Ұйқы бұзылысының түрлері:
* Инсомния(Біріншілік форма, екіншілік форма)
* гиперсомния
* парасомния;
* тыныс алудың бұзылуымен байланысты ұйқының бұзылуы; ( обструктивті- тыныс алу жолдары аурулары; орталық апноэ синдромы)
* ұйқымен байланысты қозғалыс бұзылыстары;
. * ұйқының басқа бұзылыстары.
ИнсомнияБұл жағдайда адамға ұйықтау қиынға түседі, тіпті ұйықтаған күннің өзінде, ол ұзаққа созылмайды. Ұйқы бұзылысы организмнің нашар психологиялық жағдайға реакциясы ретінде пайда болады.
ГиперсомнияШамадан тыс ұйқышылдық. Организмге күніне 12-20 сағаттық ұзақ ұйқы қажет болады, соның өзінде адам сергек жағдайда жүрмейді. Ол созылмалы ұйқы қанбауда немесе ауыр стресстік жағдайларда пайда болады. Нарколепсия(сонный паралич) гиперсомнияның подтипі болып табылады, күндізгі ұйқышылдық және кенеттен ұйықтап қалу ұстамаларымен сипатталады. Катаплексия ұстамалары да болады, яғни есі анық жағдайда аяқ астынан бұлшық ет тонусы жоғалады. Түнгі ұйқы бұзылады, гипнагогикалық (ұйықтар алдында) және гипнапомпикалық (оянар кезде) галлюцинациялар пайда болады.
Парасомния Бұл кезде ұйқы фазаларында іркілу болады. Түн ортасында жиі-жиі оянып кетеді. Бұл кезде Ұйқымен байланысты галлюцинациялар, Ұйқының энурезі, Қайталанатын оқшауланған паралич, катетрения кездеседі
Тыныс алудың бұзылуымен байланысты ұйқының бұзылуы(ұйқы кезіндегі апное синдромы) ұйқының жалпы 60% мұрынмен тыныс алуды кем дегенде 10 секундқа тоқтату эпизодтарымен бірге жүреді
2. Поражение отдельных периферических нервов: локтевой нерв. Причины поражения, клиника, диагностика, лечение.
(Жеке перифериялық нервтерінің зақымдануы: шынтақ нерв. Зақымдану себептері, клиникалық көріністері, диагностикасы, емі.)
Шынтақ нервінің компрессиялы-ишемиялық невропатиясы (кубитальды туннельдік синдром)Кешеуілдеген ульнарлық-кубиталдық жарақаттық салдану — нервтің шынтақ өсіндісі (оіесгаnоn) мен тоқпан жіліктің ішкі айдаршығы арасын керіп тұратьш жуанданған (буылтықтанған) үш бұрышты жалғама астындағы шынтақ өзегінде қысылуы. Велосипед тебетіңдерде, машинисткаларда және телефонисткаларда шынтақ буынын жиі бүгіп-жазудан пайда болады. Оның дамуында шынтақ жарақаттары мен тоқпан жіліктің ішкі айдаршығының сынуы маңызды роль атқарады. Сынғаннан кейін көп уақыт өткенде тоқпан жіліктің төменгі белігі деформациялануына байланысты нерв кешеуілдеп зақымданады. Айыршық үсті шынтақ өзегінде (науасында) шынтақ нервінің тітіркенуі мен қысылуы білек пен қол ұшы ішкі жағында және IV, V саусақтарда ауырсыну мен парестезиялар арқылы білінеді. Олар шынтақ буынын бүгіп, созғанда өрши түсіп, суық ауаға шыққанда күшейеді. Сүйекаралық және құрт тәрізді бұлшық еттер, гипотенар және бас бармақты қозғайтын бұлшық ет семіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |