Билет №17
1.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық іс-әрекет
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Педагогика ғылымында педагогикалық шеберлікке түрлі көзқарас бар. Бір топ ғалымдыр педагогикалық шеберлікті меңгерген мұғалімнің интуициясы мен білімі жетік, ғылыми жағынан беделді, педагогикалық қиындықтарды жеңе білетін, басшылыққа икемді, баланың жанын түсінетін дарынды қабілеті бар, оқушы тұлғасына нәзік және аялаулықпен ықпал етіп, даналық пен шығармашылық тұрғыдан ойына түрткі туғызатын, ғылыми талдауға қабілетті, қиялы жетік болуы шарт деп санайды.
Педагогикалық шеберлікке педагогикалық біліммен бірге, интуиция, аз күш жұмсап, тиімді нәтижеге жететін педагогикалық техниканы таңдай білу де қамтылады. Педагогикалық шеберлік дегеніміз үнемі жеткен межеден арыға қол созу. Педагогикалық шеберлік кез келген іс-әрекетті жүзеге асыруы үшін арнайы білім, дағды, әдетті меңгеруге байланысты. Осы айтқандарды ескере отырып, педагогикалық шеберліктің төрт құрамды бөлігін ажыратуға болады: оқушылардың жеке және ұжымдық қызметін ұйымдастыру шеберлігі; оларды сендіру шеберлігі; білім және іс-әрекет тәжірибесін меңгерту шеберлігі; педагогикалық техниканы меңгеру шеберлігі. Педагогикалық қызметте осылардың бәрі тығыз байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |