Догматикалық оқыту – оқушылар бұл материалды есте сақтап, сөзбе-сөз еске түсіруі керек болады. Оқытудың бұл түрі механикалық естің дамуына көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл ойының өсуіне жағдай жасамайды.
Түсіндіру-суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік – мұндай оқытудың негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау – оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқығанды қатесіз жаңғырту – негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі.
Бағдарламалық оқыту – тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар көмегімен оқушының өз бетіменмеңгеруі. Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады. Бағдарламалық оқытуды машина арқылы да, машинасыз да жүзеге асыруға болады. Арнайы оқыту бағдарламаларымен жұмыс істейтін қәзіргі компьютерлерде оқушыларға арналған түрлі бағдарламалар бар.
Модульдік оқыту – баланың белсенді оқыту қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді. Модуль дегеніміз – мұғалім жасайтын оқушының оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары.
Дистанциялық оқыту, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру. Дистанциялық оқытуға тән нәрсе жоғары мотивация және оқушылардағы дамыған танымдық қызмет, тек осылай болғандаоқушылар интерактивтік режимде жұмысістей алады.