмашы рөл
атқарады; қаныққан көмірсутектер үшін молекулалық реакциялардың
рөлін елемеуге болады, өйткені реакциялар аралық радикалдар түзіп,
айтарлықтай үлкен жылдамдықпен жүреді. Қазіргі кезде
көмірсутектердің газфазалық термиялық реакцияларының радикалдытізбекті механизмі көбірек қабылданған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет