1 билет Нақты сандар теориясы. Жиындардың қуаты


Спиральді білім беру бағдарламасы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі58,77 Kb.
#87522
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
1 билет

Спиральді білім беру бағдарламасы
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын бол­са, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады.
Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерек­шеліктері:
-оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
-әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
-жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтары­на назар аударады:
-оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
-спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
-оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қол­дануға жетелеу ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет